Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі Батыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын қосымша іріктеу туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (бұдан әрі - Уәкіл) 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімімен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларына сәйкес Уәкілдің интернет ресурсында Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру жарияланды, оған қатысу үшін 11 өтініш келіп түсті.

Құжаттарды қарау және ұлттық алдын алу тетігіне қатысу үшін өтініш берген кандидатураларды талқылау нәтижесінде дауыс беру қорытындылары бойынша Үйлестіру кеңесі шешім қабылдады:

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының құрамына келесі кандидаттар енгізілсін:

Батыс Қазақстан облысы бойынша: 

  1. Кочетков Павел Михайлович - АҚжЗСЖҚХБ филиал директоры – топ жетекшісі;
  2. Думчева Татьяна Михайловна - АҚжЗСЖҚХБ филиал заңгері;
  3. Искалиева Алтынай Галимовна – «Ақ Отау «Отбасы орталығы» ҚҰ төрағасы»;
  4. Самарцева Виктория Юрьевна - АҚжЗСЖҚХБ филиал заңгері;
  5. Умаров Талгат Алмазович - заңгер, уақытша жұмыс істемейді;
  6. Жылкыбаев Жасболат Ажмуратович - сот медициналық сарапшысы;
  7. Синенко Иван Сергеевич – «АРКТИК plus» ЖШС менеджері».
FaLang translation system by Faboba