Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ҚР Парламенті Сенатына азаматтық және құжаттау құқығын іске асырудағы проблемалық аспектілері баяндалған үндеу жолдады

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ҚР Парламенті Сенатына азаматтық және құжаттау құқығын іске асырудағы проблемалық аспектілері баяндалған үндеу жолдады.

Азаматтардың шағымдарын талдау және аталмыш саладағы мониторинг қызметінің нәтижелері заңнаманы жетілдіруді талап ететін бірқатар мәселелердің бар екендігін анықтады.

Ең алдымен Омбудсмен Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер арасында некеде туған кәмелетке толмағандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мен жоғалуы тақырыбын қозғады. Ата-аналар әртүрлі мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жағдайларда, тиісінше, әртүрлі елдің заңнамаларымен, олардың кәмелетке толмаған балаларының құқықтарына қысым жасауға әкеп соғатын құқықтық коллизиялар жиі туындайды. Бұл туралы әкесі-қазақстандықтан және анасы – Украина азаматшасының Қазақстанда туған және оның азаматы деп танылған бала кейіннен оның анасы Украинаға алып кетіп және осы елдің азаматтығына қабылдануына байланысты өз азаматтығынан айырылған нақты жағдай куәландырады. Осы жағдай бойынша бұрын Омбудсмен өзінің үндеуін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған болатын (www. ombudsman.kz сайтында танысуға болады).

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған бала сот шешімі бойынша әкесіне қайтарылды және Қазақстанда тұрып жатыр. Алайда, оларға жоғалған азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қайта алу заңнамада көзделмеген. Бұл үшін ата-анасы азаматтығынан айырылғаннан кейін 5 жылдан соң жүгіну қажет, міндетті түрде шетелдік ата-ананың келісімін ұсынуы тиіс.

Ұлттық құқық қорғау мекемесінің пікірінше, мұндай құқықтық шектеу баланың базалық құқықтарына нұқсан келтіреді және шетелдік асырап алған қазақстандық балалармен салыстырғанда да оның жағдайын белгілі мағынада нашарлатады.

Бұл тұрғыда шетелдіктер асырап алған қазақстандық бала асырап алушылардың азаматтығын ала отырып, бір мезгілде өзінің кәмелетке толғанға дейін Қазақстан азаматы мәртебесін сақтайтынын атап өткен жөн.

Осыған байланысты Омбудсмен жоғарыда көрсетілген ұқсастықтар бойынша ата-анасының бірі шетелдік болып табылатын, Қазақстанда туған баланы ол кәмелетке толғанға дейін қазақстандық азаматтықты одан әрі өз бетінше таңдау құқығымен сақталатын заңнамалық норманы енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамдардың азаматтық алу, одан айыру және оны жоғалту заңдылығы мәселелерін тек сот тәртібімен қарауды заңды түрде анықтау ұсынылды.

Омбудсмен Парламент депутаттарының назарын Қазақстан аумағында азаматтығы белгісіз адамдардың туған балаларын құжаттандыру мәселесіне аударды. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес баланың туу фактісін куәландыру үшін туу туралы медициналық куәлік толтырылып, онда анасы туралы мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес көрсету қажет. Алайда, аталмыш құжаты жоқ тұлға жоғарыда айтылған куәлікті алу мүмкіндігі болмайды. Нәтижесінде, құжатталмаған адамның баласы осыдан туындайтын барлық теріс салдарлармен азаматтықсыздық тәуекеліне ұшырайды. Статистика 2016-2018 жылдары Қазақстанда белгісіз құқықтық мәртебесі бар 5000-ға жуық адам, оның ішінде туылғаны тіркелмеген 272 бала анықталғанын көрсетеді.

Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында Омбудсмен халықаралық атап айтқанда, ресейлік тәжірибені қарауды ұсынды, атап айтқанда баланың туу туралы медициналық куәлігі, анасының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда, «анасының сөзінен» деген белгімен толтырады.

Мұндай тәжірибе «топырақ қағидаты» бойынша, басқаша айтқанда, Қазақстан Республикасының аумағында баланың туу фактісін ескере отырып, азаматтық беруді жоққа шығармайды және Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес бала туған кезде атына және азаматтығына құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сондай-ақ ҚР азаматтығынан шығу және оны жоғалту мәселелерін де қозғады.

ҚР Заңнамасында егер ҚР азаматтығынан шығу туралы өтініш берушінің мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелері немесе оның мүліктік міндеттемелері болса, не осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетін болса ҚР азаматтығынан шыуға жол берілмейтіндігі көзделген.

Алайда азаматтығын жоғалту, басқа мемлекеттің азаматтығын анықтауға байланысты немесе басқа негіздерде жоғарыда аталған шарттарды заңды түрде білдірмейді. Аталмыш рәсім жоғарыда аталған міндеттемелерді орындамай азаматтықтан шығудың заңды тәртібін бұзғаны үшін қолайлы негіз жасайды. Осыған байланысты, ұлттық құқық қорғау мекемесі кез келген жағдайда азаматтығынан айырылуды тіркеуге дейін азаматтың тиісті міндеттерінің болуын / болмауын тексеру тәртібін заңды түрде бекітуді ұсынды.

Қаралып отырған мәселелер әлемде қарқынды өсіп келе жатқан көші-қон процестері жағдайында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырумен тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Омбудсмен өз үндеуінде азаматтық саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның халықаралық құқықтың қазіргі заманғы үрдістеріне сәйкестігі және Қазақстан халқының өсуіне бағдарлануы қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының

баспасөз қызметі

FaLang translation system by Faboba