Жыл сайынғы есептер
Арнайы баяндамалар
Тоқсандық есептер
Ақпараттық бюллетендер

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Құжаттар мен баспада жарық көрген материалдар » Жарияланымдар » Жыл сайынғы есептер » Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2005 жылғы қызметі туралы есеп

3.3 Мүгедектер құқықтарын қорғау және қолдау

Версия для печати Версия для печати


Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу сияқты қызметтің осындай басымдығымен жұмыстың маңызды бағыттары мүгедектер құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары туралы, олардың орындалуын бақылау және оны әзірлеуге қатысу туралы ақпараттарды тарату болып табылады.
2004 жылы әзірленген «Қазақстан Республикасындағы мүгедектер құқықтары мен мүмкіндіктері» арнаулы баяндамасында Уәкіл мүгедектерге қатысты мемлекеттің саясатын реттейтін халықаралық құралды құру қажеттігін атап өтті. БҰҰ мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен ар-намыстары туралы Конвенциясын әзірлеу ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. 2005 жыл бойы осы жұмысқа Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де қосылды. Уәкіл өз ұсыныстарын 2005 жылғы 16 сәуірде Ирландияның Дублин қаласында өткізілген Конвенцияның тетігін әзірлеу бойынша Адам құқықтары жөніндегі Еуропа ұлттық мекемесінің мәжілісіне жолдап, 2001 жылғы 19 қаңтарда № 56/168 БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген Мүгедектер туралы конвенцияның жобасын әзірлеу бойынша БҰҰ Қосымша Комитетінің қызметін қолдады.
Мүгедектік проблемасын зерттеу және мүгедектерді қорғау бойынша практикалық қызметі олардың құқықтарын қорғау үшін халықаралық жеке жүйені құру қажеттігін айқындады. Осыған байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекеттің саясатын анықтайтын халықаралық құжатты қабылдау – бұрыннан қажетті шара. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен ар-намысы туралы Конвенция мүгедектер құқықтары бойынша халықаралық стандарттар кешенін және оларды қамтамасыз етуді бақылау жүйесі болатындығын ескере отырып, адамның дене және психикалық ерекшеліктеріне бойынша кемсітушілікті жоюға мүмкіндік беретін тиімді механизм болып табылады деп күтілуде. Қазақстанның осы халықаралық құжатты әзірлеу процесіне қатысуы, алдағы уақытта шартқа да бірігуі демократиялық қоғам және адам құқықтары идеяларын ұстанатынын білдіреді.
Басымдық бойынша жұмысты жүзеге асыра отырып, Уәкіл халықаралық деңгейде мүгедектер құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен және көтермелеумен айналысатын ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта болады. Сонымен, Уәкіл Халықаралық оңалту орталығымен (АҚШ, Вашингтон) ынтымақтастықта болуға және «Мүгедектердің құқықтарының халықаралық мониторингі» жобасы шеңберінде Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге әзір екенін білдірді. Халықаралық оңалту орталығы халықаралық ұйым бола отырып, әлемнің барлық аймақтарында халықаралық құқық қорғау идеяларын алға тартуға өзінің бағалы үлесін қосады. Осы мақсатта ұйым мүгедектер құқықтары мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады, оның нәтижелері жыл сайынғы баяндамаларда көрініс береді (2004 жылы – Солтүстік және Латын Америкасы мемлекеттері мүгедектерінің құқықтары туралы, 2005 жылы – Азиядағы мүгедектердің құқықтары туралы баяндамасы). Орталық қызметінің Еуропада кеңейтілуімен байланысты Уәкілетті Қазақстанда осындай ұқсас мониторинг жүргізуде мекеменің зерттеу көмегін ұсынды.
2005 жылғы 18 ақпанда Уәкілдің офисінде Астана қаласы мүгедектері қоғамдық бірлестіктерімен кездесу болды. Әңгімелесу барысында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың төмен материалдық жағдайы, жұмысқа орналастыру проблемасы, мүгедектердің, әсіресе мүгедек балалардың құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Кездесу соңында ҮЕҰ өкілдері ұлттық құқық қорғау мекемесімен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қорғау және көтермелеу ісінде ынтымақтастықта болуға әзір екендерін білдірді.
2005 жылғы 8 қыркүйекте Уәкілдің офисінде «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы төрайымы Л.М. Қалтаевамен кездесу болды, кездесу барысында мүгедектердің құқықтары саласында жобаларға қатысу жолымен, мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің құқықтарын қорғау және көтермелеу және қауымдастықпен ынтымақтастық болашақтары мәселелері көтерілді. Кездесу соңында ҮЕҰ өкілі мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы БҰҰ Конвенциясының мазмұны бойынша бірлескен жұмысты жүргізу туралы ұсынысқа ынтагерлік білдірді.
2005 жылғы 14 қыркүйекте Уәкіл офисінде «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ төрағасы М.У. Әбдімомыновпен кездесу болды. Ол кездесу барысында «Дені сау ұлт – дені сау рух» бірлестігі жобасын ұсынды. Жоба шеңберінде Мүгедектердің білім алуы мен денсаулығы орталығын құру көзделіп отыр, ол мүгедек жастардың денсаулығын жақсартуға, мүгедектер арасында сауаттылықты көтеру және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуетін кәсіби оқыту жолымен дамытуға мүмкіндік беретін болады. Әңгіме барысында М.У. Әбдімомынов жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау мен түсіністіктің болмауынан үкіметтік емес бірлестіктерді дамыту проблемаларын да сөз етті.
«Мейірім» қоғамдық мүгедектер бірлестігімен ұйымдастырлған
2005 жылғы 20-21 мамыр аралығында Астана қаласында өткен Уәкіл мекеме қызметкерлері «Мүмкіндіктері шектеулі әйелдерге арналған ақпараттық-білім беру тренингі» семинарының жұмысына қатысты. Іс-шараның мақсаты мүгедек әйелдердің өздерін қорғау құқықтары мен тәсілдері туралы ақпараттықты көтеру, мүгедек әйелдердің резервтік мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу, ана және баланы қорғау қорғау мәселелерін талқылау, мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігі қызметін көтермелеу болып табылады. Семинарда Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысы мүгедектердің құқықтарын қорғау және көтермелеу жөніндегі ұлттық құқық қорғау мекемесінің мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.
Уәкіл мекемесі «Мүгедектердің халықаралық қоғамдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің 2005 жылғы 29-30 қыркүйекте Алматы қаласында өткен «Науқастарды үй жағдайында оңалту бойынша жұмыс тәжірибесі туралы және мүгедектердің еңбекпен қамтылуы туралы» республикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақыруын жылы қабылдады. Конференция мақсаты мүгедектердің құқықтарын өзекті ету, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды еңбек және медициналық оңалту бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу, осы бағытта жұмыстарын жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың практикалық ұсыныстарын әзірлеу болып табылады. Мүгедектер құқықтары мәселесі жөніндегі республикалық конференцияны өткізу қоғам өмірінде және әділ сотта мүгедектердің жан-жақты қатысуының халықаралық стандартын іске асыру жолымен мүгедектердің әлеуметтік және экономикалық интеграциясы үшін жағдайлар жасау қажеттігі көрсететін құқық қорғау органдарының ең алғашқы көлемді әрекеті болып табылады.
1993 жылғы 20 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 48/96 қарарымен қабылданған Мүгедектердің тең құқықтарын қамтамасыз етудің стандарттық ережелерінің 13-тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектердің өмір сүру жағдайы туралы ақпаратты жинау және таратуға басты жауаптылықты алады және мүгедектердің өмір сүруін қиындататын, кедергілерді қоса, барлық аспектілері бойынша кешенді зерттеулерді өткізуге жәрдемдеседі. Осыған байланысты мүгедектер құқықтарын сақтау мониторингін жүргізу тәжірибесі жалғасын тауып келеді. 2005 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Тараз қаласының № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне, Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйіне, Астана қаласы Білім департаментінің Оңалту орталығына барып қайтты.
Мүгедектердің басты проблемасы, бұрынғыдай, мүгедектерге арналған арбалармен қамтамасыз етілмеуі. Осы уақытта, қосымша құралдарды қажет ететін Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің стандарттық ережелеріне сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігі болуы қажет. Тараз қаласындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған тұлғалар үшін ескі модельді арбалар пайдаланылады, қазіргі заманғы мүгедек арбасы мен қозғалу құралының жетіспеушілігі байқалады. Уәкілдің мүгедектер үйіне бару кезінде айқындалған проблемаларды шешу қажеттілігі туралы бірнеше рет жасалған ұсыныстарына, арнаулы баяндамада көрсетілген проблемаларға қарамастан, көптеген мүгедектер мамандандырылған мекемелерде арбалардың болмауы себебінен, қолдан жасалған қозалыс құралдарын пайдаланады.
Тараз қаласындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде қазіргі уақытқа дейін тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған тұлғалар үшін қозғалудың ортопедиялық құралы ретінде шарикті тетікті жөңгелектерімен кең тақтайларды қолданады, бұл мүгедектердің құқықтары мен ар-намыстарын бұзады, экономикасы дамыған мемлекеттің қазіргі кездегі деңгейіне сай келмейді.
Материалдық қоршаған ортаны пайдалануға кедергі келтіретін бөгеттерді жою үшін мемлекеттің қандай да бір шаралар қабылдауын міндеттейтін Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің стандарттық ережелерінің 5-тармағының мамандандырылған талаптары есебінің оң үрдістері де бар. Алайда, осы жағдайда да шешілмеген проблемалар қалады. Сонымен, Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйі пандустармен және арнаулы қанаттармен жабдықталған, бірақ арнаулы лайықты етіп жасалған дәретхана орындары жоқ, бұл мүгедектердің ерекше қажеттіліктері әлеуметтік және әлеуметтік жоспарлаудың барлық кезеңінде назарға алыну қажет деп белгілейтін Мүгедектер құқықтары туралы декларацияның 8-бабының талаптарына сәйкес келмейді.
Мамандандырылған мекеме штатын кейбір мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз ету проблемасы сақталып отыр. Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінде терапевт-дәрігер және психолог сияқты мамандар жетіспеушілігі байқалады.
Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің стандарттық ережелерінің 7-тармағына сәйкес мүгедектер жұмыспен қамтылу саласында өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін алуы қажеттігіне сәйкес принципті мемлекет іске асыруға міндетті. Бірқатар барған мекемелерде мүгедектерді жұмыспен қамту проблемасы әлі де шешімін толық таппаған. Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің жанындағы мекемесінде оқу шеберханалары, мүгедектердің еңбек нарығында қажеттілігіне мүмкіндік беретін жас мүгедектер үшін кәсіптік оқыту курстары жүргізілмейді.
Барынша маңызды проблема – ол интернат үйіндегі адами ар-намысты дөрекі және кемсіту әрекеті проблемасы болып табылады. Тараз қаласындағы № 2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде осындай жағдайлар орын алған. Уәкілдің қолданған шаралары туралы «Қарттардың құқықтарын қорғау және көтермелеу» бөлімінде берілген. Орал қаласындағы интернат үйінде тұратындар арасында сауалнама жүргізу кезінде медбикенің қамқорлықтағы адамдарға дөрекі қарым-қатынасы жағдайы айқындалды.
2005 жылғы 4 қазанда Астана қаласы Білім департаменті Оңалту орталығында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Оңалту орталығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасындағы Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар өткізілді, осы іс-шара шеңберінде мемлекеттік органдар (омбудсмен, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және т.б.) және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының өкілдері (ЮНИСЕФ) және мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдары оқыту, қарым-қатынас жасау және тәртібінде қиындықтары бар балаларға кешенді психологиялық-медицина-педагогикалық көмек көрсетуге тағайындалған аталған арнаулы коррекциялық мекемесіне барып қайтты.
Осы акцияның мақсаты қоғамдағы балалар мүгедектігі проблемасын өзекті ету, мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарын көтермелеу, мүгедек балалар құқықтарын көтермелеу, мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-анасының мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету саласында қолданыстағы халықаралық стандарттар мен қазіргі күнгі келістер туралы мағлұмат алуын көтеру мәселелері болып табылды.
Осындай ұқсас коррекциялық мектептің ашылуына «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, медицина-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» 2002 жылғы шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы мүмкіндік берді. Жарты жыл бұрын оңалту орталығы өз жұмысында оңалтудың медициналық, әлеуметтік және білім беру моделін пайдалана отырып, мүгедектікке түсінуге қолданыстағы келісімдерді табысты үйлестіреді. Сапар кезінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері Оңалту орталығы мамандардың қамқорлықтағы жас балалармен жұмыстарымен танысу мүмкіндігін алды және қолданылып жатқан оңалту әдісінің тиімділігіне көз жеткізді.
Әлеуметтік-оңалту орталықтары мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қоғамдағы өмірге, отбасыға, оқыту мен еңбек етуге барынша толық және уақытылы әлеуметтік бейімдеу мақсатында медициналық, әлеуметтік-құқықтық, психология-педагогикалық қызметтің күштерін біріктіреді. Өкінішке орай, қоғам мүмкіндігі шектеулі адамды тең құқықты ретіне қабылдауға дайын емес, ал оның өзінің социумда интеграциялануға психологиялық мүмкіндігі жоқ. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары, міне, осы проблемаларды шешуге шақырады.
Дамуында проблемалары бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша мәселелер жағдайын талдау оңалту орталықтары жағдайында проблемаларды айқындау және шешу бойынша белгіленген оң үрдістер туралы айтуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-оңалту орталықтары қызметтерінің аралас сипаты түрлі мамандарды жұмысқа тартуға талап етеді: психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлер, педагог ұйымдастырушылар. Алайда, аталған оңалту институтының жаңалығына байланысты орталықтарда білікті деңгейде балаларға қажетті көмек көрсетуге қабілетті арнаулы білімі бар мамандардың жетіспеушілігі сезіледі. Астана қаласындағы Оңалту орталығы тифлопедагог, сурдоаудармашылар сияқты қажетті мамандардың болмауынан есту және көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мүмкін болмай отыр. Балалар неврологиясы және психиатрия бойынша дәрігерлер, дефектологиялық білімі бар педагогтар санын ұлғайту қажеттігі туындап тұр. Оңалту орталығының шалғай орналасуы оған Астана қаласында тұратын мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығын қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Балалар және олардың ата-аналары коррекциялық сабақтарға тұрақты және жүйелі келіп тұруға мүмкіндігі жоқ. Орталық ғимаратымен балалардың шектеулі мүмкіндіктері ескерілмеген, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуымен балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес жасалмаған – съезд, пандус, саты арқылы көтерілу үшін көмекші құралдар жоқ.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүзеге асырған құқық қорғау мониторингінің нәтижелері 2004 жылы әзірленген «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері» арнаулы баяндамасында жинақтап қорытылған. 2005 жылғы 1 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің осы баяндамасының таныстырылуы өтті.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметкерінің омбудсмен сайтында жарияланған «Білім алуға құқығы жоқ балалар» баяндамасы мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу проблемаларына арналды. Баяндамада мүгедек балалардың құқықтарын жиі бұзатын мысалдардың бірі ретінде бағаланатын білім беру саласында орын алған жағдай сипатталады. Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы әрбір адамның, оның дене немесе психикалық ерекшеліктеріне қарамастан, білім алуға құқығын білдіреді. Сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтармен әзірленген мүгедектіктің түрлі аспектілері бойынша принциптері мен стандарттары, оның ішінде әлеуметтік білім беру, ұлттық заңнама және қалыптасқан тәжірибеге қарамастан, білім беру саласында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұсыныстарға толық көлемде жауап бермейді.

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   


 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика