Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі Үйлестіру кеңесінің жаңа мүшелер

Версия для печати Версия для печати

19.01.2018 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

                                                                                           г.Астана

 Астана қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия ҚР Парламенті депутаттарынан, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың, академиялық топтардың, БАҚ өкілдері санынан қалыптасады. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес биылғы жылы Комиссия жаңа құрамда ұсынылған, оған белгілі қоғам қайраткерлері кіреді.

Кездесудің негізгі мақсаты Үйлестіру кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау өкілеттілік мерзімі аяқталған мүшелеріне айырбастау болып табылады.

Кездесу барысында Омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезеңінде қол жеткізілген Ұлттық алдын алу тетігінің негізгі нәтижелерін қорытындылап, бұл Қазақстандағы осы мекеменің қалыптасу тәжірибесі таңдап алынған мониторинг үлгісінің тиімділігіне куә болып отырғынын атап өтті.

Төрт жыл бойы ҰАТ қатысушыларымен жабық мекемелерге 2000-нан астам алдын ала болулар өткізілді, олардың әрқайсысымен сол немесе өзге де қажетті шараларды қабылдау бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Комиссия мүшелерімен ҰАТ Үйлестіру кеңесінің қызметі, олардың қабылданған шешімдерінің тиімділігі аталып, тұтастай алғанда оң бағаланды. Үйлестіру кеңесі ұсынған ұсынымдар, атап айтқанда, алдын ала болуларды өткізу, ҰАТ-нің БАҚ-мен жұмыс істеуі, полиция учаскелеріне бару бойынша, ҰАТ қатысушыларының этикалық кодексі шет елдік тәжірибе емес ұлттық тәжірибе ретінде негіз болды.

Ерекше назар ҰАТ қатысушыларының соның ішінде халықаралық және отандық сарапшыларды тарта отырып, олар үшін өткізілген оқыту барысында алынған кәсіби дайындығының жоғары деңгейіне назар аударылды.

Еуропада және Орталық Азиядағы ұлттық құқық қорғау мекемелерімен өзара іс-қимылды нығайтуға қосқан үлесі ретінде 2017 жылы Астана қаласында өткізілген Ұлттық алдын алу тетігінің бірінші форумы аталып, оның барысында ҰАТ жұмысындағы Қазақстанның тәжірибесі жоғары халықаралық деңгейде ұсынылды.

Комиссия мүшелері Үйлестіру кеңесі құрамының жартысының өкілеттігі аяқталғаны, сондай-ақ оның мүшелерінің бірі оның құрамынан ерікті түрде шығуы туралы хабардар болды. Оның жаңа мүшелерін сайлау мақсатында, бос лауазымдарға конкурс жарияланды. Үйлестіру кеңесінің құрамына кіру үшін барлығы 21 өтініш келіп түсті.

Үйлестіру кеңесі туралы Ережеге сәйкес, Комиссияның жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша, Үйлестіру кеңесінің құрамына 4 жыл мерзіммен 2022 жылғы қаңтарға дейін 9 мүше сайланды. Шығып кеткен қатысушысыны ауыстыру мақсатында 2 жыл мерзіммен (2020 жылғы қаңтарға дейін) Үйлестіру кеңесінің жаңа 1 мүшесі сайланды.

 

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

аппаратының баспасөз-қызметі

 

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика