Көші-қон процестеріндегі балалардыңқұқықтарын қорғау бойынша жаңа бағдарлама Қазақстанда іске асырыла бастады.

Көші-қон процестеріндегі балалардыңқұқықтарын қорғау бойынша жаңа бағдарлама Қазақстанда іске асырыла бастады.

Астана, 16 Шілде 2018 – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл көші-қон процестеріндегі балалардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа ортақ бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама 3 жыл бойы Қазақстан Республикасының Үкіметі, ұлттық және халықаралық серіктестер, БҰҰ БЖКБ және ХМҰ бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Астана, 16 Шілде 2018 – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл көші-қон процестеріндегі балалардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа ортақ бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама 3 жыл бойы Қазақстан Республикасының Үкіметі, ұлттық және халықаралық серіктестер, БҰҰ БЖКБ және ХМҰ бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Еуропалық Одақ Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азия елдерінің жеті мемлекетінде көші-қон процестеріндегі балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған ЮНИСЕФ жұмысын қолдау үшін 10.5 млн Еуро бөлді. Бөлінген қаржы өз отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін жақсы экономикалық мүмкіндіктерді іздестіру мақсатында ата-анасы басқа елдерге көшіп барған, күштеп әкелінген және қараусыз немесе қамқорсыз қалған көшіп келген балаларға көмектеседі.

«Көші-қон процестеріндегі балалар қоғамда көбінесе шетқақпай жағдайдыбастан өткереді. Олар өмірге қажетті негізгі қызмет түрлерін көрсетуден шет қалып жатады, зорлық-зомбылыққа, еңбекті қанауға және теріс пайдалануға ұшырайды. ЮНИСЕФ ішкі және сыртқы көші-қон үрдістеріне ұшыраған, үлкендерсіз қалған немесе жақындарынан айырылған, қызмет көрсетуге қол жеткізе алмайтын балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға қомақты үлес қосатын Еуропалық Одаққа өз алғысын білдіреді",- дейді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный.

Бұл орайда Қазақстан көптеген ересек адамдар мен балалар үшін транзиттік ел немесе межелі орын болып келетінін, бірақ мигранттардың нақты саны белгісіз екендігін атап өткен жөн. Еуропалық Одақтың қосатын үлесі Қазақстан Республикасы үшін көші-қон процесіндегі балалардың мәртебесі туралы қосымша ақпарат алуға ықпалдастық жасайды. Бұл бағдарламадағы қомақты үлес көші-қон бойынша қорғаныш сипатындағы рәсімдер мен кейс-менеджмент қағидаттары көмегімен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік қызметкерлерді, құқық қорғау және көші-қон органдарының қызметкерлерін оқыту бағдарламасын жетілдіру, ұлттық заңнамалық базаны нығайту арқылы балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтуға бағытталған.Бұндай амалдар практик мамандарға көші-қон процесінде әлеуметтік жағынан осал балалардың мұқтаждықтарын уақытында анықтауға, оларды дұрыс жолғабағыттауға және көмектесуге мүмкіндік береді.Бұл жұмыс балалар мен отбасылардың психоәлеуметтік қолдау көмегіне және тууды тіркеу, денсаулық сақтау мен білім алу қызметтеріне қол жеткізуді қамтиды.  

Аталмыш ортақ бағдарлама Орталық Азия үкіметтері мен тәуелсіз құқық қорғау ұйымдары арасында отбасы мүшелерінің орналасуын және олардың бір-бірімен қауышуын қадағалау, балалардың азаматтығының жоқтығы, көші-қон процестеріндегі балалардың мәртебесін бақылау туралы ақпарат алмасу жүйелерін құру және нығайту мәселелері бойынша диалог жүргізуге ықпал жасайды.

«Мигрант балалар олардың жасына, үйден шалғай болуына және көбінесе олардың ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан ажырауы салдарынан осал жағдайға душар болып келеді. Сондықтан да оларға тиісті түрде қорғау шаралары көрсетілуі тиіс", дейді Йоханнес Стенбек Мадсен, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы ынтымақтастық бөлімінің басшысы.

Бағдарлама көші-қон үрдісіндегі балалардың жабық мекемелерге түспеуі үшін оларға балама шараларды күшейтуді мақсат тұтады. Жаңа бағдарлама сондай-ақ проблеманың ауқымын және балалар мен олардың отбасыларының қажеттіліктерін жақсырақ түсіну үшін Қазақстан мен Орталық Азиядағы көші-қон процестеріндегі балалардың санын анықтауға және олар жайлы деректерді жинастыруға ықпал етеді.

Ескертпе:
Бағдарлама Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен және Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азия елдерінің жеті мемлекетінде жүзеге асырылады.

ЮНИСЕФ туралы:
ЮНИСЕФ құр алақан қалған балалардың қарекет амалдарын қамту үшін бірқатар елдерде және аумақтарда өте қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз әлемнің 190 елі мен аумағында барлық жерде әрбір баланың игілігі үшін жұмыс жасаймыз, жаһанды барша адамдар үшін жақсартуға тырысамыз.

FaLang translation system by Faboba