Жыл сайынғы есептер
Арнайы баяндамалар
Тоқсандық есептер
Ақпараттық бюллетендер

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Құжаттар мен баспада жарық көрген материалдар » Жарияланымдар » Жыл сайынғы есептер » Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2003 жылғы қызметі туралы есеп

2.3. Зейнеткерлер мен мүгедектердің құқықтарын қорғау

Версия для печати Версия для печати

Мүгедектер мен орта жастағы адамдардың құқығы ұзақ жылдар бойы әлемдік қауымдастықтың тарапынан қатаң назарында ұстады. Соңғы жылдары халықаралық қауымдастық жасаған халықаралық стандарттар мен стратегиялар кешенінің құрамдас бөлігі 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қарт адамдарға қатысты БҰҰ-ның қағидаттары, Қартаю проблемалары жөніндегі декларация, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің онжылдығын (1983-1992) өткізу барысында жинақталған тәжірибенің негізінде әзірленген Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері болып табылады.
Қазіргі қоғамның мақсаты мүгедектер, қарт адамдар болып табылатын ерлер мен әйелдердің қоғамның басқа мүшелері сияқты сол құқықтары мен міндеттері бар ережені қамтамасыз етуден тұрады. Әлемнің барлық елдерінде мүгедектер мен орта жастағы адамдарға өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін және олардың қоғамдық өмірге толық араласуына қиындататын кедергілер әлі де бар. Мұндай жағдайда қоғамның міндеті осы кедергілерді жоба үшін қажетті шаралардың қабылдаудан, яғни тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуден тұрады, осының арқасында қызмет көрсету, еңбек қызметі және ақпарат сияқты қоғамның түрлі салалары барлығына, әсіресе мүгедектер мен орта жастағы адамдардың қолы жететін болады.
Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстанда барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың мүгедек, соның iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа толмаған мүгедек бала, бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа да мүгедектер тұрады. Келтірілген деректер проблемалардың ауқымдылығы және бұл құбылыстың кез келген мемлекетте таралатыны туралы айғақтайды.
Алайда статистика проблемалардың тереңдігіне баға беруге мүмкіндік бере бермейді, әлі күнге дейін мүгедектердің өздері жеке және әлеуметтік кедергілерге бейімделуге мәжбүр, қоғам тіршілігіне белсене араласуға және оған толықтай қатысуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде бұл кедергілер мүгедектердің қоғам тіршілігіне араласуын шектейді.
Қазақстандағы жағдай бүгінгі күні мынадай: мүгедектерге қоғамның кейбір салаларында кемсітетін жағдайларға соқтығуына тура келеді: қоғамдық ғимараттар, көлік және байланыс құралдары олар үшін бейімделмеген (интернат-үйлерді аралауда көрінгендей, мүгедектердің тұратын жерлері де бейімделмеген), қоғам материалдық және әлеуметтік жағдай туғызу үшін шаралар қабылдамайды. Оқып-үйрету және еңбекке орналастыруда тыйым салынған біліктілік стандарттары мен өлшемдер қолданылады, бұл мүгедектердің әлеуметтік жағынан оқшаулануына тура келеді, қызмет көрсетулер мен жеңілдіктер алуда мүмкіндіктерді таңдау шектелген. Олар шектелген әлеуметтік, кәсіптік, экономикалық және білім беру мүмкіндіктерін пайдаланады.
Мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында АҚШ-тың әлеуметтік салада жүргізіп отырған саясатын айтуға болады. Мәселен, АҚШ Конгресінің 1988 жылғы техникалық құралдарды пайдалана отырып, мүгедек адамдарға көмек туралы “Тек-Акт” ретінде белгілі Заңында жеке шектеулер адамзат өмір сүруінің табиғи элементі” ретінде танылады, “тәуелсіздік, өзін-өзі айқындау, мазмұнды карьераға немесе” америкалық қоғамның “жалпы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және білім беру” тіршілігіне толық араласу” құқығы “ешкімге де жеңілдік бермейді”.
Мүгедектердің құқықтарын қорғау қозғалысын дамытуда америка мемлекетінің басшылары айтарлықтай прогреске қол жеткізді. 1975 жылға дейін АҚШ-та мүгедектердің өмір сүру ортасына қол жеткізу жағдайы басқа елдерден еш айырмашылығы болған жоқ. 1975 жылы Американдық мүгедектер туралы Заң қабылданғаннан бастап (АҚШ Президенті Дж. Форд) жағдай түбегейлі өзгерді. Мүгедектердің өздері кемсітуге қарсы ірі-ірі қозғалыстарды бастады. Арнайы құрылған құрылысшы-мердігерлер бригадасы бүкіл Америкада съездер мен пандустар жасай бастады, күннен күнге америка қалаларында мүгедектердің тіршілігі жақсара түсті.
АҚШ Президенті Б.Клинтонның қолдауымен мүгедектердің тұрмыс тіршілігін айтарлықтай жақсартатын, қандай да бір нысандағы мүгедек адамға тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер беретін көптеген заңдар қабылданды. Мәселен, 1997 жылы 4 маусымда Б.Клинтон дамуында және денсаулығында ауытқу бар адамдарға білім беру туралы актіге қол қойды, бұл америка білім беруін дамытудағы бетбұрыс кезеңі болды. Заңның мақсаты барлық американдық балалар үшін дүниежүзілік сипатта білім беруді қамтамасыз ету болды.
Осы проблеманың қоғамдық аспектісіне ерекше назар аударылды: балаларды қарапайым орта мектептерде жалпы білім беру процесіне барынша тартуға тырысады, қосымша сабақтар болатын арнаулы жеке оқу бағдарламасы әзірленуде. Бұл орайда оқып-үйрену жөніндегі барлық қосымша шығыстарды мемлекет өзіне алды.
Зерттеулер, арнайы құрылғыларды қолдану оларға мұқтаж адамдардың тәуелсіздігіне және қанағаттануына әкеледі. Мәселен, шетелдің тәжірибесі бойынша көмекші құралдарды пайдаланудың арқасында тапсырыс берілетін ақылы қызмет пен көмектің көлемі азайғанын айтуға болады, балалардың көпшілігі кәдімгі сыныптарда оқи алатын болды, туысқандарға тәуелдіболу азайды, кейбірі жұмыс табу мүмкіндігіне ие болды, қарттар мен мүгедектер үйінде тұру шет қалды. Бір сөзбен айтқанда, мүгедектердің өзгеше проблемаларын шешу осы топтағы халықтың жағдайын оны қарапайым халық санатына жақындата отырып, ерекше құқықты таңдауды талап етпестен, едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қарт адамдар мен мүгедектердің құқықтарының сақталуын байқау болып табылатын іс-әрекеттерінің басымдық бағыттарын іске асыру мақсатында 2003 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Астана қаласында орналасқан Ардагерлер мен мүгедектерге арналған интернат үйін және Ақмола облысы Целиноград ауданында орналасқан Қарттар мен мүгедектер арналған Малотимофеев интернат үйін аралады.
Аралау барысында қарттар мен мүгедектерді ұстау талаптарының қолданыстағы стандарттарға сәйкестігі, олардың құқықтарының сақталу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Астана қаласы Ардагерлер мен мүгедектерге арналған интернат үйін аралау мемлекет қамқорлығына алғандардың құқығын шектейтін әрі бұзатын бірқатар елеулі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді: мүгедектік арбалар мен мүгедектерге арналған көмекші тетіктердің мөлшері ескерілмей лифт салу (Мүгедектер құқықтары туралы Декларацияның 5-бабының талаптарын бұзу); ортопедиялық қозғалыс құралдарының, сырқаты ауыр және жүрмейтін науқастардың жуынуы үшін арнайы арбалардың жетіспеуі; төсек тартып жатқан науқастарға арналған гигиеналық заттарға шығыстарды қаржыландырудың жеткіліксіздігі (Мүгедектер құқықтары туралы декларацияның 8-бабының талаптарын бұзу); заңгер және психолог мамандығының жоқтығы (Мүгедектер құқықтары туралы декларацияның 11-бабын бұзу). Ауыр жұмыстарды орындайтын санитар жұмысшылардың жалақысының төмендігіне (6500 теңге) байланысты тұрақтамайтыны анықталды.
Жалпы қарттар мен мүгедектердің киімдері мен аяқ киімдері, оларды тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету деңгейін қанағаттанарлық деп атауға болады. Интернаттың жанынан өкілетті өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін зейнеткерлер мен мүгедектердің өздері құрған орган мәдени-тұрмыстық комиссия жұмыс істейді.
Интернатта зейнеткерлер мен мүгедектер өз діни мұқтаждарын іске асыра алады: мекемеде мұсылмандар мен христиандар үшін құлшылық ету бөлмелері бар. Әлеуметтік оңалту проблемаларын шешу үшін үйде ауыр емес еңбек жұмысымен айналысуға тілек білдіргендер үшін бөлме бар.
Мекемеде кітапхана бар, алайда кітап қоры ескірген, әдебиеттерді қазақ тілінде де толықтыру қажет. Осыған байланысты Уәкілдің арнайы осы мақсаттарға Қазақстандағы БҰҰДБ жәрдемдесуімен сатып алынған түрлі тақырыптағы кітаптардың пайдасы тиді.
Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйін аралау нәтижелерін талдай келе, интернатта тұру талаптары үйде тұру жағдайына жақын, адамның қадір-қасиетін төмендететін өрескел қарым-қатынас фактілері жоқ. Қамқорлыққа алынғандардың тарапынан ұстау жағдайлары бойынша ескертулері болған жоқ.
Малотимофеев интернат үйін аралау барысында бір бөлмеде тұратындардың санын арттыру жиһаздардың мүшкіл жай-күйі, мүгедектер арбалары мен есту аппараттарының жетіспеуі, тренажерлік және спорт залдарының жоқтығы, діни қажеттіліктерін атқару үшін үй-жайлардың, сондай-ақ интернат -үйдің қызметкерлерінің штатында арнайы мамандардың білімін алған психологтар мен заңгерлердің жоқтығы, мүгедектер үшін жәрдемақы мөлшерінің төмендігі сияқты проблемалар анықталды.
Алайда зейнеткерлер мен мүгедектердің құқықтарын бұзудың ең өрескелдігі олардың зейнетақыларын аудару болды. Интернат үйінде алатын жәрдемақыларының жартысын аударғысы келетіндердің демеушілік шоттар жұмыс істейді. Интернат директорының сөзі бойынша, мемлекет қамқорлығына алынғандар өз зейнетақыларының 70% интернатта тұратындардың Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес осы шотқа ерікті түрде аударады. Негізінен осы мән-жай Интернат үйінде тұру – ақылы (зейнетақының 70%) және Интернат үйі әкімшілігінен ондағы қарт адамдардың өз зейнетақыларына иелік етуі бойынша тәуелді деген қорытындыға жетелейді.
Аралау барысында, сондай-ақ мекеменің әкімшілігінің қазіргі кезде дайындалып жатқан мүгедектер туралы заң жобасымен таныспағаны анықталды, сондықтан осы жобаны Интернат үйіндегі зейнеткерлермен және мүгедектермен талқыланбаған.
Интернат үйіне қабылданғысы келетіндердің көбісінің шетелде олардың тастап кеткен балалары тұрады. Интернат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен Интернат үйі туралы ережеге сәйкес тек жалғызілікті адамдарға арналғандықтан, олар Интернат үйінде мемлекет қамқорлығына алынбайды. Интернат үйлері туралы ереже қайта қарауды талап ететіні айқын, өйткені орналасудың аталған шарттары туралы талаптар заңдық тұрғыдан жалғызілікті емес, бірақ интернатта тұрғысы келетіндердің құқығын бұзады.
Жазылған мән-жайларды талдау негізінде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етудің мынадай проблемаларын бөліп көрсетуге болады:
І. Мемлекет тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуі, тең мүмкіндіктер беру саясатының орнына қайырымдылық пен қамқорлық – мұның барлығы мүгедектердің қоғамға бейімделуі үшін елеулі кедергілердің болуына әкеледі:
1.мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуеті ескерілмейді, сондықтан қоғамның тіршілік әрекетінің барлық салаларында іске асырылмайды;
2.тиісті жағдайлардың, қала көшелерінде, ғимараттарда - пандустардың, съездердің, көтергіштердің және т.б. құралдардың болмауы мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруы үшін кедергі болып табылады, мүмкіндігі шектеулі адамдарға белсенді, тәуелсіз және жемісті өмір сүруге мүмкіндік бермейді.
3.арнаулы мекемелердің (қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлер) жұмысы қанағаттандырмайды әрі халықаралық стандарттарға сай келмейді;
4.ауруды асқындырып алмау жөнінде алдын алу жұмыстары жүргізілмейді, ақырында, мүгедектікке душар қылдырады. Елде мүгедектер санының барған сайын өсуі қауіп төндіреді, мәселен, статистика деректері, бүгінгі күні тірі туған 5 баланың ішінен тек біреуінің ғана дені сау, ал қалған балалар туған сәттен бастап ықтимал қауіп тобына жатады.
ІІ. Жұртшылықтың жалпы мүгедектік проблемасына тиісті көңіл аудармауы осындай адамдарға қате түсінік, жек көру, қорқу сияқты ұшқыр пікірлерге жол береді.
Жоғарыда санамаланған фактілер қоғам тіршілігіне сіңісуі үшін айқын көрініп түрған мүгедектер проблемасының тереңдігі және күрделілігі туралы айғақтайды. Қалыпты тіршілік әрекетінде кездесіп отырған кедергілер мүгедектердің оқшаулануына әкеледі. Бұл, өз кезегінде, қоғамды жарамсыз, сапасыз қылады, өйткені осы санаттағыларды әлеуметтік осал ретінде бөле отырып, біз халықты екі топқа – мүгедектер және мүгедек еместерге бөлеміз, адамгершілік тұрғысынан бұған жол беруге болмайды. Олардың тең мүмкіндіктерін тану және әлеуетті қабілеттерін ескеру мемлекеттің қаржы ауыртпалығын азайтып, арадағы айырмашылықтарды жаза алады. Әлеуметтік саладағы реформалар мүгедектердің, қоғам да осы топтағы халықтың өзгеше екендігін еске түсіруді қояды, олардың толыққанды өмір сүруіне жол ашады.

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика