«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық

 Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

    С-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

   Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

   Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

   С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

   Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

   Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

   - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

 

   Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154141

208294

C-4

138214

186556

 

   Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық, г. Нур-Султан, пр.Мангилик Ел, зд. 8, каб. 608 , пошта мекенжайы: г. Нур-Султан, пр.Мангилик Ел, зд. 8, каб. 608 , анықтама телефоны: 87172740409, факс: 87172740548, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

  1. Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық сараптамалық жұмыс басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

   Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысын жоспарлау, кіріс хат-хабарларды қадағалауды жүзеге асыру. Басқарма қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы республикалық заңнаманы талдау.Қазақстан Республикасы Президентіне Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өз қызметі туралы жыл сайынғы ұсынатын есептің жобасын, мамандандырылған есептерді, адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы бойынша баяндамаларды дайындау. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды, оларды қорғаудың түрлері мен әдістерін әзірлеу. Қазақстанның адам құқығы саласында ратификацияланған халықаралық келісімшарттар бойынша халықаралық ұйымдарға есептерді дайындау жөніндегі материалдарды жүйелеу. Адам құқықтары саласында Қазақстанның ратификациялаған халықаралық келісімшарттар бойынша халықаралық ұйымдарға ұсынатын елдің есептерін дайындау бойынша материалдарды жүйелеу. Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық құқық нормаларымен қағидаттарына сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен бостандықтары қозғалатын заң жобалары бойынша сарапшылық тұжырымдарды дайындау. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің халықаралық байланыс бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, дипломатиялық өкілдері мен консулдық ұйымдармен, басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесуі. Адам құқықтарын қорғау саласында ағылшын тілді әдебиетті оқу, шет елдердің адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттарымен, халықаралық ұйымдармен хат алмасу. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің халықаралық жобалары бойынша жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру. Өзге елдерде омбудсмен институтының жұмыс тәжірибесін зерттеу және жинақтау, бөлімнің тәжірибелік жұмысында оның қолданылуы туралы ұсыныстарды әзірлеу. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау. Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау аясында ахуалды мониторингілеу және оперативті талдау. Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу үшін түбегейлі әдіс-тәсілдердің жобаларын әзірлеу. Ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын бұзу мәселелері бойынша үндеулерінің, ресми хабарламаларының, ұсынымдарының, шағымдарының жобаларын дайындауды жүзеге асыру. Азаматтардың лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымданған өтініштерін қарау. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру.

   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызмет

 

  1. Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық сараптамалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

   Функционалдық міндеттері: Қазақстанның адам құқығы саласында ратификациялаған халықаралық келісімшарттары бойынша халықаралық ұйымдарға есептерді дайындау жөніндегі материалдарды жүйелеу. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды, оларды қорғаудың түрлері мен әдістерін әзірлеу. Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық құқық нормаларымен қағидаттарына сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен бостандықтары қозғалатын заң жобалары бойынша сарапшылық тұжырымдарды дайындау. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын бұзу мәселелері бойынша үндеулерінің, ресми хабарламаларының, ұсынымдарының, шағымдарының жобаларын дайындауды жүзеге асыру. Азаматтардың лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымданған өтініштерін қарау Адам құқықтарын қорғау саласында қызметтік, ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау. Сараптамалық бөлімнің өз құзыреті шегінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ресми сайтында материалдарды жариялау үшін дайындау. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау. Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласындағы ахуалды мониторингілеу және оперативті талдау. Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметінің басым бағыттарының бірі – пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша шаралардың бір кешенін жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру.

   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызмет

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

   Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz 

 

 

 

___________________________________

(мемлекеттік орган)

    

Өтініш

    Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

   Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

   Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________

______________________________________________________________________

 

 

__________   ____________________________________

(қолы)                                                              (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

FaLang translation system by Faboba