Туу кезінде ешкім ұмытылмауы тиіс

Туу кезінде ешкім ұмытылмауы тиіс

2019 жылғы 6 қыркүйек
Нұр-Сұлтан қ.

2019 жылғы 5-6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесімен БҰҰ Босқындар бойынша Жоғарғы Комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ), БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Азия мен Тынық мұхит үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) бірлескен «Туу кезінде ешкім ұмытылмауы тиіс» тақырыбында жеке бас құқығы және азаматтықтың жоқтығын алдын алу мәселелері бойынша Екінші аумақтық конференциясы өткен болатын.

Аталмыш тақырып алғаш рет 2018 жылғы 7-8 маусымда Алматы қаласында Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің талқылауына шығарылған болатын.

Қазақстан мен Түркіменстанның омбудсмендерін, сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан омбудсмен өкілдерін, аталмыш елдердің үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарын, үкіметтік делегацияларын қоса алғанда конференцияға Орталық Азия елдерінен 80-нен астам делегаттар қатысты.

Қатысушылар ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ балалардың тууын және азаматтық құқығын тіркеу мәселелері бойынша заңнама мен тәжірибедегі проблемаларды жою бойынша қабылданған және жоспарланған шараларды талқылады.

Өкінішке орай, бұндай фактілер, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің көші-қон қызметінің қызметкерлерімен атап өткендей, орын алып жатыр. Мысалы, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің өкілі Г. Сүлейменовтың ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне азаматтығы жоқ 8 042 адам тұрақты тұрады, оның 467-і бала. БҰҰ БЖКБ ақпараты бойынша 2016-2018 жылдары Қазақстанда белгісіз азаматтығы бар 5 000-ға жуық адам анықталды, олардың ішінде 300-ге жуық бала туу кезінде тіркелмеген. Қырғызстанда БҰҰ БЖКБ 2014-2018 жылдар аралығында азаматтығы жоқ 2150 баланы анықтады, Тәжікстанда осындай 13 500-ге жуық балалар анықталды.

Э.А. Әзімова әлеуметтік және экономикалық қызметтерге толық қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдардың балалардың азаматтығы жоқ мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің басты міндетіне отбасы, ана, әке және баланың қорғауын қояды (27-б. 1-т.).

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында тууды тіркеу және азаматтығын алу мәселелері талқыланып, Үкіметке және уәкілетті мемлекеттік органдарға осы мәселені шешу үшін бірқатар ұсыныстар айтылды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен ананың жеке басты куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда баланың тууды тіркеу мүмкіндігін қарастыратын заңнамалық түзетулер әзірленді. Әділет министрі М. Бекетаев конференцияға қатысушыларды аталмыш ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдардың (ішкі істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және басқалар) қарауына жіберілгені туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның мемлекеттік органдарының делегациялары өз елдерінде қабылданған заңнамалық және тәжірибелік шаралар туралы мәлімдеді.

БҰҰ БЖКБ Аймақтық өкілі Ясуко Ода белгілегендей, Қазақстан және Орталық Азияның басқа елдерінің тәжірибесі БҰҰ БЖКБ Атқару комитетінің жетпісінші жыл сайынғы пленарлық сессиясында 2019 жылғы 7-11 қазанда Швейцарияның Женева қ., ұсынылады (https://www.unhcr.org/2019-executive-committee-session.html).

Конференцияның барлық қатысушылары тууды тіркеу баланы қорғаудың конституциялық кепілін жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылатындығы және туу кезінен бастап баланың азаматтықты алуға құқығы туралы БҰҰ шеңберінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес келетіндігі жайлы пікірге қосылды.

ҚР-ғы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіф

FaLang translation system by Faboba