Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiнің &#

Версия для печати Версия для печати

13.11.2017 

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 111-V Заңына сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесі азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын (бұдан әрі - ҰАТҚ) іріктеуді жүзеге асыратын болады.

Осыған байланысты алдағы 2018 жылға ҰАТҚ-на үміткерлердің өтініштерін қабылдау туралы жариялануда.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімімен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларына сәйкес, ҰАТҚ құрамына ену үшін үміткерлер Үйлестіру кеңесіне ерікті нысанда өтініштер ұсынады.


Өтінішке:
1) жеке куәліктің не төлқұжаттың көшірмесі;
2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны; 
3) білім туралы аттестаттың, бар болған жағдайда - дипломның көшірмесі; 
4) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат; 
5) жұмыс орнынан анықтама (жұмысы болған жағдайда); 
6) сотталмағандығы туралы анықтама; 
7) психоневрологиялық диспансердің анықтамасы; 
8) наркологиялық диспансердің анықтамасы;
9) тұратын жерден анықтама;
10) үйдегі, жұмыстағы және ұялы телефондар, сондай-ақ жеке электрондық мекенжай көрсетілген жеке парақ; 
11) 3 х 4 екі фотосурет.
12) жоғарыда көрсетілген құжаттарды тігу үшін папка қоса беріледі.

 

ҰАТҚ әрекет етіп жатқан құрамына іріктелген тұлғалар ҰАТҚ құрамында алдағы 2015 күнтізбелік жылға жұмысын жалғастыруға ниетін білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне жоғарыда аталған 5)-9)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.


ҰАТҚ-на үміткерлерге талаптар «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 111-V Заңы мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімімен бекітілген «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларында баяндалған. 


Жоғарыда аталған құжаттар электрондық түрде ombudsman.kz сайтында орналасқан. 

Қоса берілген құжаттары бар өтініштер 2017 жылдың 27 қарашаға дейінгі мерзімде келесідей мекен-жай бойынша жолданады: 010000, Астана қ., Мәңгілік ел көш., 8 («Министрліктер үйі»), № 15-кіреберіс, 619-кабинет, немесе npm_ombudsman@mail.ru электрондық поштасы арқылы.


Байланысу үшін ақпарат: 8 (7172) 740561, 8 (7172) 502921, e-mail: npm_ombudsman@mail.ru.

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика