Көші-қон барысында балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру Астанада талқыланды

Көші-қон барысында балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру  Астанада талқыланды

Астана, 16 қазан 2018 жыл – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың, БҰҰ Босқындар Ісі Жөніндегі Жоғарғы Коммисары Басқармасының, Халықаралық көші-қон ұйымының, академиялық және бейүкіметтік ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, көші-қон барысында балалардың құқықтарын қорғау жұмысы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Астана, 16 қазан 2018 жыл – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың, БҰҰ Босқындар Ісі Жөніндегі Жоғарғы Коммисары Басқармасының, Халықаралық көші-қон ұйымының, академиялық және бейүкіметтік ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, көші-қон барысында балалардың құқықтарын қорғау жұмысы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Көші-қон барысында балалар түрлі қауіп-қатерлерге шалдығуы мүмкін. Ал шындығында, олар – жай ғана балалар және көшіп-қону – әрдайым олардың таңдауы емес. Көбінесе көші-қон әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелді. Бүгін біз көшіп-қонуға мәжбүр балалардың құқықтары жүзеге асырылуы үшін барлық үкіметтік және бейүкіметтік ұйымдар арасындағы үйлестіруді жетілдіру мүмкіндіктерін талқыладық», - деді кездесу барысында Юрий Оксамитный, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі.

Кездесу барысында қатысушылар көші-қон мәселелеріне тап болатын балалардың білім алуға, психоәлеуметтік қолдауға және денсаулық сақтауға қолжетімділігі мәселелерін ортаға салды.

 «Қазақстан көптеген ересектер мен балалар үшін транзит ел немесе межелі жер болып табылады. Еуропалық Одақ Оңтүстік-шығыс, Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде көші-қон барысында балаларға қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 10.5 млн. еуро бөлді. Біз осы үлес мәжбүрлі түрде көшірілген, отбасын асырау үшін жақсырақ экономикалық мүмкіндіктер іздеумен басқа елдерге қоныс аударған ата-аналары немесе қамқоршылары тастап кеткен балаларға қолдау алуға және қорғалуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті Золтан Салаи, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің басшысы.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар құжаттары және азаматтығы жоқ балалардың мәселелерін шешуге көңіл бөлді. Мұндай балалар аса ұрымтал жағдайда қалады, себебі, олардың басындағы жағдай білім алуға, денсаулық сақтауға, әлеуметтенуге қолжетімділігін шектейді

«Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің омбудсмендері арасында тиімді ынтымақтастық орнады, бұл тәжірибе алмасуға және адам құқықтарына қатысты ең маңызды мәселелер бойынша өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Осы ынтымақтастықтың «жол картасы» шеңберінде Қазақстанның ұлттық құқық қорғау мекемесінің «Оңтүстік-шығыс, Оңтүстік және Орталық Азияда балаларды көші-қон барысында қорғау» бағдарламасын жүзеге асыруға БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Қазақстандағы Еуропалық Одақпен бірлесіп қатысуы күтіліп отыр», - деп атап өтті Асқар Шәкіров, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл. «Былтырғы жылы Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің жаһандық альянсының Женевада өтетін жыл сайынғы кездесуі барысында қазақстандық Омбудсмен мекемесі мигрант балалардың құқықтарын қорғау тақырыбындағы алғашқы өңірлік кездесуді Орталық Азияда өткізу туралы ұсыныс берді. Аталмыш шараны келесі жылы Алматы қаласында өткізу жоспарланған, шара аясында көші-қон барысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен бағдарламаны Қазақстанда жүзеге асырудың бірінші жылының нәтижелері талқылануы тиіс», - деп қосты ол.

Кездесу барысында ұлттық заңнамалық базаны жетілдіру, қолданыстағы қорғау процедураларын нығайту, әлеуметтік қызметкерлерді, құқық қорғау, көші-қон, қамқоршылық пен қорғаншылық органдарының қызметкерлерін оқыту сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жалпы, бұл практик мамандарға көші-қон барысында ұрымтал балаларды уақытылы анықтауға, олардың тиісті мекемелерге жіберуге және көмек көрсетуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Ақан Рахметуллиннің Қазақстандағы сыртқы істер министрлігінің өкілінің мәлімдемесі бойынша, Қазақстан 10-11 желтоқсанда Марракеш, Мароккода қол қойылуы жоспарланған қауіпсіз, тәртіптелген және реттелетін миграция туралы жаһандық келісімге – БҰҰ-ның әлемдегі алғашқы миграциялық келісімге қатысты жалпыға ортақ келісімге қосылуға дайын

Ескертпе:
Көші-қон барысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі көп елдік бағдарламаны ЮНИСЕФ Еуропалық Одақтың қолдауымен бірқатар елдермен ынтымақтастықта жүзеге асырады, атап айтқанда, Бангладеш, Малайзия, Мьянма, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Таиланд. Басты мақсат – көші-қон барысында балалардың құқықтарын тиімді қорғауды және қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. Жүзеге асыру кезеңі: 2017-2021 жж.

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ:

ЮНИСЕФ аса ауыр жағдайда қалған балаларды қамту үшін өте қиын жағдайда бірқатар елдер мен аумақтарда жұмыс жасайды. Біз әлемнің 190 елдінде және аумағында бүкіл әлемдегі әр баланың игілігі үшін, әлемді баршаға жақсырақ ете түсу үшін жұмыс жасаймыз.

Байланыс мәліметтері:

Олександра Гаскевич, UNICEF Қоғаммен байланыс маманы, тел.: +7 7172 39 17 97 қос. 112

FaLang translation system by Faboba