Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Омбудсмені «Құқықтық саясатты зерттеу орталығының» және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) консультанты Виктор Захария

Версия для печати Версия для печати

20.11.2017 

Омбудсмен) Асқар Шәкіровтің БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) халықаралық сарапшысы Виктор Захариямен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстандағы ювеналды әділеттілікті одан әрі дамытудың келешегі және заңнамалық шеңберде балаларды қорғау бойынша басқа да арнайы шаралар талқыланды.

 ҚР Омбудсмені сұхбаттасушысын балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекет қабылдаған шаралар туралы, БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясына сәйкес елдің міндеттемелерін орындау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның балаларға арналған сот төрелігі жүйесін нығайту саласындағы өзара іс-қимылы туралы ақпараттандырды.

Әсіресе Қазақстанда ювеналдық әділеттіліктің қолданыстағы жүйесі, сондай-ақ сот төрелігі орбитасында қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ететін заңнамалық нормалары тұтастай алғанда базалық халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігі атап өтілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіруші рөлінің Азаптауды алдын алу бойынша ұлттық алдын алу тетігі мандатын жоспарлы түрде кеңейту аясында кәмелетке толмағандардың құқықтарын іске асыру тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Виктор Захария кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот төрелігі жүйесін дамытудағы, заңнаманың жоғары деңгейін және заңмен байланыстағы балаларға қызмет көрсетудегі Қазақстанның оң тәжірибесін атап өтті.

Кездесу қатысушылары балаларды қорғаудың арнайы шараларын қолдануды, олармен жасалған құқық бұзушылықтарына жеке алдын алуды қарастыратын, кәмелетке толмағандарды заңға қайшы келетін әлеуметтік оңалтудың арнайы нормаларын әзірлеуді, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді және сот төрелігі жүйесіндегі мамандарды мамандандыруды қамтамасыз ететін құқықтық тетіктерді одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтасу ниетін білдірді.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

аппаратының баспасөз-қызметі

 

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика