Адам құқықтары жөніндегі уәкіл халықаралық сарапшылармен көші-қон үдерісінде балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің әлеуетін талқылады

Астанада «Орталық Азиядағы көші-қон үдерісінде балаларды қорғау» еларалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Маастрихтік Басқарудың Жоғарғы мектебінің өкілдері М. Ваноре мен Э. Винармен кездесті.

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Еуропалық Одақ пен ҚР Омбудсмені бастаған аталмыш жоба балаларға қатысты көші-қон үдерісінің сын-қатерлеріне төтеп беру үшін ұлттық әлеуетті талдау және оларды жеңіп шығу үшін шараларды қабылдауды көздейді.

Омбудсмен халықаралық сарапшыларды балалар құқықтарын қорғау мәселелерін қамтитын Орталық Азия елдерінің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өзара әрекеттестігі туралы ақпараттандырды.

Кездесу қатысушылары сондай-ақ Қазақстандағы Ұлттық алдын алу тетігінің қызметімен танысты. Мигрантардың, соның ішінде олардың балаларының құқықтарын қамтамасыз ету оның маңызды бағыты болып табылады.

Тараптар әрі қарай өзара тиімді ынтымақтасты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының

баспасөз қызметі

FaLang translation system by Faboba