Уәкілге шағым жасау тәртібі
Уәкілге шағымдану

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Уәкілге шағымдар

Уәкілге шағым жасау тәртібі

Версия для печати Версия для печати

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл деген кім?

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (бұдан кейін - Уәкіл) адамдар мен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің қорғалуын бақылап, өз құзыретінің шеңберінде адамдар мен азаматтардың бұзылған құқықтары мен еркіндіктерін қалпына келтіру үшін іс-шара қабылдайды.

Уәкілді ҚР Президенті тағайындайды. Ол өз іс-әрекетін жүзеге асыруда тәуелсіз болып табылады. Сондықтан, оның қызметіне кімнің болсын қол сұғуына рұқсат етілмеген.

Уәкіл қалай қызмет атқарады?

Уәкіл келіп түскен арыз-шағымдарды қарастырады. Тек шындығында адамның құқықтары бұзылып отырған жағдайда ғана. Арыздарды қарастырып отырып, Омбудсмен ҚР заңнамасына сай адамның құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын басқа да мемлекеттік органдардың құзыретін шектемейді.

Сонымен қатар, Уәкіл:

Адамның құқықтары мен еркіндіктерін қорғау саласы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге оны халықаралық стандарттарымен сәйкестендіруге атсалысады;
адам құқықтары саласында құқықтық білім беру ісіне қатысады;
адамның құқықтары мен еркіндіктерін қорғау саласында басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Уәкілге кім шағым жасай алады?

Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ кез келген адам.

Қандай жағдайларда шағым жасауға болады?

Егер Сіздің немесе басқа адамдардың, Сіздің ойыңызша, құқықтары мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың тарапынан бұзылса, Сіз олардың әрекетіне, немесе керісінше, әрекет қылмауына және шешімдеріне шағым жасай аласыз.

Мемлекеттік органдар немесе ұйымдарға:
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, құқық қорғау органдары, бюджеттік ұйымдар, коммерциялық ұйымдар жатады.

Лауазымды тұлғалар:
Билік өкілдерінің функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттікпен жүзеге асыратын адам;
Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштерде, ҚР-ның басқа да әскери бөлімшелерінде ұйымдастыру-әкімшілік, щаруашылық функцияларын жүзеге асыратын адам.

Уәкіл кімнің әрекеттері мен үкімдеріне жасалған шағымды қарастырмайды?

Қазақстан Республикасының Президентінің;
Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның депутаттарының;
Қазақстан Республикасының Үкіметінің;
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің;
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының;
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының;
Қазақстан Республикасының соттарының;
Физикалық тұлғалардың.

Қандай әрекеттер мен үкімдерге шағым жасай аласыз?

Сіз келесі жағдайларда шағым жасай аласыз:

Сіздің заңды талаптарыңызды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда;
Қызмет міндеткерліктеріне кіретін әрекеттерді орындамаған жағдайды;
Шешім негізсіз қабылданған жағдайда;
Сіздің конституциялық құқықтарыңыздың бұзылуына әкелген лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасай аласыз.

Соныман қатар, Уәкіл келесі жағдайларда шағымдарды қарастырмайды:

Егер арызда шағым жасаушының толық аты-жөні, мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны, қолы болмаса;
Егер арызда шағым жасаушы жайындағы мәліметтерді растайтын құжаттар болмаса;
Егер шағым жасаушының құқықтары бұзылғаннан 1 жыл өткеннен кейін барып шағым жасалса;
Егер шағымда келтіріген мәселенің шешілуі мемлекеттің заңнамасымен анықталса (азаматтық-процесуалды, қылмыстық-процесуалды, әкімшілік, т.б.)
Егер белгілі бір іс алдын ала тергеуде немесе басқа құзырлы органның қарауында болса;
Егер осы шағым бойынша сот үкім шығарса;
Егер бұдан бұрын осы шағымды Уәкіл қарастырып, ал шағым жасаушы жаңадан ашылған мәліметтер мен дәлелдерді келтірмесе;
Егер шағым заңды тұлғалар арасында, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалар арасында шаруашылық мәселелері бойынша туған келіспеушіліктерді шешу жайында жазылса;
Егер шағымның негізі және себебі болмаса.

Уәкіл шағымдарды қалай қарастырады?

Шағымды қарастыру барысында Уәкіл оны жан-жақты зерттеп, белгілі бір мемлекеттік орган немесе ұйымнан қажетті мәліметті алу үшін ресми сұрау салады. Қажет болса, Уәкіл белгілі бір сала бойынша сарапшылар мен мамандардың көмегіне жүгіне алады.

Шағым жасаушының аты-жөні мен арызы ол шағым жасаған лауазымды тұлғаға жария етілмеуі мүмкін.

Шағымдарды қарастыру қандай нәтиже береді?

Шағымды қарастырғаннан кейін Уәкіл:

шағым жасаушының құқықтарын қалпына келтіру үшін лауазымды тұлғаға немесе ұйымға іс-шара қабылдасын деп кеңестер бере алады;
белгілі бір мемлекеттік органға шағым жасаушының құқықтарын бұзған тұлғаларды жауапқа тартқызу туралы, материалды және моралды шығынның орнын толтыру үшін шара қабылдау туралы ұсыныс жасайды;
шағым жасаушыны өзінің құқықтары мен еркіндіктерін қорғап, оларды қолдану үшін әдіс-тәсілдермен таныстырады;
шағым жасаушының арызын қарастыру қай органның құзырына жатса, соған осы істі тапсырады.

Басқа жағынан Уәкіл не істей алмайды:

мемлекеттік және сот органдарының шешімін қайта қарастыра алмайды, олардың күшін жоя алмайды;
заңнамада белгіленген тәртіп бойынша, өзінің өкілеттігі шеңберінде қызмет атқарып жатқан мемлекеттік органның қызметіне қол сұға алмайды;
шағым жасаушыға өтем ақы беру туралы шешім шығара алмайды;
шағым жасаушының мүддесін сотта қорғай алмайды;
заңдық көмек бере алмайды.

Шағым қалай жасалады?

Шағым Уәкілдің атына жазбаша түрде мемлекеттік немесе орыс тілінде, белгілі бір үлгіге сай толтырылады:

Шағымның ішінде келесі мәліметтер болуы тиіс:

Шағым жасаушы құқықтарының бұзылуына жол берді деп тапқан мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы, лауазымды тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты;
шағым жасаушының құқықтарының бұзылуына әкелген қандай әрекет;
шағым жасаушы бұл әрекеттің оның құқықтарын бұзды деп неліктен ойлайды;
бұл істі бұдан бұрын сот немесе басқа да құзырлы органдар қарастырды ма? Егер, иә болса, онда олардың қабылдаған үкімінің көшірмесі болуы тиіс.
Шағым жасаушы өзінің арызын Уәкілдің қолына тапсыра алады немесе пошта арқылы жібере алады.

Шағымды қайда жазу керек немесе Уәкілдің қабылдауында болу үшін қай жерге бару керек?

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкілді мына мекен-жайдан табуға болады:


010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
Телефон: +7172 74 01 69
Факс: +7172 74-05-48




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика