Жыл сайынғы есептер
Арнайы баяндамалар
Тоқсандық есептер
Ақпараттық бюллетендер

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Құжаттар мен баспада жарық көрген материалдар » Жарияланымдар » Арнайы баяндамалар » Қазақстан Республикасында балалар құқықтарының сақталуы туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамасы

Қосымша

Версия для печати Версия для печати

 


Статистикалық деректер
(2002 жылғы қыркүйек - 2005 жылғы қазан)


Жазбаша өтініштерде көтерілген мәселелердің сипаты


Шағымдардың ерекшелігі

Балалардың құқықтары туралы жазбаша өтініштердің жалпы санға пайыздық арақатынасы


Бала асырап алу мәселелері

2,27

Интернат мекемелеріндегі балалар құқықтарының бұзылуы

2,27

Алимент мәселелері

25

Көпбалалы отбасылар проблемалары

1,51

Жәрдемақылар, зейнетақылар, өтемақылар төлеу

9,09

Қорғаншылық мәселесі

1,51

Балаларға құжаттар ресімдеу

0,76

Құқық қорғау органдарына шағымдану

10,61

Әкімдердің, өзге де атқарушы өкімет органдарының лауазымды тұлғаларының, интернат мекемелерінің әрекетіне және әрекетсіздігіне шағымдану

9,85

Соттың шешімімен келіспеу

4,55

Білім алу

2,27

Ата-ана құқығынан айыру/қалпына келтіру

3,03

Мүгедектік белгілеу

1,51

Тұрғын үй мәселесі

4,55

Соттың шешімін орындамау

9,85

Басқа

11,36


Өтініш берушілердің саны бойынша шағымдардың түрлері


Ұжымдық

6,19 %

Жеке

93,80 %


Шағымдарды қараудың нәтижелері


Қараудың нәтижелері

Балалардың құқықтары туралы жазбаша өтініштердің жалпы санға пайыздық арақатынасы

құқықтарды бұзушылық белгіленген жоқ

40

құқығы қалпына келтірілді

22,73

өтінішті шешу Уәкілеттінің құзырында емес

10

құқық толық көлемінде қалпына келтірілген жоқ

9,09

құқық қалпына келтірілген жоқ

18,18

Өңірлер бөлігіндегі жазбаша өтініштер


Өңірлер

Балалардың құқықтары туралы жазбаша өтініштердің жалпы санға пайыздық арақатынасы

Жамбыл облысы

13,27

Алматы

12,39

Астана

10,62

Павлодар облысы

9,73

Алматы облысы

9,73

Акмола облысы

7,08

Оңтүстік Қазақстан облысы

7,08

Шығыс Қазақстан облысы

6,19

Маңғыстау облысы

5,30

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

4,42

Солтүстік Қазақстан облысы

3,54

Қостанай облысы

2,65

Актөбе облысы

1,76

Қызылорда облысы

1,76

Қарағанды облысы

1,76

Батыс Қазақстан облысы

1,76

Атырау облысы

0,88


Өтініштердің субъектілері туралы


Жіберілген өтініштер

Балалардың құқықтары туралы жазбаша өтініштердің жалпы санға пайыздық арақатынасы

азаматтардың,

91,89

олардың арасында:



әйелдердің

67,57


ерлердің

24,32

Балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын ҮЕҰ

2,70

депутаттардың

0,90

ТМД адам құқықтары жөніндегі өкілеттік берілгендер

3,60

Халықаралық ұйымдардың өкілдері

0,90

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
институтының балалар мекемелеріне баруы


Солтүстік Қазақстан облысы

21-22.07.2003

Петропавл қаласындағы балалар үйі

21.08.2003

кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колониясы

(ЕС-164/6 мекемесі)

21.08.2003

«Кәмелетке толмаған балаларға арналған приют» ҚБ

21.08.2003

Петропавл қаласындағы демеу-қозғалу құралы зақымданған мүгедек балаларға арналған мектеп-интернат

22.08.2003

«Жасөспірімдер үйі» ҚБ

22.08.2003

отбасы үлгісіндегі балалар қалашығы

22.08.2003

Тәртібі ауытқымалы жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы

22.08.2003

жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат

22.08.2003

Қарағанды қаласы

2003-2004

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушыларының алдында сөз сөйлеу

11.09.2003

Қарағанды қаласындағы тергеу изоляторы

20.05.2004

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Заң факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу

21.05.2004

Қазақстан Республикасы ІІМ Заң академиясының курсанттарымен кездесу

21.05.2004

Оңтүстік Қазақстан облысы

12-13.04.2004

Шымкент қаласындағы мамандандырылған балалар үйі

12.04.2004

Оңтүстік Қазақстан облысындағы нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат

12.04.2004

Шымкент қаласындағы тергеу изоляторы

12.04.2004

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы

13.04.2004

Қызылорда облысы

14-16.04.2004

Қызылорда қаласындағы балалар үйі

14.04.2004

Қызылорда облыстық балалар ауруханасы

14.04.2004

Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторы

14.02.2004

Қызылорда қаласындағы А.С. Макаренко атындағы мектеп-интернат

15.04.2004

Қызылорда облысы ІІБ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы

15.04.2004

Маңғыстау облысы

7-9.06.2004

Ақтау қаласындағы балалар үйі

07.06.2004

Маңғыстау облысы ІІБ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы

07.06.2004

Ақтау қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Әскери-теңіз институты

08.06.2004

Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу

09.06.2004

Атырау облысы

10-12.06.2004

Атырау қаласындағы демеу-қозғалу құралы зақымданған мүгедек балаларға арналған мектеп-интернат


10.06.2004

Атырау облысы ІІБ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы

10.06.2004

Х.Досмухамедова атындағы Атырау университетінің студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу

11.06.2004

Астана қаласы

2003-2004

Астана қаласындағы «Светоч» балалар приюты

03.02.2003

Астана қаласындағы қаржы полициясы академиясы

19.12.2002

Астана қаласындағы балалар үйі

01.06.2004

Шығыс Қазақстан облысы

2003-2004

балаларды оңалту орталығы

03.06.2004

«Үлбі» мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлер мен балалар орталығы

03.06.2004

ОВ-156/22 мекеменің тәрбие колониясы

25.07.2003

Павлодар облысы

11-12.112004

Павлодар облысы ІІБ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы

11.11.2004

Павлодар қаласындағы балаларға арналған приют

12.11.2004

Павлодар қаласындағы балалар үйі

12.11.2004

Павлодар қаласындағы тергеу изоляторы

11.11.2004

ҚР ӘдМ КУИС заң колледжі

12.11.2004

Алматы қаласы

2004

Алматы қаласы мен Алматы облысы ІІБ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы

06.08.2004

Алматы қаласындағы ЛА-155/6 тәрбие колониясы

05.11.2004

Жамбыл облысы

28.03.2005

«Ұлан» Жамбыл облысы балалар үйі

28.03.2005

Жамбыл облысы ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы (көмекші) мектеп интернат

28.03.2005

Жамбыл облысының балалар үйі

28.03.2005

Ерекше тәрбие жағдайларын қажетсінетін балалар мен жасөспірімдерге арналған Жамбыл облыстық арнайы мектеп

28.03.2005

Жамбыл облысы ІІБ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы

28.03.2005

Батыс Қазақстан облысы

5-7.10.2005

Батыс Қазақстан облысы ІІБ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы

05.10.2005

Батыс Қазақстан облысының балалар үйі

05.10.2005

Батыс Қазақстан облысының жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат

05.10.2005

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша сараптама қорытындысы


Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып отырған ана мен баланы әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық қолдау табыстары аз отбасыларға балаларды толық жетілдіруге және тәрбиелеуге қарапайым жағдайлар жасауға да мүмкіндік бермейді.

Қазақстан «Бала құқықтары туралы» 1989 жылғы 20 қарашадағы Конвенцияны (бұдан әрі - Конвенция) бекітіп, 1994 жылы баланың негізгі құқықтары мен еркіндігін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алды. Сонымен Конвенция бала оның денесінің және ақыл-ойының жетілмегендігіне байланысты тиісті құқықтық қорғауды қоса, арнайы қорғауды және қамқорлықты қажет ететінін айқындайды. Бұдан басқа, Конвенцияның 27-бабы дене, ақыл-ой, ізгілік және әлеуметтік жетілуіне қажетті баланың өмір деңгейіне деген құқығын жария етеді.

Жеткілікті өмір деңгейіне деген құқық адамның бөлінбес құқығы болып табылады, ол Адам құқығының жалпы декларациясында, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық кесімде, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияда және басқа да халықаралық құжаттарда көрініс тапты.

Бала құқықтары жөнінде БҰҰ Комитетінің алдында Қазақстанда балалардың құқықтарын сақтау туралы елдік есептен кейін мемлекетке Ұсынымдар берілді, оларды орындау туралы ақпаратты осы Комитетке 2006 жылы ұсыну қажет.

Комитет жас балалары бар әйелдерге арналған мемлекеттің көптеген көтермелеулерді қысқартуы немесе төлемеуі қазақстандық отбасыларының әлеуметтік жағдайына келеңсіз әсер етті. Осыған байланысты отбасыға әлеуметтік көмекті және қолдауды жақсарту, балалары бар, әсіресе материалдық қиындықтарды көріп отырған отбасылар үшін қаржылай қолдауды және басқа да қаржы жеңілдіктерді көбейту туралы Қазақстанға ұсыныс жасалған.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) әзірлеу және қарау балаларды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүйесін дамыту саласындағы оң қозғалыс болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынып отырған заң жобасы аналық пен балалық шақты әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары ретінде орта есеппен жан басына шаққанда аз табысы бар балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды көздейтінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, заң жобасының жекелеген, бірақ елеулі пысықталмаған ережелеріне назар аударғанды мақсатты деп есептейміз:

Бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды үш жылға дейін ұзартуды ұсынамыз. Осыған байланысты 1-бабы 1) тармақшасының екінші абзацына және 6-бабының 1-тармағына «бір жылға» деген сөздерді «үш жылға» деген сөздермен ауыстырып өзгерістер енгізу қажет, 4-бабының 3-тармағында «он екі ай »деген сөздер «отыз алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын.

«Жәрдемақы алу құқығы» 3-бабының 3) тармақшасында әзірлеушілер «отбасының орта есеппен жан басына шаққанда табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайды» деген сөздерді қолданған. Заң жобасында «азық-түлік себетінің» деген сөздердің орнына «ең төмен күнкөріс деңгейі» деген терминнің қолданылуын мақсатқа сай деп есептейміз, өйткені «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Заңында осы терминнің нақты анықтауы берілген.

2-тармақтағы «асырап алған балалар» деген сөздер қалсын.

4-бабында:

1-тармақтағы жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беруге құқығы бар тұлғалардың тізбесін анықтаған жөн болар еді.

4-тармақтағы «тоқсан сайын» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын, өйткені құжаттарды тоқсан сайын ұсыну төрешілдікке апарады және жәрдемақыларды алуды қиындатады.

8-бабында:

2) тармақшасында бесінші және алтыншы бала күтіміне арналған жәрдемақы көзделсін.

Жәрдемақыларды есептеу үшін «Жәрдемақылар мөлшері» әзірлеушілер айлық есептік көрсеткіш мөлшерлерінде 1), 2) және 3) тармақшаларда көздейді.

Алайда, 2004 жылғы 3 қарашада үшінші шақырудың Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясын ашу кезінде Қазақстан Республикасының Президенті сөзінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2006 жылдан бастап барлық әлеуметтік төлемдерді әлеуметтік көрсеткішке – айлық есептік көрсеткішке емес, ең төмен күнкөріс деңгейіне сүйене отырып есептеуге тапсырма берген.

Бұл ретте ең төмен күнкөріс деңгейі халықтың өмір деңгейінің бағдары ретінде ғана қолданылуға тиіс емес. Мемлекет халықтың тиісті топтары үшін, ең алдымен олардың неғұрлым нашар қорғаландары үшін ең төмен күнкөріс деңгейлеріне жетуге болатын жағдайлармен қамтамасыз етуге тиіс.

Көрсетілген ұсыныстар осы заң жобасына оны қабылдағаннан кейін тиісті өзгерістер енгізуді талап етеді, ал ол есептеу әдістемесіне әсер етеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Сараптама кеңесінің пікірі бойынша 8-бабының 3) тармақшасында балаларға арналған жәрдемақылар - бір айлық есептік көрсеткіш (971 теңге), бұл ең аз шама, оны өсірген жөн болар еді.

Бүгінгі күнге қолда бар айлық есептік көрсеткіштің мөлшері балалары бар отбасылардың ең аз мұқтаждарын толық мөлшерде қанағаттандыра алмайды, өмірдің лайықты деңгейлерін де қамтамасыз ете алмайды.

Ұсынымдарда сондай-ақ мемлекеттің еңбекке қабілетсіз балалары бар отбасыларды жеткіліксіз қолдап отырғанына назар аударылған. Осыған байланысты Комитет мемлекетке ресурстарды бағдарламаға, медицинаға және протездеуге, персоналды оқыту мен еңбекке қабілетсіз барлық, әсіресе ауыл облыстарында тұратын балаларға арналған қызметтерге бөлуді ұсынды.

Заң жобасында отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу дұрыстығын бақылау көзделмеген, уәкілетті органдардың оларды төлеу тәртібі айқындалмаған.

Бұдан басқа, 10-бабының 1-тармағында өтініш беруші мәліметтердің толықтығы мен шынайлығы үшін жауапты болуға тиіс, бірақ осындай жауапкершілік әкімшілік те, қылмыстық та заңнамада көзделмегенін атап өту керек.

Заң жобасының 11-бабының қолданысын 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу қажет деп есептейміз, өйткені әзірленіп отырған заңның күшіне ену сәтінен бастап балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беруші еді.

Әрбір адам тағамды, киімді, тұрғын үйді, медициналық күтімді және әлеуметтік көмек көрсетуді қоса, осындай өмір деңгейіне құқығы бар, ол Адам құқықтарының жалпы декларациясында адамның өзінің және отбасының денсаулығын және әл-ауқатын ұстап тұру үшін қажет екендігі жария етілген.

Әлеуметтік қорғауға арналған құқықты сақтау – халықты қорғау жалпы жүйесінің маңызды құрамдасы, өркениетті қоғамның бөлінбес белгісі.Сондықтан нарық экономика жағдайларында баланың құқықтарын өмірдің лайықты деңгейіне дейін қорғау мемлекеттің ең маңызды функцияларының бірі болуға тиіс.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Сараптама кеңесі заң жобасының ұсынылған нұсқасы аналықты, әкелікті және балалықты бұдан әрі ынталандыру мақсатында пысықтауды талап етеді. Осы заң жобасының тұжырымдамасы әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс.


Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жанындағы
Сараптама кеңесінің мүшелері

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
«Баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы құттықтау сөзі

2005 жылғы 24 қараша

Астана қ.


Құрметті конференция қатысушылары!


Мен Сіздерді: халықаралық институттардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, басқа елдердің сарапшыларын құттықтау мәртебесіне ие болып отырғаныма өте қуаныштымын. Сіздердің бәріңізге конференцияның алдағы екі жұмыс күні ішінде табысты және қызықты жұмыс тілеймін.

Конференция ұйымдастырушыларының, әсіресе ЮНИСЕФ-тің оны өткізу орны ретінде Қазақстанды таңдауы тегін емес. Осы форум Қазақстанда балаларға, олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты оң қадамдар жүзеге асырылғанын айғақтайды. Елімізде балалардың құқықтары мен мүдделеріне көңіл бөлініп қана қоймайды, сонымен қатар балалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелер бүгінгі күні жүйелі саясат деңгейінде қарастырылуда. Балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың жүйелілігі мен тиімділігін халықаралық және өңірлік ұйымдар мен агенттіктер: БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО; ЕҚЫҰ, ХЕҰ атап көрсетуде.

Осыған орай елімізде тиімді үйлестіруші жұмысты жолға қойған, балалармен жүргізілетін құқық қорғау жұмысына тікелей және жанама оң әсерін тигізген, осылайша балаларға қатысты мемлекеттік саясатты ынталандырушы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігіне өз алғысымды білдіргім келіп отыр. ЮНИСЕФ-тің экономикалық, әлеуметтік және құқық қорғау стандарттарын қадағалау және олардың орындалуына қолдау көрсету жөніндегі жұмысы біздің мекемеге де үлкен ықпалын тигізді. Бірлескен жұмыс нәтижелері бірнеше зерделеу жобаларында, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстанда балалар құқықтарының сақталуы туралы» баяндамасын дайындауда, ағарту сипатындағы құқық қорғау іс-шараларында көрініс тапты. Біз БҰҰ агенттігінің елдік мекемемен нақты, тиімді ынтымақтастық жасауының үлгісі болып саналатын осы жемісті әріптестікті бұдан былай да жалғастыруға ниеттіміз.

Осы конференция ЮНИСЕФ-тің еліміздегі жұмысының көрсеткіші болып табылады. Бүгінгі күні проблемалық мәселелер жөніндегі секцияларды басқаратын және оларды талқылайтын министрліктер - ЮНИСЕФ-тің әр түрлі жобалар мен қызмет бағыттары жөніндегі ескі әріптестері. Министрліктердің мүдделілігі мен қатысуы, олардың балалардың құқықтарын қорғау проблемаларын шешу процесіне араласуы – Қазақстандағы балаларға бағдарланған мемлекеттік басқару стандарттарын саналы түрде қолданудың елеулі белгілері. Бүгінгі күні ЮНИСЕФ айналысып отырған, балалардың құқықтарына қатысты халықаралық құқық қорғау стандарттарын тарату – бұл сонымен бір уақытта мемлекеттік басқарудың стандарттарын адамның құқықтар мен бостандықтарға деген қажеттіліктеріне сәйкес дәрежеде тиімді болып табылатын деңгейге дейін жетілдіру жөніндегі жұмыс.

Бүгінгі форум бізге атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаруға, балалардың қажеттіліктеріне сезімтал жаңа мемлекеттік саясатты қалыптастырудың бастапқы кезеңін бағалауға, біздің идеяларымызды біріктіруге, балаларға деген жүйелі жаңа көзқарас кезеңіне осындай тәжірибе бұдан былай орталықазиялық өңірде пайдаланылатындай есеппен көшу үшін ұсынымдар әзірлеуге бірегей мүмкіндік береді. Қазақстан бүгін де балалардың экономикалық, әлеуметтік дамуы жөніндегі халықаралық стандарттардың неғұрлым ауқымды көлемде сақталуы үшін дайын. Экономикадағы, әлеуметтік саладағы, саясаттағы либералдық даму деңгейі бүгінгі күні елдің осы жолда болуына мүмкіндік береді.

Біз конференция біздің елімізде оқиға ретінде қалады деп үміттенеміз, одан және қатысушылардан өзін балалар мен олардың құқықтарына арнаған барлығымызға жаңа ынталандырушы әсер етуге қабілетті нәтижелер күтіп отырмыз. Осыған орай өзімнің де осы шарадан күтетін үміттерімді білдіре кеткім келеді.

Бірінші. Тәуелсіздік жылдары біздің елімізде маңызды өзгерістер болды. Адам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының негізгі тұжырымдамасы ретіндегі патернализм мемлекеттік міндеттердің нақты шағын көлемдерін білдіретін адам құқықтарының қалыптасқан жүйесі бар либерализмге орнын берді. Алайда, мемлекеттің балаларға қатысты міндеттерінің көлемі әлі де жеткілікті дәрежеде өзгере қойған жоқ: еліміздегі экономикалық жағдайға байланысты белгілі бір түзетулер болғанымен, басым түрде патерналистік көзқарас сақталуда. Бұл бүгінгі күні балалардың құқықтарына қатысты жаппай либералдық көзқарас қолдануға тиіс екенін білдіре ме? Олай емес. Балалар – қоғамның көрінеу артықшылықты бөлігі. Олар өз мүдделері үшін, қандай да бір экономикалық немесе саяси үстемдік ету үшін экспансияны қолдану арқылы күреспейді. Бірақ олар өздерінің қорғалмағандығымен-ақ күшті. Балаларға қатаң түрде дәстүрлі либералдық көзқарас талаптарын қою мүмкін емес, өйткені өзі үшін, өз құқықтары үшін әр адамның өзі жауапты. Сонымен бір уақытта бүгін балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің патерналистік саясатын жалғастыру да мүмкін емес. Балалардың шығыстарын қаржыландыру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерінде қатынастарды либералдық социализм қағидаттарында құрған тиімді сияқты. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету барлық маңызды шешімдерді қабылдау кезінде саналы басымдық болуға тиіс, құндылықтар арасындағы таңдау әрқашан да балалардың пайдасына шешілуге тиіс. Балалар үшін социализм қазіргі уақытта өзі үшін жауапты, қиындықтарда мойымайтын, өз құндылықтарын, абыройы мен құқықтарын қорғай алатын жаңа тұлға үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, балаларды жаңа либералдық құндылықтарға оқытудың дамыған жүйесімен, азаматтық білім беру жүйесімен ұштасуға тиіс. Либералдық экономика, жекеменшіктік қатынастар біздің балаларымызды экономикалық тұрғыдан жауапты және дербес болуға мәжбүр етеді. Біз, әрине, нарықтық даму ауыртпалығын балаларға арта салуымызға болар еді, алайда жауапкершілікті тәрбиелеудің неғұрлым ізгі тәсілі – балаларды осыған олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, үйрету. Біз оны қызығушылықпен талқылау мәніне айналдырамыз деп үміттенемін.

Екінші. Либералдық социализм тәсілін енгізу балалардың құқықтарына деген, біздің мәдениетімізге негізделген эмоционалдық көзқарасты рационалдық көзқарасқа өзгертумен ұштастырылуға тиіс. Біздің әзірге әлі дәстүрлі қоғамда балаларға, олардың мүдделері мен құқықтарына біз оларға деген сүйіспеншілікпен, қорғаншылықпен, қиындықтардан, күрделі өмірлік проблемалардан, жауапкершіліктен қорғау арқылы басым түрде эмоционалдық деңгейде көңіл бөлеміз. Біз оларды ересектер ретінде, өз жауапкершілігімен, саналы жеке құқықтарымен және бостандықтарымен бірте-бірте әлемге енуге мұқтаж адамдар ретінде қабылдамаймыз. Сонымен бір уақытта баланың мүліктік құқықтары, мұраға алу құқығы, жекеменшікке, тұрғын үйге, медициналық қызметтерге, білім алуға құқығы, ең маңыздысы, өз пікірін білдіру бостандығына, ақпарат алуға, ар-ождан бостандығына, жүріп-тұру бостандығына құқықтары бар, кемсітпеуге, азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, қанаудан бостандыққа құқығы бар. Балалардың құқықтарына деген ұтымды көзқарас балалардың өз құқықтары мен бостандықтары мәселелерінде ересектермен бірдей, құқықтары олармен тең, тіпті олармен салыстырғанда тумысынан өздерінің құқықтары мен бостандықтары туралы деректерді уақытша білмеуіне орай артықшылығы бар адамдар екенін жорамалдайды. Бүгінгі конферения өз деңгейі және құрамы бойынша осы мәселеге баса көңіл аударуға мүмкіндік береді.

Үшінші. Балалардың құқықтарына деген құқық қорғау көзқарасы тек өзінің балаларға қатысты бүкіл саясатқа белгілі бір дәрежеде әсер етуімен ғана емес, сонымен қатар тұтастай адам құқықтарына қатысты ынталандырушы және жүйелеуші әсер ету тиімділігімен де артықшылыққа ие. Балалардың құқықтарын қорғау әлі де жеткілікті емес. Ол ауқымды ырықтандырушы катализатор әлеуетін қамтиды. Балалардың экономикалық, әлеуметтік, азаматтық құқықтарымен байланыстының барлығы саяси, діни, этностық немесе басқа да негізде қандай да бір не салмақты қарсы әрекет жасаған жоқ. Балалардың құқықтарын қорғау әр уақытта және барлық жерде игілікті іс болып табылатыны сөзсіз. Балалардың құқықтарын қорғай отырып, біз ұлттың қоғамдық ағзасына кемсітушілікке, тіпті адамзаттық абыройын, ар-намысын аяққа таптауға, адам құқықтары мен бостандықтарын саналы түрде, әдейі бұзуға қарсы тұру қабілетін дарытамыз. Бұл жерде «балалардың құқықтарын қорғау арқылы адам құқықтарына» деген қағидат іске қосылуға тиіс. Біз балалардың құқықтарын өзекті ету арқылы адам құқықтарына қосылу процесіне жарып өтудің бірегей мүмкіндігін кеңінен пайдалануға тиіспіз.


Құрметті конференция қатысушылары!

Конференция жұмысынан күтіліп отырған осы үміттеріммен өз сөзімді аяқтауға және сіздерге табысты жұмыс тілеуге рұқсат етіңіздер.

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің ұсынымдары


Батыс Қазақстан облысының

әкімі

Н.С Әшімовке


Құрметті Нұрғали Садуақасұлы !


Менің атыма өзінің баласы Н.Е. Ткишевке тұрғын үй бөлу мәселесі бойынша азаматша Р.А. Лұқпанова екі рет өтініш жасаған, баласы мүгедек болып табылады.

Оның баласы 1990 жылы туған, 1993 жылы бас сүйегі мен миі зақымдағаннан кейін ол сөйлей алмай қалған. 1995 жылдан бастап осы күнге дейін ол ОЖЖ органикалық зақымдануы, созылмалы психоз, жиі болатын селкілдек ұстамалар деген диагнозбен Батыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында есепте тұр.

Өтініш беруші жұбайымен және үш баласымен Орал қаласында пәтер жалдап тұрып жатыр. Психикасы бұзылған бала пәтер иелерінің тарапына әрдайым жақтырмаушылық тудырады.

Көрсетілген жағдайларды зерделеу және тексеру мақсатында осы өтініш бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне 2005 жылы 6 шілдеде № 959/03-2347 сұраныс жолдаған болатын, оған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарынан өтініш берушінің отбасына кезектен тыс тұрғын үй беру мүмкіндігі жоқтығы туралы ақпарат және барлық құжаттарымен Орал қаласы әкімдігінің тұрғын үй бөліміне өтініш беру туралы ұсыным алдық. Сонымен, осы мәселені қала әкімдігі оң шешпеді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 26-бабында жергілікті атқарушы органдардың мүгедектер үшін тұрғын үй беру мүмкіндігі көзделген.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 67-68-баптарында кейбір созылмалы аурулардың ауыр формаларымен ауыратын тұлғалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу құқығы көзделген, бұл «Қазақстан Республикасы тұрғындарының жекелеген санаттағылары мен тұлғаларын медициналық көмекпен қамтамасыз етудегi жеңiлдiктер туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 1993 жылғы 25 қаңтардағы № 29 бұйрығында (бұдан әрі - бұйрық) да бекітілген. Бұйрыққа берілген 3-қосымшаға сәйкес Р.А. Лұқпанова баласының науқасы осы аурулармен ауыратын тұлғаладың тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығы бар аурулардың тізбесіне және қосымша тұрғын үй алаңына құқық берілген аурулар мен жағдайлардың тізбесіне енгізілген.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңында Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес әрбір баланың тұрғын үйге деген құқығы белгіленген.

Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында халықаралық нормаларды қолдайды. Қазақстан 1994 жылғы 16 ақпанда қол қойылған Бала құқықтары туралы конвенцияны (бұдан әрі - Конвенция) 1994 жылы бекітті.

Осы халықаралық шарттың 27-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға сәйкес және өз мүмкіндіктерінің шегінде ата-аналарға осы құқықты жүзеге асыруда көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда материалдық көмек көрсетеді, әсіресе тағамдарға, киімге және тұрғын үйге қатысты бағдарламаларды қолдайды.

Бұл ретте Конвенцияның 23-бабы ақыл-ойы, дене жетілуі шектелген бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, оның өзіне деген сенімділігіне жәрдемдесетін және қоғам тіршілігіне белсенді қатысуын жеңілдететін жағдайларда толық және лайықты өмір сүруге тиіс екендігін көрсетеді.

Адамдардың осы санатын қорғау саласында халықаралық және ұлттық нормалар мүмкіндіктері шектелген балалардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз етудің нақты тетіктерін көздейді. Ел Президенті Қазақстан халқына арналған 2005 жылғы 28 ақпандағы өзінің Жолдауында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрғын үй проблемасын жеделдетіп шешуді айрықша көрсетті. Қоғамның ең қорғалмаған мүшелерін: балалардың, олардың аналарының және қарттардың өмірлерін лайықты қамтамасыз ету мемлекет стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі болып айқындалған.

Жоғарыда баяндалғанды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл туралы ереженің 24, 26-тармақтарына сәйкес мүгедек бала Н.Е. Ткишевтің тұрғын үйге және өмірдің жеткілікті деңгейіне арналған құқықтарын іс жүзінде іске асыруға жәрдемдесулеріңізді ұсынамын.

Қарау нәтижелері туралы менің атыма хабар жолдауларыңызды сұраймын.




Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл Б. Байқадамов




Оңтүстік Қазақстан облысының

әкімі

Б.Ә. Жылқышиевқа



Құрметті Болат Әбжаппарұлы !


Менің атыма Тазагүл Нұрсеитовадан Шымкент қаласының 1 Май көшесінде орналасқан № 22 жатақханадан оны шығару мәселесі туралы өтініш түсті.

Өзінің өтінішінде өтініші беруші төрт баласымен № 19 бөлмеде тұратынын, осы бөлмені өз күшімен 900-1000 АҚШ долларын жұмсап, жөндегенін айтады. Бұл ретте Шымкент қаласы сотының шешімі бойынша Тазагүл Нұрсеитованы 2005 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғын үй-жайды босатуды міндеттеді, өйткені Шымкент қаласының әкімдігі көрсетілген жатақханада оралмандарды орналастыру жөнінде шешім қабылдаған.

Көрсетілген жағдайларды зерделеу және тексеру мақсатында осы өтініш бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне 2005 жылы 19 шілдеде № 1126/03-2552 сұраныс жолдады, оған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының қолы қойылған мынадай ақпарат алынды:

Жоғарыда көрсетілген жатақхананың ғимараты оралмандарды уақытша орналастыру үшін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Көші-қон комитет басқармасының теңгеріміне берілген. Онда тұрып жатқан 12 азаматты шығару соттың шешімімен негізделеді.

Бірақ Тазагүл Нұрсеитова жалғызлікті ана және де мүгедек баласы бар, осы жағдай оны қоғамның әлеуметтік жағынан қауқарсыз санатына жатқызу үшін негіз болып табылады. Бұл ретте аналық пен балалық мемлекеттің ерекше назарында және қорғауында тұрғанын ескерген жөн. Тазагүл Нұрсеитова төрт баласы бола тұра, қандай да бір қолдаусыз өз отбасының барлығын өзі қамтамасыз етіп отыр. Бірақ жалақысы үлкен болмағандықтан, онда өзіне тұрғын үйін сатып алуға қаражаты мен мүмкіндіктері жоқ.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңында Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес әрбір баланың тұрғын үйге деген құқығы белгіленген.

Бұдан басқа «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 26-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен және мүгедекті оңалту жеке бағдарламасына сәйкес тұрғын үй қажет ететін мүгедектерді есепке алады және пайдалануға тұрғын үйлерді береді.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды қолдайды.

Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында халықаралық нормаларды қолдайды. Қазақстан 1994 жылы 16 ақпанда қол қойылған Бала құқықтары туралы конвенцияны (бұдан әрі - Конвенция) 1994 жылы бекітті. Осы халықаралық шарттың 27-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға сәйкес және өз мүмкіндіктерінің шегінде ата-аналарға осы құқықты жүзеге асыруда көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда материалдық көмек көрсетеді және әсіресе тағамдарға, киімге және тұрғын үйге қатысты бағдарламаларды қолдайды.

Бұл ретте Конвенцияның 23-бабы ақыл-ойы немесе дене жетілуі шектелген бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, оның өзіне деген сенімділігіне жәрдемдесетін және қоғам тіршілігіне белсенді қатысуын жеңілдететін жағдайларда толық және лайықты өмір сүруге тиіс екендігін қатысушы мемлекет реттемелейді.

Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға жетуге және оларды сақтауға тұрақты түрде талаптанып отыр. Нұрсеитованың және оның отбасының тұрғын үй құқықтарын бұзуға байланысты жағдай осы процеске жауап бермейді деп есептейміз. Сіздерді Тазагүл Нұрсеитованың және оның отбасының ерекше жағдайларына (жалғызлікті ана, 4 бала, оның біреуі мүгедек) назар аударуларыңызды және қазір оларда бар жатақханадағы қарапайым тұрғын үйін жоғалтуын өтеуді сұраймыз.

Қарау нәтижелері туралы менің атыма хабар жолдауларыңызды сұраймын.




Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл Б. Байқадамов

Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің ұсынымдары


CRC/C/15/Add.213

2003 жылғы 6 маусым


Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитеті

33-сессия


КОНВЕНЦИЯНЯҢ 44-БАБЫНА СӘЙКЕС

ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ҰСЫНҒАН БАЯНДАМАЛАРДЫ ҚАРАУ



БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ

КОМИТЕТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ:

ҚАЗАҚСТАН


1.2004 жылғы 4 шілдеде өткен өзінің 885 және 886-отырыстарында (CRC/C/SR.885-886 қараңыз) Бала құқықтары жөніндегі комитет Қазақстанның бастапқы баяндамасын (CRC/C/41/Add.13) қарады және мынадай қортынды ескертпелер қабылдады1.


А. Кіріспе


2. Комитет қатысушы мемлекеттің баяндамаларды ұсынудың басшылық етуші қағидаттарына сәйкес келетін бастапқы баяндаманың ұсынғанын, сондай-ақ сұрақтар тізбесіне (CRC/C/Q/KAZ/1) жазбаша түрде жауаптар бергенін құптайды. Комитет қатысушы мемлекеттің жоғары қызметтегі делегациясымен болған мазмұнды және сындарлы сұхбат болғанын атайды.


В. Оң аспектілер


3. Комитет адамның құқықтары мен еркіндіктерін заңды танылуына мүмкіндік беретін 1995 жылы жаңа Конституцияның қабылдануын; Бала еңбегінің ең нашар нысандарын жою жөнінде тыйым салатын және кезек күттірмейтін шараларды қабылдау жөнінде 182-ші МОТ Конвенциясының бекітілуін; балаларды сату, бала жезөкшелігі туралы Бала құқықтары жөніндегі конвенцияға қосымша хаттаманы және балаларды қарулы тартыстарға тарту туралы хаттаманың бекітілуін мақұлдайды.


__________________________

  1. 2003 жылы 6 маусымда болған өзінің 889-шы отырысында



4. Комитет есепті кезең ішінде жаңа заңның қабылдануын атайды: «Неке және отбасы туралы» Заң (1998 жыл); Білім туралы заң (1999 жыл); Отбасы үлгісіндегі бала қалашықтары және жастар үйлері туралы заң (2000 жыл); Азаматтық кодекс (1994 және 1999 жылдар); Қылмыстық Кодекс (1997 жыл); Қылмыстық іс жүргізу Кодексі (1997); Қылмыстық жазаларды орындау туралы заң (1997жыл); Әкімшілік бұзушылықтар туралы заң (2001 жыл); Бала құқықтары жөніндегі заң (2002 жыл) және Баланың еңбекке қабілетсіздігі туралы заң (2002 жыл).


5. Комитет қатысушы мемлекеттің адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғары Комиссарының Басқармасымен ынтымақтастығын және Орталық азиядағы БҰҰ УВКПЧ аймақтық Жобасы бойынша екі аймақтық офистерінің біреуін Қазақстанда құруға келісім беруін бағалайды. Комитет қатысушы мемлекеттің БҰҰ-ның басқа органдарымен және агенттіктерімен, сондай-ақ басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдармен, атап айтқанда, БҰҰ-ның ВОЗ; МОТ; УВКБ; Халықты орналыстыру жөніндегі БҰҰ Қорының және ЮНИСЕФ бағдарламаларына қатысуын атап көрсетеді.


6. Комитет Мемлекеттік саясат және жастар жөніндегі жоспардың және «Қазақстан жастары» бағдарламасының әзірленуін; Президент жанында отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық Комиссияның құрылымында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын отбасы проблемалары жөніндегі департаменттің құрылуын; және 2000 жылдың шілдесінде Жастар істері жөнінде Кеңестің құрылуын атайды;



С. Конвенцияны жүзеге асыруға кедер келтіретін

факторлар мен қиындықтар


7. Комитет қатысушы мемлекет 1991 жылы тәуелсіздікті алған нәтижесінде туындаған және өмірлік деңгейдің төмендеуіне, жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне, әсіресе бір ғана ата-анасы бар отбасыларды қоса, қоғамның неғұрлым әлсіз топтарына ықпал ететін және аймақтардың белгілі бір сәйкессіздігіне әсер ететін кедейшіліктің өсуіне алып келген әлде қайда экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемалармен айналысуды жалғастырып отыр. Бұдан басқа, екі үлкен экологиялық апат; Арал теңізінің тартылуы және Семей ядролық сынақ полигонындағы радиоактивтік ластану халықтың едәуір бөлігінің денсаулығына және ауыз су қауіпсіздігінің қол жеткізуіне теріс ықпал етуде.


D. Комитеттің алаңдаушылығын тудыратын негізгі мәселелер және ұсыныстары мен ұсынымдары



D 1. Конвенцияны жүзеге асыру жөніндегі жалпы сипаттағы шаралар (4,42 және 44-баптар, 6-параграф)


Заң және жүзеге асыру


7. Комитет Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар соттармен тікелей қолданылуы мүмкін, дегенмен заң тәжірибесі осы шарттарды ішкі сот жүргізуде қолданылмайтынын көрсетеді. Бұдан әрі ол олардың арасында тартыс болған жағдайда ішкі заңның ережелеріне қатысы бойынша Конвенция басым болу мүмкіндігін атайды, бірақ ол әр уақытта олай бола бермейтініне алаңдаушылық білдіреді. Комитет көптеген қабылданған заң шараларын мақұлдай отырып, олардың іске асырылуы ресурстар жетіспеушілігінен жүзеге аспайтынына немесе жеткіліксіздігіне және шектелгеніне алаңдаушылық білдіреді.


8. Комитет қатысушы мемлекетке ұлттық заңдарды Конвенцияның қағидаттары мен ережелеріне толық сәйкес келтіру жөнінде күш-жігерлерін жұмсауды және нығайтуды жалғастыруды ұсынады. Бұдан әрі Комитет басым ретінде тетік/орган жауапты болып табылатынына және Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған заңдардың тиімді қолданылуы үшін жеткілікті адам, қаржы және басқа да ресурстар болуына көз жеткізуді ұсынады.


Үйлестіру


9. Комитет 1998 жылы Президент жанында Отбасы және әйелдер істері жөнінде Ұлттық Комиссия, сондай-ақ Үкімет шеңберінде консультативтік орган ретінде 2000 жылы ұйымдастырылған Жастар істері жөніндегі кеңестің құрылғаны туралы алынған ақпаратты атайды. Дегенмен, Комитет Конвенцияның барлық құқықтарын іске асыру жөнінде үйлестіру жоқтығына алаңдаушылығын қоймайды.


10. Комитет 9 параграфта ескертілген Ұлттық комиссияның ролі туралы делегация ұсынған ақпаратты атай отырып, қатысушы мемлекет не осы Комиссияның ролін күшейтуін және жеткілікті адам мен қаржы ресурстарын қамтамасыз етуін, не биліктің орталық және жергілікті органдарының арасындағы тиімді үйлестіру қызметін қоса, мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны жүзеге асыруды үйлестіру бойынша дербес тұрақты органды, сондай-ақ ҮЕҰ-мен және азаматтық қоғамның басқа да секторларымен ынтымақтастықты ұйымдастыруын ұсынады.





Тәуелсіз бақылау құрылымдары


11. Комитет 2002 жылғы қыркүйекте Президенттің бірінші Омбудсмендіні тағайындағанын атайды. Бірақ Комитетке осы өкілдік Париж Қағидаттарына сәйкес (1993 жылғы 20 желтоқсандағы П.А. 48/134) адам құқықтары жөнінде мүлде дербес ұлттық институт ретінде құрылды ма – сол белгісіз. Бұдан басқа, Комитет омбудсмен ата-аналар мен ХЕҰ-дан шағымдар алғанын атай отырып, осы мекемеде балалардың құқықтары бұзылуы туралы жеке шағымдармен жұмыс істеу үшін бала жасының әлсіздігі мен ерекшеліктерін ескеретін тетіктің болмауы алаңдаушылық білдіреді.


12. Комитет омбудсмен мекемесі Париж Қағидаттарына сай кең өкілеттігімен, барабар адам, қаржы және басқа да ресурстарымен тәуелсіз және тиімді ұлттық мекеме болып табылатынына кепілдік беретін қатысушы мемлекетті мақұлдайды. Бұдан басқа, Комитет не оның құрылымында балалар құқықтарының мәселелері бойынша арнаулы жауапты Уәкілді тағайындауға, не омбудсмен өкілдігінде балалар құқықтарына жауапты, әсіресе балалардың шағымдарын сыпайы түрде қарайтын ерекше секцияны немесе бөлімшені ұйымдастыруға болатын қатысушы мемлекетті қолдайды. Осыған қатынасты Комитет адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың ролі туралы өзінің №2 Жалпы Ескертпесіне сүйенеді.


Іс-қимылдардың ұлттық жоспары


13. Комитет қатысушы мемлекеттің бала құқықтарын іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың жалпы жоспарын әзірлеуді дайындап отырғаны туралы ақпаратты мақұлдайды, бірақ осындай жоспарды іске асыру, әсіресе ресурстар жетіспеушілігінен қиындықтарға тап болу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіреді.


14. Комитет қатысушы мемлекетке:


а), Конвенцияны іске асыру жөніндегі Балалар үшін Әлемді интеграциялауға өзінің мәселелері және мақсаттары бойынша ұлттық жоспардың іс-қимылын әзірлеу жөніндегі өзінің жоспарын жүзеге асыруды және жеделдетуді;

б), осы жоспарды тиімді іске асыру және оның орындалуының нәтижелерін ұдайы бағалау үшін жеткілікті адам, қаржы және басқа да ресурстарды қамтамасыз етуді ұсынады.


Бюджеттен қаржы бөлу


15. Комитет денсаулық, аналар мен балаларды қорғау проблемалары бойынша бағдарламаларға, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету және көмек көрсету бағдарламаларына бюджеттен қаржы бөлу туралы оның Есебінде келтірілген қатысушы мемлекеттің білім беруге және ақпаратқа көрсетіп отырған басымдықты атайды. Атап айтқанда, Комитет балалар мен әйелдерге назар аудара отырып, Кедейшіліктің деңгейін төмендету жөнінде 2003-2007 жылдарға арналған бағдарламаның қабылданғаны туралы атап өтеді. Дегенмен, Комитетте денсаулық сақтау, білім беру қызметтеріне және басқа да әлеуметтік қызметтерге бюджеттен қаржы бөлінуі төменгі деңгейде болуы және балалардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын «.... қолда бар ресурстардың көлемін ең жоғарыға көбейту .....» іске асыруға қатысты Конвенцияның 4-бабына жеткіліксіз назар аударылуы алаңдаушылық тудырады.


16. Бұдан әрі Комитетті ІЖӨ-ның жоғары деңгейі мен көптеген тұрғындардың төменгі өмір деңгейінің арасындағы сәйкессіздікті атайды және қайта құру жөніндегі бағдарламалар сәйкес болмағандықтан балаларға келеңсіз әсер ету мүмкіндігі алаңдатады.


17. Комитет қатысушы мемлекетке Конвенцияның 2, 3 және
6-баптарының аясында Конвенцияның 4-бабын толық іске асыруға:


а) Конвенцияны іске асыруға арналған бюджетті ұлғайту және әсіресе оқшауланған және қауқарсыз топтардың сапалы қызметтерге қол жеткізуін жасау үшін бар ресурстардың ең жоғарғы көлеміне дейін балалардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге бюджеттен қаржы бөлу басымдығын белгілеуді;


б) Балалардың, әсіресе әлсіз балалардың жағдайларын жақсарту мақсатында, оның ішінде қаражатты халықтың кедей топтарының мұқтаждарына жұмсауға көзделген Кедейшіліктің деңгейін төмендету жөнінде 2003-2007 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруды


в) Ықпал ету және шығыстардың нәтижелерін, сондай-ақ құнын білу көзқарасынан әртүрлі секторларда балаларға арналған қызметтердің қол жетімділігін, сапасын және тиімділігін бағалау үшін қоғамдық және жекеменшік мекемелер немесе ұйымдар арқылы балаларға жұмсалатын Мемлекеттік бюджеттің көлемі мен үлесін анықтау арқылы ерекше назар аударуды ұсынады



Деректерді жинау


18. Комитетті Конвенцияға енгізілген құқықтарға байланысты 18 жасқа дейінгі тұлғалар туралы бытыраңқы деректерді жүйелі түрде жиналмайтынына және жетістіктерді бағалау үшін және Конвенцияны іске асыру жөнінде саясатты әзірлеу үшін тиімсіз пайдаланатыны алаңдатады.


19. Комитет қатысушы мемлекетке басымдық ретінде, Конвенция қамтитын барлық облыстарды және арнайы қорғауды мұқтаж ететін балаларға зейін аудара отырып, 18 жасқа дейінгі барлық балаларды қоса, бытыраңқы деректерді жүйелі түрде жинауды ұсынады. Қатысушы мемлекет сондай-ақ Конвенцияны іске асыруда қол жеткізген жетістікті тиімді басқаруға және балаларға ықпал ететін саясаттың әсерін бағалауға арналған көрсеткіштерді әзірлеуге тиіс. Осы түпмәтінде Комитет қатысушы мемлекетке ЮНИСЕФ-тен техникалық көмек сұрауды ұсынады.


Конвенцияны оқыту/тарату


20. Комитет қатысушы мемлекеттің Конвенция туралы қоғам жұртшылығы хабардар болуын кеңейту мақсатында жасаған және таратқан әртүрлі жарияланымдарын және осыған қатысты ХЕҰ-ның көп қырлы қызметін атайды. Комитетті, соған қарамастан, балалармен және балалар үшін жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен осы балалардың өздерін қоса, жаппай жұртшылық арасында осы хабарлар туралы білуінің тым төмен деңгейі алаңдатады.


21. Комитет қатысушы мемлекетке:


а) Конвенция туралы жұртшылық арасында да, балалар мен олардың ата-аналарының арасында да, атап айтқанда, әртүрлі шығармашылық әдістерді пайдалана отырып хабардар болу деңгейін көтеру үшін ХЕҰ-мен және басқа да мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруды және нығайтуды;


б) Балалармен және балалар үшін жұмыс істейтін кәсіби топтарда, мысалы: парламентарийлердің, соттардың, заңгерлердің, құқық қорғау және медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің, мектеп әкімгерлерінің және қажет болған жағдайда басқалардың арасында бала құқықтары жөнінде жүйелі түрде оқытуды жүргізуді және қызметті белсенді етуді ұсынады.



ХЕҰ-мен ынтымақтасу


22. Комитет қатысушы мемлекет ХЕҰ-ның тіркелуін жеңілдету, Үкімет пен азаматтық қоғам арасында байланыстарды орнату, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты ұлғайту жөнінде қабылдап отырған талаптары туралы ақпаратты құптайды. Дегенмен, Комитетті Конвенцияны іске асыруда құқықтарға негізделген көзқарасты ұстай отырып, азаматтық қоғамды тартуға және қолдауға едәуір күш-жігерлердің жетіспеушілігі алаңдатады.


22. Комитет азаматтық құқықтары мен еркіндікке қатысы бар мәселелерді қоса, Конвенция ережелерін іске асыру жөнінде серіктес ретінде азаматтық қоғамның маңызды роліна назар аударады және ХЕҰ-мен тығыз ынтымақтастықты мақұлдайды. Атап айтқанда, Комитет қатысушы мемлекетке мемлекеттік емес ұйымдарды, әсіресе құқық қорғау ұйымдарды, сондай-ақ Конвенцияны іске асырудың барлық кезеңдерінде балалармен және балалар үшін жұмыс істейтін азаматтық қоғамның басқа секторларын жүйелі түрде тартуды ұсынады.


D3. Жалпы қағидаттар (Конвенцияның 2, 3, 6 және 12 - баптары)


24. Комитетті кемсітпеушілікке арналған құқықтың қағидаттары (Конвенцияның 2-бабы), бірінші кезекте оның мүдделерін неғұрлым жақсы қамтамасыз ету құқықтары (3-бап), өмірге, тіршілік қабілеттігіне және баланы жетілдіруге құқықтары (6-бап) және баланың оның жасына және кемелділігіне сәйкес көзқарасын сыйлауға арналған құқықтар (12-бап) толық көрсетілмеген заңдарда, саясатта және қатысушы мемлекеттің ұлттық пен жергілікті деңгейлердегі бағдарламаларында іске асырылмайтыны алаңдатады.


25. Комитет қатысушы мемлекетке:


а) Конвенцияның жалпы қағидаттарын тиісті түрде, атап айтқанда: 2, 3, 6 және 12-баптарын балаларға қатысты барлық заңдарға енгізуді;


б) Оларды барлық саяси, заң және әкімшілік шешімдерде, сондай-ақ барлық балаларға әсер ететін жобаларда, бағдарламаларда және қызметтерде қолдануды;


в) Осы қағидаттарды әрбір деңгейде саясатты жоспарлаған және әзірлеген кезде, сондай-ақ әлеуметтік, медициналық және білім беру мекемелері, мәртебелік пен жалпы құқық нормалары бойынша іс-қимыл жасайтын соттар және әкімшілік органдар қолданатын іс-қимылдарда қолдануды ұсынады.


Кемсітпеушілік


26. Комитетті кемсітушілік іс жүзінде, атап айтқанда еңбекке қабілетсіз балаларға; қоғамдық ұйымдардағы балаларға; бір ата-анасы бар балаларға; ауылдық жерде тұратын балаларға; экологиялық жағынан қауіпті облыстарда тұратын балаларға; үйде туған балаларға; аз топтарға жататын балаларға және қыздарға қатысты болуы алаңдатады.


27. Комитет қатысушы мемлекетке балалардың осы топтарының жағдайларын мұқият бақылауды және кемсітушіліктің барлық нысандарын, атап айтқанда, білім алуға, денсаулық сақтауға және жұмыспен қамтамасыз етілуге қол жеткізе алмауды болдырмауға және жоюға көзделген ерекше және мақсатты іс-қимылдарды қамтитын жан-жақты алдын алу стратегияларын әзірлеуді ұсынады.


28. Комитет келесі мерзімді баяндамаға қатысушы мемлекет Нәсілшілдікке, нәсілдік кемсітушілікке, ксенофобияға және олармен байланысты төзімсіздікке қарсы Дүниежүзілік Конференцияда
2001 жылы қабылданған Декларация мен Іс-қимылдар бағдарламасының талаптарын орындауға өзіне алған міндеттемелеріне сәйкес Бала Құқықтары жөніндегі Конвенцияға қатысты шаралар мен бағдарламалар туралы ерекше ақпараттың енгізілуін, сондай-ақ Конвенцияның 29(1)-бабына арналған №1 Жалпы Ескертпелерді ескеруді сұрайды.



Баланың көзқарасын сыйлау


27. Комитет өздерінің көзқарастарын еркін білдіруге арналған балалардың құқықтарына және осы көзқарастар назарға алынатынына кепілдік беруге әзірленген шаралар бойынша заңдардың ережелерін мақұлдайды. Дегенмен, Комитетті осыған қатысты белгіленген жастың шегі осы жастан кіші балаларды есту мүмкіндігіне кедергі келтіру және қоғамда балаларға деген дәстүрлі қатынасы Конвенцияның 12-бабындағы құқықтарды жүзеге асыруға шектеу мүмкіндігі алаңдатады.


30. Комитет қатысушы мемлекетке:


а) Отбасы мен мектеп шеңберінде, сондай-ақ заңды және әкімшілік рәсімдерді орындаған кезде балаларды естуге болатын мүмкіндікке және Конвенцияның 12-бабына сәйкес олардың көзқарастарына сондай-ақ, егер балалар құқықтық жасқа – 10 жасқа келмеген, егер осыған байланысты олар жеткілікті кемелді деп саналған және де оларға әсер ететін барлық істерге қатыса алатын жағдайларда тиісті дәрежеде назар аударуға жәрдемдесуді және жеңілдетуді;

б) Басқалардың ішінде ата-аналарды, мұғалімдерді, үкіметтік шенеуніктерді, сот корпусын, балалардың өздерін және тұтастай қоғамда балалардың қатысуы мен олардың көзқарастарын назарға алу құқығы туралы білім беру ақпаратпен қамтамасыз етуді;

с) Бұдан әрі Комитет қатысушы мемлекетке балалардың көзқарастары назар алынатын шекке және осындай жағдайда саясатқа, бағдарламаны іске асыруға және балалардың өздеріне қандай әсер ететініне ұдайы талдау жүргізуді ұсынады.


D4. Азаматтық құқықтар мен еркіндік

(7,8.13-17.19 және 37 (а)-баптар)


Бала туылуын тіркеу


31. Комитет баланың туылуын ресми тіркеуді қамтамасыз ету бойынша қатысушы мемлекеттің жасап отырған талпынысын атап отыр, дегенмен де туылған кезінде кейбір балалардың азаматтық алмауы қатты ойландырады, өйткені бұл олардың, әсіресе қазақ оралмандары отбасыларында туылған балалардың құқықтарының толық жүзеге асырылуына қатысты жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.


32. Комитет қатысушы мемлекетке азаматтығы жоқ балалардың жағдайын шешу үшін Конвецияның 7-бабына сәйкес азаматтық алуға өтінім беруді жеңілдету жөніндегі шараларды қоса алғандағы, одан әрі іс-әрекеттерді жасауға ұсыныс береді. Комитет, сондай-ақ қатысушы мемлекетке азаматтығы жоқ адамдардың Мәртебесіне қатысты 1954 жылғы Конвенцияның және азаматтығы жоқ адамдарды азайту жөніндегі 1961 жылғы Конвенцияның бекітілуін қарауды ұсынады.


Тиісті ақпаратқа қол жеткізу


33. Конвенцияның 13 және 17-бабына қарай отырып, Комитет соңғы жылдары баспа ақпаратының, оның ішінде балаларға арналған қол жетімді кітаптардың сапасы мен санының төмен түскендігіне алаңдаушылық білдіреді. Ал осымен бір мезетте балалардың амандық-саулығына зиянды ақпарат пен материалдардан оларды қорғауға арналған тетіктер жетіспейді. Сонымен қатар, Комитет «БАҚ туралы» Заңға енгізілетін Түзетулер ақпаратқа қол жеткізуді шектеуі мүмкін екендігіне алаңдаушылық білдіреді.


34. Комитет қатысушы мемлекетке баланың пікірін білдіру еркіндігіне және ақпаратқа қол жеткізу құқығына кепіл беріп, іске асыру үшін қажетті заңдарды қарауды және қайта қарауды қоса алғандағы, барлық тиімді шараларды қабылдауды ұсынады.


Азаптау және қатыгездікпен, айуандықпен немесе қорлап кемсіту немесе жазалау


35. Комитет балалар 18 жасқа толмағанға дейінгі жағдайға жататын азаптауларға қарсы мәселелер көтерілетін Комитет қабылдаған ұсынымдардың мазмұнымен келіседі. Одан әрі Комитет қатысушы мемлекет Басшысының күдіктілерді және қамауда ұсталып отырғандарды құқық қорғау органдары офицерлерінің тарапынан азаптау және оларға деген жаман көзқарастың кең таралғанына және үйреншікті әдетке айналғанына алаңдаушылық білдіргенін және балаларға қарсы жасалған қылмыстар үшін жазаны ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан соңғы шараларды қолдайтынын атап өтті.


36. Комитет, сондай-ақ, білім беру мекемелерінде ұрып-соғып жазалауға тыйым салынғанын, бірақ лайықсыз тәртіптік жазалау әдістері, оның ішінде ұрып-соғу арқылы жазалау әлі де мұндай мекемелерде қолданылатынын атап өтті. Сонан соң, Комитет отбасындағы балаларға деген жаман көзқарас пен оларды ұрып-соғу арқылы жазалаудың кез келген түрін болдырмау және онымен тиімді күресу жөнінде тиісті шаралар қолданылмайтынына алаңдаулы.


37. Конвенцияның 37-бабына қарай отырып және Бас Ассамблеяның 1979 жылғы 17 желтоқсандағы № 34/169 шешімімен қабылданған Құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының мінез-құлық кодексін ескере отырып, қатысушы мемлекет балаларға деген жаман көзқарасты оқиғаларды болдырмау үшін барлық қажетті және тиімді шараларды қолға алуы тиіс. Комитет Мемлекетке 18 жасқа толмаған адамдармен қалай қатынас жасау туралы, құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына балаларға ұсталған кезде олардың құқықтарының айтылуына; шағымдар бойынша рәсімдер жауаптарының тиісінше, уақтылы, баланың жауабындай ақ-жарқын болатындай және түсіністікпен қарайтындай жеңілдетілгеніне; құрбандарды оңалтып қолдауға қамтамасыз ететініне кепіл беретін тренинг өткізуді ұсынады. Сонан соң Комитет Мемлекетке Комитеттің азаптауларға қарсы әзірлеген ұсынымдарын (56/44-бап, 121-129 параграф), атап айтқанда 18 жасқа толмаған адамдарға олардың қалай қолданылатынын іске асыруды ұсынады.


38. Комитет қатысушы мемлекетке күштеп және сана-сезім арқылы зорлық-зомбылық жасаудың барлық түрлерін, оның ішінде отбасында, мектепте және басқа мекемелерде ұрып-соғу арқылы жазалауды тыю жөнінде заң шараларын қолға алуды ұсынады. Сонан соң Комитет Мемлекетке атап айтқанда, хабар тарататын қоғамдық науқандар арқылы жазалаудың, әсіресе отбасындағы, мектептегі және басқа мекемелердегі ұрып-соғу түріне балама ретінде, тәрбиелеудің зорлыққа сүйенбеген дұрыс түрлерін таратуды ұсынады.


D5. Отбасылық орта және баламалы күтім

(5-бап; 8-бап (1 – 2-параграф); 9 – 11-бап; 19 – 21-бап; 25-бап; 27-бап (4-параграф); 39-бап)


Отбасылық орта


39. Комитет отбасы жөніндегі заңнама принциптері Конвенцияның принциптерімен және ережелерімен сәйкес келтірілгені туралы Мемлекеттің есебінде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ ол соңғы кездері отбасыларға арналған кеңесу орталықтары желісінің ұлғаюын да мақұлдап отыр. Комитет Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қиыншылықтарды кешіп отырған отбасылар санының өсуіне орай, іс жүзінде жетімге айналатын тастанды балалар санының көп болуына байланысты қатты алаңдаушылығын бөліседі. СОНЫМЕН ҚАТАР, Комитет декреттік демалыс ұзақтығының шектелуіне, отбасылық демалыстың алынып тасталуына, сондай-ақ жас балалары бар әйелдерге отбасын нығайту үшін бұрындары берілген көптеген жеңілдіктердің қысқартылуына немесе төленбеуіне де алаңдаушылық білдіреді.


40. 18-бапқа қарай отырып, Комитет қатысушы мемлекетке:

а) балалардан бас тартудың санын азайту және оны болдырмау мақсатында барлық тиімді шараларды, оның ішінде хабардар болу деңгейін көтеру бойынша стратегия мен қызметті әзірлеуді қолға алуды;

б) бала үшін ең жақсы орта ретінде отбасыға жәрдем көрсетуді және балалар үйде болу үшін атан-аналарға көмек көрсету жөнінде консультациялар мен қоғамдық бағдарламалар ұсынуды;

в) бала мен ата-ана арасындағы өзара дұрыс қарым-қатынасқа ықпал жасау мақсатында отбасыға әлеуметтік көмек пен қолдауды жақсартуды және балалы отбасыларға, оның ішінде, әсіресе кедей тұратын отбасыларға қаржылай қолдау мен басқа да жеңілдіктерді көбейтуді ұсынады.


Отбасылық ортадан қол үзген балалар/ баламалы күтім


41. Комитет Неке және отбасы туралы Заңның қабылдануын (1998) мақұлдайды. Бұл Заң тәрбиелеу туралы ұғымды қоғамдық мекемелерде тұратын балалар санын азайтудың әдісі ретінде енгізе отырып, алға жылжытады. Алайда, Комитет отбасылық үлгідегі тәрбиелеу туралы қамқорлық пен басқа да баламалы қамқорлық түрлері жеткілікті әзірленбегеніне және оларға қол жеткізудің қиындығына алаңдаулы.


42. Сонан соң Комитет қиыншылық кешіп отырған балаларға көмек көрсету мақсатында институционалдық жауаптарды басымырақ пайдаланудың жалғасып жатқанына, осы балалардың сыртқы әлеммен байланысының шектеулі болғанына және қалай 18 жасқа толысымен олар мекемені тастап кеткен кезде, оларға дербес өмір сүру үшін қажетті білімді және кәсіби дағдыны ала алмайтынына алаңдаулы. Сондай-ақ Комитет кейбір осындай мекемелердегі күтім сапасының және ондағы жағдайлардың нашарлығына алаңдаушылық білдіреді.


43. Конвенцияның 20-бабына қарай отырып, Комитет қатысушы мемлекетке:

а) балалардан бас тартуды болдырмау және олардың санын азайту мақсатында тиімді шараларды, оның ішінде хабардар болу деңгейін көтеру бойынша стратегия мен қызметті дамытуды қолға алуды;

б) тәрбиені, отбасылық үлгідегі үйлерді және басқа да баламалы отбасылық қамқорлықты көтеру әрі нығайту және тиісінше, баламалы түр ретінде институционалдық қамқорлықты азайту жөніндегі тиімді шараларды қолға алуды;

в) балаларды қоғамдық мекемелерге орналастыруды тек мәжбүрлі және уақытша шара ретінде ғана қарастыруды;

г) Конвенцияның 3.3-бабына сай мекемелердегі жағдайларды жақсарту бойынша барлық қажетті шараларды қолға алуды және балалардың қатысуын ұлғайтуды;

д) әлеуметтік сала қызметкерлерін қоса алғанда, мекеме қызметкерлері үшін баланың құқығына бағдарланған қолдау мен оқытуды қамтамасыз етуді;

е) мекемелердегі қамқорлық көрсетудің сапасын және өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартуды және қамқорлық нормаларының ұдайы бақылауда ұсталатынына көз жеткізуді, сондай-ақ Конвенцияның 25-бабына сәйкес орналастыру жөнінде тұрақты түрде мезгіл-мезгіл талдау жүргізуді белгілеуді;

ж) бұдан әрі институционалдық қомқорлық көрсетілмейтін балаларға сәйкестіліктің барабар сақталуын және қайта біріктіру арқылы қолдау мен қызметті қамтамасыз етуді;

з) ынтымақтасуға және көмек көрсетуге ЮНИСЕФ-тен, БҰҰ Даму Бағдарламасынан және басқа халықаралық ұйымдардан қосымша қаражат іздестіруді жалғастыруды ұсынады.


Бала асырап алу


44. Комитет бала асырап алу жөніндегі Ұлттық кеңестің және ішкімемлекеттік пен мемлекетаралық процестерге тартылған ұйымдар үшін нұсқамалы материалдардың бар екендігін атап отыр. Бірақ, тастанды балалар санының өте көп болуын назарға ала отырып, Комитет ішкімемлекеттік және мемлекетаралық жалпы бала асырап алу саясатының, оның ішінде бала асырауға тиімді бақылау мен қолдаудың болмауына алаңдаулы. Комитет сондай-ақ, бала асырап алудың бала құқығына өзінің биологиялық ата-анасын білуге мүмкіндігінше елеулі кедергі келтіретіндей жүзе асырылуына алаңдаушылық білдіреді.


45. Комитет қатысушы мемлекетке бала асырап алу жөнінде жалпы ұлттық саясат пен негізгі принциптерді, оның ішінде бала асырап алуға байланысты қиянат келтірудің, қанаудың және сауда жасаудың кез келген түрін болдырмау үшін бала асырап алу жөнінде талдау, бақылау және қолдау тетіктерін қоса отырып, әзірлеуді ұсынады. Конвенцияның 3 және 7-бабына қарай отырып, Комитет Мемлекетке барлық асырауға алынған балалардың өздерінің ата-анасы туралы ақпаратты алуына мүмкіндігінше барлық қажетті шараларды қолға алуды ұсынады. Комитет сондай-ақ, Мемлекетке Балаларды қорғау және халықаралық бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық жөніндегі Гаага конвенциясын (1993) бекітуді ұсынады.


Асырауға алынған балалардың орналасуына мезгіл-мезгіл бақылау жасау


46. Комитет балалардың орналасуына жүргізілетін мезгіл-мезгіл бақылаудың Неке және отбасы туралы Заңмен және Азаматтық кодекспен реттелетінін, дегенмен заң ережелерін барабар іске асыру үшін қаржы және адам ресурстарының жеткілікті мөлшерде болмауы мүмкін екендігі туралы алаңдаушылықтың сақталып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, қамқорлыққа алынған балалардың орналасуына мезгіл-мезгіл бақылау жүргізуге жеткілікті назар бөлінбеген.


47. Конвенцияның 25-бабына қарай отырып, Комитет қатысушы мемлекетке балаға деген көзқарасы бойынша және барлық оның орналасуына байланысты жағдаяттар бойынша мезгіл-мезгіл талдау жасаудың тиімді тетіктерін әзірлеуді ұсынады.


Балаға зорлық-зомбылық көрсету, оны жақтырмау және оған деген жаман көзқарас


48. Комитет жақтырмаушылықты тыятын заң ережелерін, сондай-ақ уәкілетті билік орындары тарапының балаларды қорлаудан және зомбылықтың басқа түрлерінен қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолға алу туралы міндеттемелерін атап өтті. Дегенмен, Комитет балаларға зорлық-зомбылық көрсету деңгейінің тұтастай алғанда қоғамда, оның ішінде отбасында өсіп отырғанына алаңдап отыр. Комитет ата-аналарының қайда екендігі белгісіз болуына байланысты кемсітушілікке ұшырап отырған балалар санының күрт өсуіне қатты алаңдаушылық білдіреді. Комитет қаржы және адам ресурстарының жетіспеушілігіне, сондай-ақ, осындай қорлауды болдырмайтын және тыйып отыратын барабар дайындалған қызметкерлердің болмауына, зардап шегушілерге арналған оңалту шаралары мен құралдарының, оның ішінде психологиялық оңалту мен қайта біріктірудің жеткіліксіздігіне алаңдап отыр.


49. Комитет қатысушы мемлекетке үйдегі зорлық-зомбылықты, жаман көзқарасты және қорлауды болдырмау және олармен күресу мақсатында жалпы стратегияны іске асыру жөніндегі шараларды күшейтуді, сондай-ақ қарым-қатынастардың өзгеруіне үлес қосуға ықпал ететін саясат пен барабар шараларды қолға алуды ұсынады. Комитет балаларға жасалатын үйдегі зорлық-зомбылық, оларға деген жаман көзқарас және оларды қорлау оқиғаларына құқықтық рәсімдерді абайлап жүргізе отырып, мұқият тексеруді, ал кінәлі адамдарға санкциялар қолдануды ұсынады. Сондай-ақ құқықтық сот ісін жүргізуді, физикалық және психологиялық оңалтуды, Конвенцияның 39-бабына сәйкес зардап шегушілердің әлеуметтік қайта бірігуін қолдау бойынша балаларға кепілді қызмет көрсету жөнінде шараларды қолға алу қажет.


50. Комитет осыған қатысты қатысушы мемлекеттен балаларға қатысты болғандықтан, әйелдерге қатысты барлық кемсіту түрлерін алып тастау жөніндегі Конвенция ұсынымдарын (2001 жылғы 2 ақпан, 96-параграф, 56/38-бап) іске асыруын талап етеді.


D6. Базалық медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік

қамтамасыз ету

(3-параграф, 6; 18-бап; 1 – 3-параграф, 3; 23; 24; 26; 27-бап)


Мүгедек балалар


51. Комитет ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін әлеуметтік, медициналық және білім беру жөіндегі заңды мақұлдайды және қатысушы мемлекеттің еңбекке жарамсыз балалардың алдында кездесетін проблемаларға бағытталған, әсіресе білім беруге, денсаулыққа және жұмыспен қамтылуға байланысты шаралары туралы хабардар.


52. Комитет қатысушы мемлекеттің есебіндегі ұсынған еңбеккке жарамсыз балалардың саны соңғы 12 жылда үш есе артқандығы (қазіргі уақытта – 49800) туралы ақпаратына байланысты қатты алаңдаушылық білдіреді және ұлттық заңнама еңбекке жарамсыз балалардың санатына тек 16 жасқа толғандарды ғана қосатындығын атап өтті.


53. Комитет еңбекке жарамсыз балалардың басым көпшілігінің жағдайының жаман екендігіне алаңдап отыр, әсіресе ол мынаған:

а) еңбекке жарамсыздық Конституция бойынша кемсітушіліктен қорғау жөніндегі негіздердің тізбесіне енгізілмегендігіне;

б) еңбекке жарамсыз балаларды институциялау практикасына;

в) еңбекке жарамсыз балаларға мемлекет ұсынатын консультациялау мен психологиялық қамқорлықтың жоқтығына;

г) еңбекке жарамсыз балалары бар отбасыларға мемлекеттік қолдаудың жоқтығына;

д) еңбекке жарамсыз балаларға кездесетін әлеуметтік кемсітушілікке;

е) жеңілдіктердің, оның ішінде тегін медициналық көмек пен протез салудың едәуір қысқаруына;

ж) тұратын үйлері бойынша бөлінетін ресурстардың едәуір қысқаруына;

з) еңбекке жарамсыз балалардың күнделікті өмірдің түрлі салаларына, әсіресе білім жүйесіне шектеулі мөлшерде тартылуына және қол жеткізуіне алаңдаулы.


54. Конвенцияның 23-бабын қарай отырып, Комитет қатысушы мемлекетке:

а) балалардың еңбекке жарамсыздығының алдын алу жөніндегі себептер мен тәсілдерді анықтау мақсатында зертеулермен айналысуды;

б) еңбекке жарамсыздардың санатына 18 жасқа толмаған барлық балаларды енгізу мақсатында заңнамаға түзетулердің енгізілуін қарауды;

в) еңбекке жарамсыз балалардың жағдайы мен құқықтары туралы хабардар болу деңгейін көтеру және осы құқықтардың іске асырылуына кедергі болып отырған теріс қатынастарға қарсы тұру үшін науқандар өткізуді ұсынады. Олардың құқықтарын ынталандыру кейін, мысалы, ата-аналар ұйымдарына және қоғамдық қызметтерге қолдау көрсету арқылы, сондай-ақ балаларды мекемелерден жақсы отбасылық ортана ауыстыру үшін үздіксіз бағдарламалар арқылы одан әрі жетілдіріле түсер еді.

г) қажетті ресурстарды бағдарламаларға, медицинаға және протез салуға, қызметкерлерді оқытуға және барлық еңбекке жарамсыз балаларға, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын балаларға көрсетілетін қызметтерге бөлуді;

д) Еңбекке жарамсыз адамдар үшін мүмкіншіліктерін теңестіру жөніндегі стандарттық ережені (Бас Ассамблеяның 48/96-қарары) және «Шектеулі мүмкіндіктері бар балалардың құқықтары» жөніндегі пікірсайыс болған күні қабылданған (КПР/С/69, 310-339 параграф) Комитеттің ұсынымдарын қарай отырып, олардың күнделікті жүйеге интеграциялануына және мұғалімдерге арналған арнайы дайындықты және мектептердің әлдеқайда қол жетімді болуын қамти отырып, қоғамға енуіне жәрдем көрсетуді ұсынады.


Денсаулық пен медициналық қызмет көрсету


55. Комитет ауылдық жерлерде денсаулық сақтау қызметтерінің қол жетімділігінің өсуі бойынша 2002 жылы қолға алынған шараларды қолдай отырып, Мемлекеттің есебінде аталып отырған ауылдық жерлердегі балаларға қатты әсер ететін денсаулық қызметі сапасының нашарлауына және қол жетімділігіне әлі де болса алаңдаушылық білдіреді. Комитет әйелдерге арналған тегін медициналық қызметтердің қол жетімділігіне, сондай-ақ барша халыққа, әсіресе әйелдер мен балаларға өте теріс әсері бар қоршаған ортаның нашарлау күйіне (таза ауыз суға қол жеткізуді қоса алғанда) қатысты әйелдер кемсітушілігін алып тастау жөніндегі Комитеттің алаңдаушылығын бөліседі.


56. Комитет денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық, ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған арнайы жан-жақты орта мерзімді бағдарлама, сондай-ақ МКС-тің өлім-жітім коэфициентінен және ана өлімі коэфициентінен 5 есе төмен азайғаны туралы атап отыр, бірақ та ол бұл көрсеткіштердің әлі де жоғары болып тұрғанына алаңдаушылық білдіреді.


57. Комитет бойжеткендердің денсаулығына қатысты, ана өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылатын олардың арасындағы жүктілік пен аборттың жоғары көрсеткіштеріне алаңдап отыр. Комитет ЖҚТБ-ға қарсы әрекет ету жөніндегі Ұлттық жоспарды қолдай отырып, дегенмен де ЖҚТБ-ға, нашақорлыққа, алкоголизмге байланысты проблемалардың туындауына және темекі шегудің артуына алаңдаушылық білдіреді.


58. Комитет таза суға жеткілікті қол жеткізе алмау проблемасына, қауіпсіз тамақ өнімдерінің жеткіліксіздігіне және Арал теңізіндегі апатқа байланысты туындайтын қатты қауіпке, сондай-ақ Семей полигонындағы (1989 жылы жабылған) ядролық сынақтарға байланысты туындайтын қауіптерге алаңдаушылық білдіреді және осылардың әсеріне ұшыраған халықтың денсаулығына және психологиялық-әлеуметтік зардаптарына жеткілікті көңіл бөлінбей отырғандығын атап өтті.


59. Комитет қатысушы мемлекетке:

а) барлық балалар, әсіресе ең осал топтардың және ауылдық жерлердің балалары алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізе алатынына кепілдік беруін және Мемлекетке осы бағытта күш салуды жалғастыруға кеңес беруді және балаларға қатысты болғандықтан әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі Конвенцияның ұсынымдарын іске асыруды;

б) балалық шақтан бастап кіріктірілген және көп аспектілі көзқарасқа кепілдік беру үшін ұлттық саясат әзірлеуді;

в) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының балалар ауруларын кешенді басқару жөніндегі бағдарламасын іске асыруды және күшейтуді;

г) Семей ядролық полигонының әсеріне ұшыраған балаларға ұсынылатын мамандандырылған медицинаны, психикалық-әлеуметтік аспектіні қоса отырып, жақсартуды;

д) ядролық зақымдануға байланысты ауруларды анықтау және олардың алдын алу жөніндегі іс-қимылдарды күшейтуді;

е) балаларға көмек көрсету жөніндегі ұзақ мерзімді эксперименталдық тәсілге атап айтқанда, осы облыстағы БҰҰ бастамаларына қолдау көрсету арқылы көбірек жинақталуды;

ж) балаларға зиян келтіретін қоршаған ортаның бұзылуы, оның ішінде қоршаған ортаның және тамақ өнімдерінің ластануы зардаптарын болдырмау және оларға қарсы күресу үшін, халықаралық ынтымақтастықты қоса алғандағы, барлық тиісті шараларды қабылдауды ұсынады.


Г7. Білім, демалыс және мәдени қызмет (28, 29, 31-бап)


60. Комитет қатысушы мемлекеттің барлық мектеп жасындағы балаларға міндетті орта білім беруді қамтамасыз ету, жағдайы нашар балаларға тегін оқулықтар ұсыну, мектепке дейінгі мекемелерге міндетті қатысуды белгілеу сияқты мақсатттарды қамтитын «Білім туралы» Заңды 1999 жылы қабылдай отырып, білім жүйесін жақсарту үшін қолға алған талпыныстарын қолдайды. Комитет білім саласының көптеген кедергілеріне, оның ішінде:

а) экономикалық жағынан нашар отбасылардағы және ауылдық жерлердегі балалардың білімге қол жеткізуін шектейтін оқу құнының өсуіне;

б) мектепке дейінгі мекемелерге балалардың қол жеткізуін шектейтін мектеп мекемелері санының азаюына;

в) орта және кәсіптік-техникалық білім алу кезінде мектеп тастаушылар коэфициентінің артуына;

г) білім беру мекемелері санының және білімге қол жеткізу сапасының ауылдық жерлерде айрықша жетіспеуі кезінде, олардың едәуір өңірлік сәйкес болмауына;

д) мұғалімдерді қажетті алдын ала даярлаусыз білім реформаларының жүзеге асырылатынына қатысты алаңдаушылығын білдіреді.


61. Комитет қатысушы мемлекетке:

а) тегін бастауыш білім беру мүмкіндігіне және ерекше назарға әрі сапалы, оның ішінде өздерінің ана тілінде білім алуға мұқтаж ауылдық жерлердегі, саны аз топтардағы, репатрианттар мен босқындардағы немесе пана іздеп келушілердегі, сондай-ақ жағдайлары нашар отбасындағы балаларға айрықша назар сала отырып, Мемлекеттегі барлық балалардың білімге қол жеткізуіне кепілдік беруін;

б) тиісті қаржы ресурстарын қоса отырып, мектеп жасына дейінгі мекемелерге қатысуды арттыру және мекемелер санын көбейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыруды;

в) мақсатқа жету үшін тиісті ресурстармен қамтамасыз ете отырып, заңнаманың міндетті білім алуға мәжбүрлеуіне кепілдік беруін;

г) тиісті қаржыландыруды және мұғалімдер даяралуды, сондай-ақ жаңа бағдарламалар сапасын бағалау процесінің ұйымдастырылуын қоса отырып, білім саласындағы реформаларды іске асыруда мектептерде жеткілікті дайындық жасала отырып және оларды қолдай отырып реформалардың жүзеге асырылуына кепілдік беруін;

д) білім беру мақсаттары бойынша Ковенцияның 29-бабында және Комитеттің Жалпы түсініктемесінде аталған мақсаттарға жету үшін тұтастай алғанда, елдегі білім беру сапасын жақсартуды және балалардың құқықтарын қоса алғандағы, білім алуға адамның құқығы түрлі тілдердегі мектеп бағдарламаларына енгізілетініне кепілдік беруін ұсынады.


D8. Арнайы қорғау шаралары (22, 38, 39, 40, 37 (б) (г), 32 – 36-бап)


Ішкі ауыстырылған адамдар санатына жататын босқындар мен балалар


62. Комитет «Босқындар туралы» жаңа заң жобасында ұсынылған ақпаратты мақұлдайды және Мемлекеттің этникалық қазақтарды репатрациялау жөніндегі осындай атаумен егжей-тегжейлі әзірленген жасап жатқан жұмыстарын атап өтуде, дегенмен де Комитет мыналарға:


а) іс жүзінде белгілі бір елдерден келген босқындарға босқын мәртебесін бермеуіне;

б) босқын мәртебесіне ие емес және басқа да талап етілетін құжаттары жоқ балалар үшін білімге қол жеткізудің проблемалардың бар екендігіне;

в) Батыс Қазақстанға жұмыс іздеп келуші заңсыз мигранттарға, оның ішінде балаларға ұсынылатын азық-түліктік және медициналық көмекті қоса алғандағы емдеудің барабар еместігіне;

г) сүйемелдеусіз кәмелетке толмағандарға отбасынан айрылған балалар сияқты емдеудің ұсынылмайтынына алаңдаушылық білдіреді.


63. Комитет қатысушы мемлекетке:


а) заң (жоба) Конвенцияның 22-бабына және босқындар балаларын қорғау және оларға көмек көрсету жөніндегі басқа да халықаралық стандарттарға сай екендігіне кепілдік беруін әрі оның жариялануын жеделдетуді және оның тиімді іске асырылуына кепілдік беруін;

б) босқындардың балаларына халықаралық қоғамдастық танитын туу туралы тиісті куәліктер беру бойынша рәсімдер енгізуді және қажет болған жағдайда заңнамаға немесе әкімшілік нормативтік актілерге түзетулер енгізуді;

в) сүйемелдеусіз босқындар балаларының ерекше қажеттіліктері мен жағдайларын қанағаттандыру бойынша рәсімдер әзірлеуді және ата-анасын немесе отбасының басқа мүшелерін табу мүмкін болмаған жағдайда, онда ол балаға тұрақты немесе уақытша отбасынан қол үзген кез келген балаға көрсетілетін қорғауды, қамқоршылықты және әлеуметтік қызметтерді ұсыну қажет;

г) пана іздеуші балалар немесе босқын балалар кім екендігіне және қайда тұратындығына қарамастан білім алу сияқты көрсетілетін қызметке тең қол жеткізе алатын шараларды қарауды;

д) Азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесі туралы 1954 жылғы Конвенцияға және Азаматтығы жоқ адамдарды азайту жөніндегі 1961 жылғы Конвенцияға қосылуды;

е) БҰҰ-ның УВКБ-сымен ынтымақтастықты жалғастыруды және нығайтуды ұсынады.


Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру


64. Комитет 1998 жылы Конвенцияның 37 және 40-бабында белгіленген талаптарды қамтитын «Қылмыстық жауапкершілік пен кәмелетке толмағандарды жазалаудың арнайы сипаттамалары» атты арнайы тарауы бар жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануын мақұлдайды.


65. Комитет заңмен жанжалда жүрген кәмелетке толмағандарға Балалар құқығы конвенциясына толық сай көзқарас құқығына негізделіп құруға бағытталған екі эксперименталдық жоба туралы ақпаратты мақұлдайды. Бірақ Комитет кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот төрелігі жүйесіндегі кемшіліктерге, оның ішінде:

а) кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған судьялардың және/немесе соттардың жоқтығына және осы салада жұмыс істейтін кәсіпқой заңгерлердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің, мемлекеттік педагогтардың және бақылау жасайтын лауазымды адамдардың жетіспеушілігіне;

б) алдын ала қамауда отырған балалардың ата-аналарына немесе баланың қамқоршыларына ұстап алғандығы туралы бірден хабарламайтынына (өйткені адамның осылайша ұсталуы 18 айға дейін созылуы мүмкін);

в) жазалау түрі ретінде «арнайы білім беру мекемесінде» 11 мен 14 жас аралығындағы балалардың орналастырылуына (мұны Қылмыстық кодекс түсініктемесінде осындай шешімдерді шығаруға түсініксіз заң ережелері үшін көздейді);

г) заңдық негіз немесе сот ісін жүргізу болмаған жағдайда, Кәмелетке толмағандарға арналған уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында (КУОБОО) 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың орналастырылуына;

д) түзеу және басқа мекемелерде орналастыруға кесілген балалар санының әлі де көп болуына, сондай-ақ осы мекемелердегі білім беру мен басқарудың қанағаттанарлықсыздығына әрі әлеуметтік және психологиялық регенерациялаудың жетіспеушілігіне;

е) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, атқарушы билік туралы қылмыстық заңнаманың талаптарына толық сай емес, балалардың еркіндігін шектеуге жол беретін бағындыру нормалары мен ведомстволық ережелер мен нұсқаулардың болуына алаңдаушылық білдіреді.


66. Комитет қатысушы мемлекетке:

а) Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот төрелігі стандарттарын, атап айтқанда конвенцияның 37, 40 және 39-бабын, сондай-ақ БҰҰ Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот төрелігін басқарудың ең төменгі стандарттар ережесін және БҰҰ Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықты болдырмау жөніндегі нұсқаулықты (Эр-Рияд нұсқаулығы) толық іске асыруға осындай толық іске асыруға бағытталған эксперименталдық жобаларды толық қолдауды қамтамасыз ете отырып, кепілдік беруін;

б) тек соңғы амал ретінде барынша ең қысқа мерзімге алдын ала қамауды қосы алғандағы, ұстауды;

в) 39-бапқа қарай отырып, кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот төрелігі жүйесіне тартылған оңалтуға және әлеуметтік қайта біріктіруге, оның ішінде осы қайта біріктіруді жеңілдету үшін қажетті білім беру мен сертификатты қоса отырып, жәрдемдесуге тиісті шараларды қолға алуын;

г) балалардың құқықтарын шектеуге жол беретін қазіргі нормалар мен ережелер Қазақстанның заңдарына және халықаралық стандарттарға сай болуына кепілдік беруін;

д) КУОБОО тек уақытша шара ретінде және барынша қысқа кезең аралығына ғана адасып кеткен, тастанды және үйсіз балаларға көмек көрсету және оларды орналастыру бойынша орталықтарға айналу қажет екендігін;

е) Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот төрелігі жөніндегі техникалық консультациялар мен көмек көрсететін үйлестіру тобы арқылы Адам құқығы жөніндегі БҰҰ Жоғарғы Комиссары Басқармасынан және ЮНИСЕФ-тен көмек іздестіруді ұсынады.


Қылмыстық кодекс


67. Комитет Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодексі туралы толыққанды ақпараттың жалпы жетіспеушілігіне алаңдап отыр. Комитет қоғамдық тәртіпті бұзу қоғамға қатер төндіретін және мінез-құлық проблемаларының криминализациялануына әкелетін ауыр қылмыс ретінде ұйғарылатынын атап өтті.


68. Комитет қатысушы мемлекетке 14-16 жастағы балаларды заңдық қылмыстық қудалауды азайту үшін және балалардың мінез-құлық проблемаларының криминализациялануы жағдайларын (кәмелетке толмағандардың мәртебелік құқық бұзуын) алып тастау үшін ауыр қылмыстарға қатысты өзінің жіктемесін қайта қарауды ұсынады.


Экономикалық қанау


69. Комитет балаларды қорғау жөнінде ерекше кепілдіктерді қамтитын және шараларды көздейтін 2000 жылы күшіне енген «Еңбек туралы» жаңа Заңды, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының балалар еңбегінің ең нашар түрлері жөніндегі 182-конвенциясының жақында бектілуін мақұлдайды. Комитет жастар арасындағы реттелмейтін жұмыспен, әсіресе жеке секторда, ауыл шаруашылығында және үйде қамтылудың жағдайлары туралы Мемлекеттің хабардарекендігін атап өтті, бірақ, сондай-ақ балалар еңбегін азайту және жою бойынша тиімді шаралардың жоқтығына алаңдаушылық білдірді.


70. Комитет қатысушы мемлекетке:

а) балалар еңбегін қанауды болдырмау және оған қарсы күресу жөнінде ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдау және іске асыру мақсатында балалар еңбегінің қолдану себептері мен деңгейі бойынша ұлттық зерттеу жүргізуді;

б) ХЕҰ 182-конвенциясын дереу іске асыру үшін барлық балаларды экономикалық қанаудан, әсіресе ең нашар балалар еңбегінің түрлерінен қорғау жөнінде іс-қимылдар жалғастыруды және күшейтуді ұсынады.


Балаларды сексуалдық қанау және саудалау


71. Комитет:

а) сексуалдық индустрияда балалар санының өсуіне және балаларды жезөкшелікпен айналысуға қауесет бойынша ата-аналардың өзі мәжбүрлейтінін қоса алғанда, қоғамның балалар жезөкшелігі проблемасына енжар қарауына;

б) сексуалдық зорлаудың құрбандары болған балаларға психотерапиялық көмек сияқты білікті қызметтер, сондай-ақ балаларды оңалту және қайта біріктіру бойынша бағдарламалар ұсына алатын мамандандырылған орталықтардың болмауына алаңдаушылық білдіреді.


71. Комитет Мемлекетке:

а) Балалардың коммерциялық сексуалдық қаналуына қарсы Дүниежүзілік Конгресте 1996 және 2001 жылдары қабылданған Декларацияны, Іс-қимылдар жоспарын және Дүниежүзілік міндеттемелерді, сондай-ақ осы мағынадағы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі конвенцияның ұсынымдарын (97-параграф, 56/37-бап) назарға ала отырып, трафикке, балалар жезөкшелігіне және балаларды сексуалдық қанаудың басқа да түрлеріне қарсы күресу жөніндегі жан-жақты бағдарламаның әзірленуін және іске асырылуын;

б) балалардың саудагерлерге қатысты қауқарсыздығын азайту бойынша шараларды қолға алуды және балаларға көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарын, жедел желілерді, бала саудалаудың және/немесе сексуалдық қанаудың құрбандары болған балаларды оңалтуға және әлеуметтік қайта біріктіруге арналған бағдарламалар құруды;

в) ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатуды болдырмау, тыйым салу және жазалау жөніндегі 2000 жылғы Хаттаманы бекітуді, сондай-ақ оның іске асырылуын үйлестіру және бақылау тетіктерін қамтамасыз етуді;

г) бала саудасының таралуына қатысты одан әрі зерттеулер жүргізуді және осыған байланысты ЮНИСЕФ-пен техникалық ынтымақтастық жолдарын іздестіруді ұсынады.


Панасыз балалар


72. Комитет:

а) панасыз балалар санының ұдайы өсуіне, жастар істері жөніндегі агенттіктердің осы жағдайға назар бөлу мақсатында жүзеге асырып отырған саясаты пен бағдарламаларының сай болмауына;

б) бас тарту мен қылмыстылықты болдырмау үшін әлеуметтік көмек ретінде қарастырылып отырған осы балалар туралы хабарлау бойынша арнайы алдын алу шараларының дәрменсіздігіне және арнайы деректер қорының жүргізілуіне;

в) панасыз балалардың сексуалдық қорлауға, зорлыққа және оның ішінде полицияның зорлығына, қанауға, білімге қол жеткізе алмауға ұшырауына, алкоголь мен есірткіге салынуына, сексуалдық қарым-қатынастар арқылы берілетін ауруларға, ЖҚТБ-ға ұшырауына және олардың жүдеп-азуына қатты алаңдаушылық білдіреді.


73. Комитет Мемлекетке:

а) үй-күйсіз балалар қажетті тамақпен, киім-кешекпен, баспанамен, денсаулық сақтау қызметімен және олардың толық дамуын қолдау үшін кәсіби және өмірлік дайындық сияқты білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз етілетініне;

б) үй-күйсіз балалар физикалық және психологиялық оңалтуға, әлеуметтік қайта біріктіруге ықпал ететін қызметтермен қамтамасыз етілетініне;

в) феноменнің ауқымдары мен себептерін бағалауға талдау жүргізілуіне және балардың мүддесін көздей отырып әрі олардың қатысуымен үй-күйсіз балалар феноменін болдырмау және азайту мақсатында үй-күйсіз балалар санының ұдайы өсуіне қарсы күресу жөнінде жан-жақты стратегияның әзірленуіне;

г) үй-күйсіз балалар жағдайын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметке қарағанда жастарға әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы көрсетілетін қызметтер жүйесі бойынша шешілуіне кепілдік беруін ұсынады.


D10. Баяндаманы тарату


74. Конвенцияның 6-параграфы 44-бабына қарай отырып, Комитет қатысушы мемлекет ұсынған бастапқы баяндама мен жазбаша жауаптардың жұртшылыққа кең түрде қол жетімді болуын және пікірсайыс туралы тиісті қысқаша есептермен және баяндама қаралғаннан кейін Комитет қабылдаған қорытынды ескертпелермен бірге баяндаманың жариялану мүмкіндігін қарауды ұсынады. Мұндай құжат пікірсайысты ұйымдастыру және мемлекеттің барлық басқару деңгейлерінің және қалың жұртшылықтың, оның ішінде мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың арасында Конвенция туралы, оны іске асыру және бақылау туралы көбірек хабардар болу мақсатында көпшілікке жария болуы қажет.


D11. Келесі баяндама


75. Комитет баяндамаларды жасау практикасының маңыздылығын атап отыр, олар толықтай Конвенцияның 44-бабының ережелеріне сай болуы тиіс. Конвенция бойынша Мемлекеттің балалар проблемалары жөніндегі міндеттерінің маңызды аспектісін Конвенцияны іске асыру барысында қол жеткен табыстарды БҰҰ Баланың құқығы жөніндегі комитетінің тексеруге тұрақты мүмкіндіктері болатындай кепілдіктерді ұсынуын қамтиды. Осыған қатысты қатысушы мемлекеттің тұрақты және уақтылы баяндамаларын алып отыру маңызға ие. Комитет кейбір қатысушы мемлекеттердің уақтылы және тұрақты баяндамалар ұсынуға байланысты қиыншылықтар кешіп отырғандығын түсінеді. Қатысушы мемлекетке өзінің баяндамасын толықтай Конвенцияның міндеттемелеріне сәйкес келтіру үшін көмектесуге айрықша шара ретінде, Комитет қатысушы мемлекеттен өзінің 2-ші және 3-ші жиынтық мерзімді баяндамасын 2006 жылғы 10 қыркүйекке, яғни 3-ші мерзімді баяндама ұсынатын мерзімде ұсынуды сұрайды. Мұндай баяндама 120 беттен аспауы тиіс (Қараңыз: Бала құқығын қорғау жөніндегі комитет/С/118). Комитет қатысушы мемлекет кейіннен Конвенцияда белгіленгендей әрбір 5 жыл сайын есеп беріп отыратын болады деп күтеді.



 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   


 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика