Қазақстан Омбудсмені Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің жаһандық альянсының жыл сайынғы отырысына қатысты

2019 жылғы 4-7 наурыз аралығында Женева қаласында ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Жаһандық Альянсының жыл сайынғы отырысы өтті. Аталмыш форум омбудсмендердің барлық өңірлік қауымдастықтарын, атап айтқанда Африкалық, Еуропалық, Американдық, сондай-ақ 2014 жылы Қазақстан омбудсменінің мекемесі кірген Азия-Тынық мұхиттық қауымдастықтарын біріктіреді. Жаһандық Альянсының жыл сайынғы кездесуі аясында ұлттық құқық қорғау мекемелерінің рөліне негізгі акцентпен адам құқықтарын ілгерілету мен қорғаудың өзекті мәселелері талқыланады.

Бұл жолы кездесудің күн тәртібінде жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде көші-қонды реттеу; әйелдердің құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі пәрменді шаралар әзірлеу, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) имплементациялау саласындағы ұлттық құқық қорғау институттарының тәжірибелерін талқылау мәселелері қарастырылды.

Қазіргі уақытта бұл мәселелер басым бағыттардың бірі болып табылады және әлемнің барлық өңірлері үшін өзектілікке ие.

Отырыс барысында Омбудсмен Асқар Шәкіров оған қатысушыларды Қазақстанның көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, атап айтқанда «Оңтүстік-шығыс, Оңтүстік және Орталық Азиядағы көші-қон процестерінде балаларды қорғау» еларалық жобасы форматында дайын екендігі туралы хабарлады. Осы контексте аталған мәселені Орталық Азия елдерінің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің арасындағы өзара өңірлік платформасының күн тәртібіне енгізу туралы уағдаластық атап өтілді.

Омбудсмен сондай-ақ ТДМ жүзеге асырудағы Қазақстанның жетістіктерімен бөлісті. Ол тұрақты даму мақсаттарының 17 позициясының барлығы Қазақстанда оның Көшбасшысы-Президент Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша өткізілетінің, стратегиялық бағдарламалар шеңберінде қамтылып іске асырылатынын хабарлады.

Женева кездесуінің нәтижесі бойынша халықаралық құқық қорғау ынтымақтастығын ілгерілетуде және нығайтуда ұлттық құқық қорғау мекемелерінің тұрақты маңызды рөлі туралы жалпы пікір білдірілді.

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының

баспасөз қызметі

FaLang translation system by Faboba