Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров Женевада БҰҰ Адам құқықтары құрылымдарының өкілдерімен бірқ

Версия для печати Версия для печати

26.12.2017 

 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Женевада (Швейцария Конфедерациясы) БҰҰ ұйымдарында жұмыс кездесулерін және консультацияларын өткізді.

Омбудсмен шетелдік әріптестерге Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктері мен шаралары туралы хабардар етті. Бірқатар құқық қорғау бағыттары бойынша Қазақстан тәжірибені тарату, атап айтқанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерінде донор болып табылатынын атап өтті.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Америка, Еуропа және Орталық Азия мемлекеттері бөлімінің басшысы Х.М. Араньяспен кездесу барысында тиісті құқық қорғау саласындағы бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы келісімге екі жақты деңгейде де, сондай-ақ Орта Азиялық омбудсмен институттарының ынтымақтастығы аясында қол жеткізілді. Осыған байланысты, биылғы жылдың қарашасында Алматы қаласында өткен АҚЖКБ қамқорлығымен жоғарыда аталған аймақтық форматтағы омбудсмендердің консультацияларының нәтижелеріне жоғары баға берілді. Сондай-ақ, омбудсменнің мәртебесін Қазақстан Республикасының Конституциясында бекіту және оның мекемесін одан әрі институционалдық жетілдіру Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелерінің Ғаламдық альянсындағы «А» мәртебесін алуға ықпал ететіндігі аталып өтілді.

Шетелдік әріптестер қазақстандық азаптаулар мен басқа да қатыгез қарым-қатынастың алдын-алу тетігінің (ҰАТ) қазақстандық тәжірибесіне оң баға берді. БҰҰ-ның азаптауды болдырмау жөніндегі кіші комитетінің хатшылығының өкілі А.Аветисянмен кездесу қорытындысы бойынша 2018 жылдың сәуір айында Астана қаласында бірқатар еуропалық және азиялық елдердің қатысуымен ҰАТ жұмыс істеу тәжірибесімен алмасу бойынша халықаралық форум өткізу жоспарланып отыр.

ҰАТ шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сондай-ақ БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Афшан Ханмен талқыланды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші оқылымында 216 балаларға арналған жабық мекемелеріне мониторинг жүргізу үшін ҰАТ мандатын кеңейтуді мақұлдау аясында, аталмыш ұйым осы бағыттағы жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Омбудсмен мекемесі ЮНИСЕФ және Еуропалық Одақ арасындағы жуырда қол қойылған тиісті келісімге сәйкес іске қосылған, көші-қон саясатындағы балалардың құқықтарын қорғау жобасына қатысуға шақырылды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша құқық қорғау ынтымақтастығы аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайту және қазақстандық омбудсмен мекемесіне халықаралық ұйымдар тарапынан қажетті ықпал көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.

 

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз-қызметі.

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика