Жарияланымдар
Кепілдемелер, ұсыныстар және сөздер
Сарапшылық қорытындар
Адам құқықтары жөніндегі мониторингтің нәтижелері тұралы ақпарат

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Құжаттар мен баспада жарық көрген материалдар » Кепілдемелер, ұсыныстар және сөздер

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А. Шәкіровтің «Қазақ әдебиеті» газетінің жедел-сұхбатына жауаптары

Версия для печати Версия для печати

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі
А. Шәкіровтің «Қазақ әдебиеті» газетінің жедел-сұхбатына жауаптары

  1. Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясы, ондағы міндеттер және құқықтарымен қаншалықты таныс деп ойлайсыз?

Әлі жеткіліксіз. Сонымен қатар, менің атыма түсетін хаттар мен шағымдардың талдауы азаматтар біртіндеп бұдан бұрын болған құқықтық нигилизмнен арылып жатқындығын куәландырады. Азаматтар өздерінің үндеулерінде Конституцияның нормалары мен ережелеріне жиірек шағымданады, ал бұл олардың елдің Негізгі заңының нормалары туралы хабардар екенін куәландырады.
Олар соттарға жиірік үндеу салады, прокуратураның, үкіметтік емес ұйымдар органдарының құқық қорғаушы әлеуетін пайдаланады, яғни ҚР Конституциясында белгіленген өздерінің құқықтарын қорғау механизмдерін анағұрлым көп қолданатын болды.

  1. Халықтың құқықтық сауаттылығын қалай арттыруға болады?

 

Халық құқықтық білім алуға өздері талпыну қажет, сондай-ақ құқықтық сауаттылықтың артуында мемлекеттің орны зор, бұл мақсатта БАҚ-ты анағұрлым кеңірек пайдалану қажет, мектептерде, жоғары оқу орындарында құқықтық білімнің негіздерін оқу қажет, оларды біліктілікті арттыру бағдарламаларына енгізу қажет.
Біздің мекеме осындай жұмысқа белсенді ат салысады. Осылайша, ЕҚЫҰ, ЕҚЫҰ ДИАҚБ және Еуропалық комиссияның көмегімен біз Адам құқықтары жөніндегі уәкілге шағымдарды беру тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық буклеттер әзірледік. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің веб-сайты жұмыс істеуде, есептер мен ағартушылық сипаттағы арнайы баяндамалар, бюллетендер басылып шығарылады.

  1. ҚР азаматтары Қазақстан Конституциясындағы қандай құқықтарымен және міндеттермен көбірек таныс деген пікірдесіз? Неге?

Азаматтардың абыройының қол сұғылмаушылығына, соттың қорғауына, еңбек еркіндігіне, тұрғын үйге берілетін құқық.
ҚР Конституциясы мен заңнамаларын сақтау, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктерін, ар-намысы мен абыройын құрметтеуге деген міндет.
Дәл осы құқықтар мен міндеттерді білу азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің мәні болып табылады, себебі олар адамның өмірі мен күн сайынғы қызметінің ең көкейтесті жақтарын қозғайды.
Өз құқықтары туралы білетін азамат өз құқықтарын өзі қорғай алатынымен қоса, олардың бұзылуына кедергі жасай алады. Біздің еліміздің әрбір азаматы өз құқықтарының құндылығын сезіну қажет, мемлекет кепілдік беретін адам құқықтарының көлемі туралы ақпараттандырылған болу қажет.

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика