Қазақстан мен Испанияның омбудсмендері құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаласты

Қазақстан мен Испанияның омбудсмендері құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаласты

Испания Корольдігіндегі Халық қорғаушысының (Омбудсмен) шақыруы бойынша «Сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруды қолдау» атты Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақтың бірлескен бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров тәжірибе алмасу және оның ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметімен танысу мақсатымен Испанияға жұмыс сапарымен барды.

Екі елдің құқыққорғаушылары адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелер, екіжақты форматтағы ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы туралы пікір алмасты.

Сапар барысында Испания Парламенті Сенатының бірінші вице-спикері Педро Санспен кездесу өткізілді, ол Ұлт көшбасшысы - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістер, оның ішінде конституциялық реформа және қоғамды рухани жаңғырту іс-шараларытуралы хабардар болды.

Испан парламент мүшесі екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалай отырып, адам құқықтарының ұлттық тетіктерін нығайтудың және аталмыш саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Сапар бағдарламасының тармағының бірі ол Испанияда азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің қызметімен танысу болды, оның тәжірибесі халықаралық деңгейде танылған. Бұл тетікті іс жүзінде жүзеге асыру Мадрид қаласында полициялық комиссариаттарға мониторинг жүргізу кезінде ұсынылды.

Екі күндік жұмыс нәтижесінде құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

аппаратының баспасөз-қызметі

FaLang translation system by Faboba