Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Омбудсмен азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінді

Версия для печати Версия для печати

10.04.2018 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Қазақстан Республикасы Үкіметіне азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету туралы үндеу жіберді.

Үндеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық құжаттарында көзделген мемлекеттік тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдаудың маңызды шаралары аталып өтілген.

Сонымен қатар, Омбудсмен мекемесіне азаматтардың келіп түсетін шағымдары бұл олардың жоғарыда аталған құқықтарын жүзеге асырылуына кедергі келтіретін факторлардың бар екендігін дәлелдейді.

Үндеуде қозғалған мәселелердің бірі - 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк наградалары туралы» Заңының 36-бабына сәйкес, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалары аналардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығын жүзеге асыруға қолданыстағы заңнамадағы құқықтық қайшылықтың бар екендігі болып табылады.

Жоғарыда аталған құқық, 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектігі бар тұлғаларға қарастырылған. Аталмыш заңға сәйкес, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тек көпбалалы отбасылар санаты бойынша ғана үміткер бола алады

Бұл заңды қайшылықты Астана қаласының прокуратурасы растап, алайда бұл, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары қолданылатынын түсіндірді. Осыған байланысты азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібімен байланысты құқықтық қатынастар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының ережелерімен реттеледі.

            Өз үндеуінде Омбудсмен қалыптасқан жағдай, көптеген балалары бар аналармен бірінші кезектегі тәртіппен тұрғын үй алу құқығын іске асыруда сөзсіз екімәнділікті қалыптастыратынына алаңдаушылығын білдірді, өйткені жергілікті атқарушы органдардың осындай құқықты беруден бас тартуына келіспейтіндіктерін білдіретіндіктен, олар өздерінің мүдделеріне заң жүзінде бекітілген нормаларын басшылыққа алады.

Мазмұндалған үндеудің мағынасында, аталмыш  заңнаманың нормаларын жан-жақты талдау негізінде тиісті сәйкестікте келтіру қажеттілігі атап өтілді.

Омбудсмен көтерген тағы бір маңызды мәселе санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай емес тұрғын үйлер, азаматтарды есепке қоюдың айқын тетігінің жоқтығы болып табылады. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69-бабына сәйкес, тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

Сонымен қатар, ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұранымына аталмыш тәртіппен жауап берілген Астана қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, тұрғын үйдің жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеуі/сәйкестігін растайтын куәлікті беру бойынша осы уақытқа дейін уәкілетті орган бірде-бір нормативтік актімен айқындалмаған.

Баяндалғанның контекстінде Үкіметтің назары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында нақты нормасы бар кезінде оны іске асыру тетігі ұзақ уақыт бойы болмағандығына аударылды

Осы жағдайларға байланысты, Омбудсмен мекемесімен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен аталған олқылықты толықтыру бойынша жұмыс жүргізіліп, оның нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен тиісті заңға бағынышты актіге өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер қажетті қорытындылар берудің келесі тәртібін белгілейді: 1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұрғын үйге арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасы беріледі; 2) тұрғын үйді техникалық байқаудан өткізудің нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған сарапшымен тұрғын үйге техникалық қорытындының түпнұсқасы беріледі.

Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген келесі мониторингі, бұл органдар жоғарыда аталған нормативті өзгерістер туралы хабарланбағанын және тиісінше, олардың тұрғындары белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда азаматтарды тіркеуден бас тартатынын көрсетті.

Бұл мәселені реттеудің қажеттілігі айқын, өйткені қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайлары азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Бұл тұрғыда Омбудсменнің пікірінше құқық қорғау тәжірибесін ескере отырып, тұрғын үй заңнамасына түгендеу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметін тиісті бақылауды жүргізу қажетті болып табылады.

                                                                                                                

ҚР Адам  құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының

баспасөз-қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика