Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

ҚР-дағы Омбудсмені БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қорының өкілімен балалар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың перспект

Версия для печати Версия для печати

05.02.2018 

Баспасөз айғақ

 

Бүгін Астанада ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Өкілі Юрий Оксамитныймен кездесті. Кездесу барысында елдегі балалар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық пен оны дамытудың перспективалары мәселелері талқыланды.

Тараптар «Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азиядағы көші-кон үрдістерінде балаларды қорғау» еларалық бағдарлама шеңберіндегі бірлескен жұмыс туралы келісті. Оның мақсаты көші-қон үрдістеріне қатысы бар балаларға жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Аталмыш жоба 3 жыл мерзімге жоспарланған және бұл бағыттағы заңнамалық базаны жетілдіруге, аталған өңірлердегі елдердің өзара әрекеттесуін нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) шеңберіндегі өзара әрекеттесу мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта Парламенттің қарап жатқан 200-ден аса балаларға арналған институттық мекемелерді енгізу арқылы ҰАТ мандатын кеңейтуді көздеп отырған заң жобасы мәнмәтінінде аталмыш мекемелердегі қатыгез қарым-қатынасты алдын алуға бағытталған мониторингтік қызмет процесінде ҰАТ қатысушыларының әлеуетін арттыруда көмек көрсетуге әзір екенін білдірді.

Кездесу барысында сондай-ақ білім беру реформаларына, инклюзивтік білім беруді енгізу мен таратуға, денсаулық сақтау жүйесіне баға беру және талдау саласында бірлескен іс-әрекеттер талқыланды.

Тараптар отбасыда, мектептер мен балаларға арналған мекемелерде зорлық-зомбылықты алдын алу және балалардың құқықтарына мониторинг жүргізу бойынша бірлескен жобалар шеңберінде ҚР-дағы Омбудсменнің жинақталған оң тәжірибесі қазіргі уақытта шетелдік әріптестерінің айтарлықтай қызығушылығын тудыра отырып, халықаралық деңгейде сәтті таралғанын атап өтті.  

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі