Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Астанада мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды

Версия для печати Версия для печати

28.03.2018 

Бүгін Астана қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен бірлесіп ұйымдастырған мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша Диалогтық алаң отырысы өтті.

Іс-шара жұмысында ҚР ЕХӘҚМ вице-министрі Светлана Жақыпова, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Серік Оспанов, азаматтық сектор, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау, білім және ғылым, ақпарат және байланыс министрліктерінің, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесіндегі нормаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу болды.

Өз сөзінде Серік Оспанов аталмыш тұлғалардың әуе көлігі қызметтеріне, инфрақұрылым объектілеріне, білім алуға, сондай-ақ сотталған мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге және т.б. мәселелерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ұлттық құқық қорғау мекемесіне келіп түскен өтініштерге, азаматтық қоғам өкілдерінен алынған ақпаратқа және бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларына сәйкес, ерекше қажеттіліктері бар адамдар өз құқықтарын толық іске асыруға кедергі келтіретінін атап өтті.

Аталмыш мәселелер Омбудсменнің ертеректе ҚР Үкіметіне жүгінген кезінде қозғалған, қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен алынған ұсыныстарға нақты талдау қамтамасыз етілді және мүдделі мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысуымен мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша диалог алаңын өткізу туралы келісімге қол жеткізді.

Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі сондай-ақ, Мемлекет басшысына жолданған, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2017 жылға арналған есебінде жарияланды, оны қараудың қорытындысы бойынша Үкімет тиісті тапсырмалар берілді.

Диалог алаңының қатысушылары ұлттық құқық қорғау мекемелерінің, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуіндегі таңдалған форматының тиімділігіне қатысты өз пікірлерін білдірді.

Талқылаудың қорытындысы бойынша тараптар ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы жағдайды жетілдіруге және ынтымақтастық келешегін кеңейтуге бағытталған бірқатар бірқатар тәжірибелік ұсынымдарды әзірледі.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөзқызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика