Жарияланымдар
Кепілдемелер, ұсыныстар және сөздер
Сарапшылық қорытындар
Адам құқықтары жөніндегі мониторингтің нәтижелері тұралы ақпарат

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Құжаттар мен баспада жарық көрген материалдар » Кепілдемелер, ұсыныстар және сөздер

ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық республика колонияларында құқыққа қарсы акциялар теріс бағыттағы адамдардың арандатуы ғана емес,

Версия для печати Версия для печати

ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
республика колонияларында құқыққа қарсы акциялар  теріс бағыттағы адамдардың арандатуы ғана емес, сондай-ақ ұстау жағдайларының қанағаттандырмауы және ҚАЖ қызметкерлері біліктілігінің жеткізілсіздігі  себеп болып табылады деп есептейді.

Биылғы жылдың соңғы үш айында бірқатар облыстарда отандық пентиенциарлық жүйені төтенше оқиғалар толқыны шарпуда.
Қалың жұртшылықты дүр сілкіндірген келеңсіз оқиғалар ауқымы мен қайғылы салдары бойынша тарихқа енді. Қазіргі кезде барлық фактілер бойынша құзыретті органдар тергеу жүргізуде және  әлі де «шырқаулардың» себебін анықтау керек.
Мұндай жағдайларда бас бостандығынан айыру орындарында адамдардың құқықтарын сақтауға байланысты мәселе өте өткір болып табылады. Мониторинг көрсеткендей, сотталғандарды ұрып-соғу және дәйекті сипат алған бас бостандығынан айыру орындарындағы дене мүшелеріне зақым келтіру актілері БАҚ-та талқылау мәніне айналды. Осы тізбектің келесі буыны ЕЦ-166/25 мекемесінде болған бүлік болып табылады.
Дене мұшелеріне зақым келтіру фактілері мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа сотталғандар мен олардың туған-туысқандарынан маусым мен шілде  айларында келіп түскен өтініштер біздің тарапымыздан тыс қалған жоқ. Біріншіден, Орталық қызметкерлері Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар мекемелерге барды. Жекелеген өңірлерде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен бірге жеке өзі атсалысты.
Жұмыс тобы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанынан 2008 жылы маусымда құрылғанын естеріңізге саламыз. Оның құрамына мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының өкілдері (Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, ҰҚК, ІІМ, Қорғаныс, әділет, білім, денсаулық сақтау министрліктері, Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы, «Фридом Хаус», PRI, «Адам құқықтары үшін хартиясы», Құқықтық саясатты зерттеу орталығы) енді. Олар Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманың ережелерін іске асыру шеңберінде жұмыс істейді.
Бұдан басқа, бізге ақпарат жоспарлы мониторингтер шеңберінде республиканың барлық облыстарында жұмыс істейтін қоғамдық байқау комиссияларының шеңберінен жиі келіп түседі, сондай-ақ адам құқықтарын бұзу туралы дабыл келіп түскен жағдайда мекемелерді дереу барып аралаймыз.
Мекемелерді аралау нәтижелерін талдау колония әкімшігінің тұжырымы бойынша құқыққа қарсы акцияларды теріс бағыттағы адамдар арандатқанын көрсетті. Жалпы ол сотталғандарды ұстау режимін әлсіретуге бағытталған. Осы ұстанымды алып тастауға болмайды, өйткені бұл бұрыннан қолданылып келе жатқан жалпыға белгілі тәжірибе.
Дегемен, біздің көзқарасымыз бойынша, төтенше оқиғалар толқынының себебін, ең алдымен, әлі жалпыға қабылданған халықаралық стандарттарға жетпеген сотталғандарды ұстау жағдайларынан іздеу қажет. Кейбір мекемелерде жағдай мүлдем қанағаттандырмайды. Мұны мойындауымыз керек.
ҚАЖ мекемелерін аралау барысында, мысалы ерекше проблема ретінде ескірген инфрақұрылым аталып өтті. Көптеген ғимараттар өткен жүзжылдықтың бірінші жартысында, ал кейбіреулері алдыңғы ғасырда салынған.  Олардың көбірі авариялық күйде тұр. Сотталғандарды жұмысқа тарту төмен және медициналық қамсыздандыру жеткіліксіз.
Наразылық актілерінің негізгі себептерінің бірі ретінде біз сотталғандар мен тергеу-қамаудағы адамдарды ұстау жағдайларының тиімсіздігінен көреміз. Коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, тамақтандыру сапасының төмендігі, зәру медицина мамандарының жоқтығы, сондай-ақ сотталғандардың жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеу проблемасы, жалпы наразылық тудырады.
Жоғарыда санамаланған жағдайлар талас-тартысқа,  режимдік объектілердің қызметін, соның ішінде криминалды элементтердің әсерімен  тұрақсыз ету үшін қолайлы ортаға себеп болуы мүмкін. Мұны соңғы кезде жиілеп кеткен дене мүшесіне қаым келтіру және басқа да наразылық актілері айғақтайды.
Жиілеп кеткен ауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту оқиғалары  да алаңдатады. Мұны сотталғандарға кейбір күш қолдану мен қысым көрсету фактілері де айғақтайды. Кейбір жағдайларда қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің төмен біліктілігі ооқыс оқиғалардың туындауына ықпал етеді.
Ұстау жағдайларын тиісінше қамтамасыз еткенде және адамның қарапайым құқықтарын сақтаған кезде мекемеде жоғары тәртіпті талап ету  және режимді нақты сақтауға қол жеткізуге болады. Әлемдік тәжірибеде қабылданғандай, сотталғандарды әлеуметтік оңалту мен бейімдеуге және оларды психологиялық тұрғыдан түзетуге зор көңіл бөлу қажет.

«Казинформ» меншікті тілшісінің Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ресми өкілі Р.Рахимовпен әңгімесінен

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика