Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 10 желтоқсан N 992

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" 2002 жылғы 19 қыркүйектегi N 947 Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемін: 
      1. "Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық" мемлекеттiк мекемесi құрылсын. 
      2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы ереже бекiтiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық      14".

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 992 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН       

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы 
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

  1. Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 
    2. Ұлттық орталық өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегi N 947 Жарлығына, осы Ережеге, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады. 
          3. Ұлттық орталық туралы ереженi Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 
          4. Ұлттық орталық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен бланкiлерi, сондай-ақ бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде тиiстi шоттары болады. 
          5. Ұлттық орталық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
          6. Ұлттық орталықтың қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
          7. Ұлттық орталықтың заңды мекен-жайы: 
          473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 2.

2. Ұлттық орталықтың негiзгi мiндеттерi мен функциялары

  1. Ұлттық орталықтың негiзгi мiндеттерi: 
          1) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлге адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуынa бақылау жасауды жүзеге асыруда барынша жәрдемдесу; 
          2) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру жөнiндегi қызметiн қамтамасыз ету; 
    3) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлге адам құқықтары мен бостандықтары, оларды қорғаудың нысандары мен әдiстерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру заңдарды халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына сәйкес келтiру, адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеуде жәрдемдесу; 
          4) адам құқықтары мен бостандықтары саласында халықты құқықтық ағартушылыққа жәрдемдесу болып табылады. 
          9. Ұлттық орталық өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
          1) азаматтарды қабылдауды және Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және халықаралық шарттарымен кепілдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзатын лауазымды адамдардың және ұйымдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдарын қарауын қамтамасыз етедi; 
          2) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн шаралар қабылдауы бойынша қызметiн қамтамасыз етедi; 
          3) Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мониторингiн жүзеге асырады; 
          4) адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы ақпаратты қорытындылайды, жүйелейдi және талдайды, олардың себептерi мен шарттарын жою жөнiндегi шаралар туралы Адам құқықтары жөнiндегi уәкілге ұсыныстар енгiзедi; 
          5) Уәкiлдiң пiкiрi бойынша қоғамдық маңызы ауқымды деген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне немесе Yкiметiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл жолдауларының жобаларын дайындайды; 
          6) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл жүргiзген тексерулер нәтижелерi бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшiн оның ресми хабарламалары жобаларын дайындайды; 
          7) iс-әрекеттерi адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соқтырған адамдарды заңмен белгiленген жауапкершiлiкке тарту туралы, сондай-ақ материалдық және моральдық зиянды өтеу жөнiнде шаралар қабылдау туралы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң тиiстi мемлекеттiк органдарға енгiзетiн ұсынымдарының жобаларын дайындайды; 
          8) Адам құқықтары мен бостандықтары, оларды қорғаудың нысандары мен әдiстерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетілдiру, оларды халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес келтiру, адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерi бойынша Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қорытындыларының жобаларын дайындайды; 
          9) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдi Қазақстан Республикасының заңдары, адам құқықтары саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етедi; 
          10) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң тапсырмасы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтары саласында халықты құқықтық ағартушылық мәселелерiмен шұғылданады, бiлiм беру бағдарламаларының, ұлттық заң актiлерiнiң жобаларын әзiрлеуге қатысады; 
          11) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң қызметі туралы ақпаратты жинауды, талдауды және таратуды жүзеге асырады; 
          12) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өз қызметi туралы Қазақстан Республикасының Президентiне берiлетiн жыл сайынғы есебiн уақытылы дайындауды қамтамасыз етедi; 
          13) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық және шетелдiк құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасайды; 
          14) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл жанындағы сарапшылар кеңесi қызметiн ұйымдастыру-әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады; 
          15) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң мұрағатын қалыптастырады және мұрағаты мен iс қағаздарын жүргiзедi; 
          16) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң тапсырмасы бойынша және оның құзыретi шегiнде өзге де функцияларды жүзеге асырады;

 

3. Ұлттық орталықтың мүлкi

  1. Ұлттық орталықтың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. 
    11. Ұлттық орталықтың мүлкi мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құралады. 
          12. Ұлттық орталыққа бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 
          13. Таратылған жағдайда Ұлттық орталықтың мүлкi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен пайдаланылады.

4. Ұлттық орталықтың қызметiн ұйымдастыру

  1. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл Ұлттық орталықтың құрылымын бекiтедi. 
    15. Ұлттық орталыққа басшылық жасауды Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы жүзеге асырады. 
          Ұлттық орталықтың басшысы өз жұмысы туралы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлге тұрақты есеп берiп отырады. 
          16. Ұлттық орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес: 
          1) Ұлттық орталықтың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады; 
          2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен қатынастарда Ұлттық орталықтың атынан өкiлдiк етедi; 
          3) Ұлттық орталықтың жұмыс жоспарын әзiрлейдi, оның орындалуын iске асыруды және бақылауды ұйымдастырады; 
          4) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң келiсiмi бойынша Ұлттық орталық қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 
          5) Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң келiсiмi бойынша Ұлттық орталықтың қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 
          6) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды; 
          7) өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады. 
          17. Ұлттық орталықтың штат кестесi мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмдерiне сәйкес жасалады. 
          Штат кестесiн белгiленген тәртiппен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң келiсiмi бойынша Ұлттық орталықтың басшысы бекiтедi. 
          18. Ұлттық орталықты қаржыландыру жоспарын Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң келiсiмi бойынша Ұлттық орталықтың басшысы бекiтедi. 
          19. Ұлттық орталықтың қызметiне материалдық-техникалық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы жүзеге асырады. 
          20. Ұлттық орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
FaLang translation system by Faboba