Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесіне мүшелікке үміткерлерден өтініштер қабылдау туралы

Версия для печати Версия для печати

07.12.2017 

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесі құрамының жарты бөлігінің өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №18 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереженің 11 тармағына сәйкес Үйлестіру кеңесінің құрамына 4 жыл мерзімге үміткерлерден өтініштер қабылдау туралы хабарланады.

Заңнамаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігі қызметінің тиімді үйлестірілуін қамтамасыз ету мақсатында іс атқарады.

Үйлестіру кеңесіне мүшелікке сайлануға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі комиссияға өтініштерін жолдауға құқылы, аталған өтінішке түйіндемені, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесін қоса тіркеу қажет. 

Үйлестіру кеңесіне мүшелікке үміткерлерге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 111-V Заңында, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережеде, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 29 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі комиссия туралы ережеде баяндалған.

Жоғарыда аталған құжаттар электрондық түрде www.ombudsman.kz сайтында орналасқан. 

Қоса берілген құжаттары бар өтініштер 2017 жылдың 29 желтоқсанына дейін келесідей мекен-жай бойынша жолданады: 010000, Астана қ., Мәңгілік ел көш., 8 («Министрліктер үйі»), № 15-кіреберіс, 619-кабинет, немесе npm_ombudsman@mail.ru электрондық поштасы арқылы. 

Байланыс үшін ақпарат: 8 (7172) 740561, 502921, 740409,                                                e-mail: npm_ombudsman@mail.ru.

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика