Президенттің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының депутаттары жаңа Омбудсменді сайлады

Президенттің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының депутаттары жаңа Омбудсменді сайлады
2019 жылғы 3 қыркүйек
Нұр-Сұлтан қ.

          2019 жылғы 2 қыркүйекте Парламент Сенатының пленарлық отырысында мемлекет басшысының ұсынысы негізінде депутаттар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің вице-министрі Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы кандидатурасын бірауыздан қолдады.

          Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы 1973 жылы 15 ақпанда Жамбыл қаласында дүниеге келген.

          1996 жылы халықаралық заңгер мамандығы бойынша Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

          Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастады.

          1996 жылдан 1999 жылға дейін Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші, бас кеңесшісі болып істеді.

          1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқармалары бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.

          2005 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

          2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры қызметін жүзеге асырды.

          2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары болды.

          Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • «Құрмет» ордені (2013);
  • Медальдар: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012), «За вклад в создание Евразийского экономического союза» I дәрежесі (08.05.2015), «За вклад в развитие Евразийского экономического союза» (29.05.2019);
  • Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2007).
FaLang translation system by Faboba