Бүгін Астанада Омбудсменнің 2017 жылғы қызметі туралы Есептің тұсаукесері өтті

Бүгін Астанада Омбудсменнің 2017 жылғы қызметі туралы Есептің тұсаукесері өтті

Бүгін Астанада Омбудсменнің 2017 жылғы қызметі туралы Есептің тұсаукесері өтті.

2018 ж. 22 мамыр Астана қ.

 

Бүгін Астанада Омбудсменнің 2017 жылғы қызметі туралы Есептің тұсаукесері өтті.

БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының және Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар Офисінің қолдауымен Омбудсмен мекемесімен ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның және басқа мемлекеттік органдарының, сондай-ақ дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың, академия және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров азаматтардың шағымдары мен өтініштерін, мониторинг нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылдарды талдау негізінде Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалына шолу жасады.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекеменің өткен жылғы атқарған жұмысының нәтижелері осы үдерістегі оның медиаторлық рөлінің жоғарыда аталған өзара деңгейінің артуын, сондай-ақ азаматтар тарапынан сенімін көрсетеді.

Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Конституциясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесінің бекітілуі ерекше аталып өтті, ол елдегі құқықтық жүйеде ұлттық құқық қорғау институттарының рөлін едәуір нығайтуға және оның мандатын іске асыру мүмкіндігін кеңейте түсті.

Өткен кезеңде Омбудсмен мекемесімен жеке және заңды тұлғалардан 1474 жеке және ұжымдық шағымар қаралды.

Өткен жылмен салыстырғанда құқық қорғау және пенитенциарлық мекемелердің әрекеттері (38,2%), сот шешімдерімен келіспеушілік (23,6%) және тұрғын үй және еңбек құқықтарының бұзылуымен (10,6%) байланысты азаматтардың өтініштерінің айтарлықтай өсуі байқалды.

Жалпы алғанда, 20,7% жағдайда Омбудсмен мекемесі азаматтардың құқықтарын қалпына келтіре алды, олардың бұзылуы өтініштерді қарастыру барысында расталған.

2017 жылы Омбудсменнің үйлестіруші рөлімен Ұлттық алдын алу тетігі шеңберінде, Қазақстан бойынша 500-ден астам мекемеге мониторинг жүргізу жүзеге асырылды.

Мандатпен басқарылатын мекемелердің әкімшілігінде әрбір болу қорытындылары бойынша құзыретті мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар ұсынылды.

Омбудсменнің 2017 жылы жүргізген мониторинг қызметі әсіресе әлеуметтік мекемелерге: балалар үйлеріне, психоневрологиялық диспансерлерге, мейірбикелерге, дағдарыс орталықтарына баруға бағытталған.

Омбудсменнің құқық қорғау қызметінің маңызды құралы құқық қорғау мәселелері бойынша кең қоғамдық резонансқа ие болған, соның ішінде балаларды патронаттыққа және қорғаншылыққа алуды дамыту процесінде балалар мекемелерінің деинституционализациялауға, мүгедектер мен қарттартың құықтарын қамтамасыз етуге, балалардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға, мектеп түлектерінің арасында мемлекеттік білім беру гранттарын дұрыс бөлінбеуіне, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуді енгізу тәртібіне байланысты оның қоғамдық үндеулері болды.

Тұсаукесер барысында құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша мүдделі пікір алмасылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып, қазақстандық халықаралық құқықтық міндеттемелерді жүзеге асыруға ықпалын ескере отырып 2017 жылғы ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметін жоғары бағалады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2017 жылғы қызметі туралы есептің толық нұсқасымен мекеменің ресми сайтында танысуға болады: www.ombudsman.kz немесе http://ombudsman.kz/ru/ezhegodnye-otchety-upch-v-rk



Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі

уәкіл аппаратының баспасөз-қызметі

 

FaLang translation system by Faboba