ҚР Омбудсмені Ислам ынтымақтастық ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Тұрақты комиссиясының сесссиясына қатысты

ҚР Омбудсмені Ислам ынтымақтастық ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Тұрақты комиссиясының сесссиясына қатысты

TҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясының 13-сессиясына қатысты.

 

19.04.2018 

2018 жылғы 19 сәуір, Жидда қ., Сауд Арабиясы

 

TҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясының 13-сессиясына қатысты.

Отырыстың күн тәртібі мұсылман әлеміндегі әйелдер мен балалардың құқықтарын дамыту, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер жағдайында ИЫҰ Исламдағы бала құқықтары туралы пактісін жетілдіру мәселелерін қамтиды.

Қатысушы мемлекеттердің баланың шығу тегіне және дініне қарамастан кемсітушіліктің барлық түрінен қорғау жөнінде шараларды қабылдау, сондай-ақ, жаһандық және өңіраралық қарулы жанжалдар мен қақтығыстар жағдайында балаларды қорғау нормаларын күшейту қажеттілігі туралы ортақ пікір айтылды.

Ашық талқылау барысында ҚР Омбудсмені әріптестеріне заңнамалық базаны және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестігі, сондай-ақ ұлттық заңнамаларда тиісті халықаралық нормалар мен стандарттарды енгізу мәнмәтінінде Қазақстандағы балалардың құқықтарын көтермелеу бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Бірқатар құқық қорғау бағыттарында, атап айтқанда, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерінде қазақстандық тәжірибені тарату үшін ұсынылғаны атап айтылды.

Осыған байланысты сессияда қаралған құжат жобасына бірқатар нақты ұсыныстар айтылды.

ИЫҰ Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясын құру туралы шешімі және оның Жарғысы 2011 жылғы 30 маусымда Астана қаласында ИЫҰ Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 38-сессиясы барысында қабылданды. Комиссия мұсылман елдерінің адам құқықтары саласындағы беделді тұлғалардан тұратын 18 мүшеден құралған.

 


ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз-қызметі

FaLang translation system by Faboba