Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Ұлттық алдын алу тетігінің қайта сайланған қатысушылары азаптаудың алдын алу саласындағы халықаралық стандарттар мен ұлттық тәжірибемен танысты

Версия для печати Версия для печати

20.03.2018 

14-15 наурызда Астана қаласында Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері үшін Қазақстанда азаптаудың алдын алу бойынша тренинг өтті.

Бұл іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламасы кеңсесінің, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының және Орталық Азиядағы Қылмыстық реформа халықаралық ұйымының қолдауымен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл басқармасымен ұйымдастырылды.

Тренингке Қазақстанның барлық өңірлерінен Ұлттық алдын алу тетігінің қайта сайланған қатысушылары қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушылары ҰАТ қатысушыларының әлеуетін арттыру, азаптауды болдырмау саласындағы кәсіби тәсілдерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары және мекеме қызметінің басқа аспектілері туралы хабардар етті.

Жабық мекемелерге мониторинг жүргізудің теориялық және практикалық тәжірибелерімен адам құқықтарын қорғау саласындағы көп жылдық тәжірибесі бар ҰАТ Үйлестіру Кеңесінің мүшелері «Кадір-қасиет» ҚБ директоры Анара Ибраева, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы Шығыс Қазақстан филиалының директоры Қуат Рахимбердин және «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова бөлісті.

Тренинг бағдарламасы халықаралық стандарттарға сәйкес нормативтік-құқықтық және практикалық бақылаудың кең ауқымын қамтыды.

Ұлттық сарапшылар қамауда ұстау орындарына мониторингтің нақты құралдары мен әдістерін, сондай-ақ қолданыстағы тетіктерді жетілдіру шараларын ұсынды.

Тренингтің жеке бөлімі практикалық мәселелерді шешуге арналған, онда қатысушылар өздерінің дағдыларын нақты мысалдармен жақсартуға және командалық жұмыстың нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік алды.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылармен ҰАТ мониторингінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленді.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика