Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Омбудсменнің атына мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша оның Үкіметке жіберген үндеу хатына жауабы келіп түсті

Версия для печати Версия для печати

31.10.2017 

     Қазақстан Республикасынағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) А. Шәкіров мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің атына бұдан ертерек жіберілген үндеу хатқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсеновадан жауап хат алды.

     Аталмыш хатта көрсетілген тұлғалар үшін кедергісіз әлеуметтік-саяси және көлік инфрақұрылымын қалыптастыру туралы мемлекеттік органдармен қабылданып жатқан шаралар туралы мәнді ақпарат қамтылған.

     Омбудсменнің ұсынымдарын дамыту, атап айтқанда мүгедектігі бар адамдарға әуе көлігі қызметтерін қол жеткізу бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен мүгедектер арбаларын пайдаланатын адамдарды ұшу кезінде міндетті түрде сүймелдеу туралы нормаларын қолданыстағы ережелерге сәйкес алып тастауды көздейтін, сондай-ақ мүгедектігі бар жолаушыларға ұшу кезінде туындайтын оның денсаулығына зиян келтірілгені және қайтыс болған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алу туралы декларацияға қол қоюын талап ететін әуекомпанияларға тыйым салуды белгілейтін нормативтік акт әзірленді.

     Аталған уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ, осы санаттағы адамдардың әуежай ауыстыруы, әуе кемесінен әуежайға қону және түсіру кезінде сүймелдеуі; мүгедектер арбасын ұсыну; әуе кемелерін мүгедектігі бар адамдарға олардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін техникалық құралдармен және жабдықтармен жабдықтау сияқты ұсынылатын қызметтер үшін қосымша ақысыз мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы Конвенцияға сәйкестендіру ұсынылды.

     Омбудсменнің мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылымына қол жетімділігін қамтамасыз ету туралы үндеуіне жауап ретінде аумақтық еңбек және әлеуметтік қорғау органдарымен 428 іріктеп және жоспардан тыс тексерулер жүргізілгендігі, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органмен 319 кәсіпкерлік субъектілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, соның ішінде 86 әкімшілік айыппұл салынғандығы туралы хабарланды.

     Тұтастай алғанда, «Кедергісіз болашақ» айлығы аясында, мемлекеттік органдарының, «Нұр Отан» партиясы филиалдарының және мүгедектіктері бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінен тұратын өңірлік топтарымен 2,8 мың нысандар олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексерілді. Тексерістің қорытындысы бойынша, 1,4 мың нысан толық бейімделген, 1,2 мың объект - ішінара бейімделген және 329 нысан бейімделмегендігі анықталды. Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен мүмкіндігі шектеулі жандарға  Интерактивті нысандардың қолжетімділік картасы өзектендіріледі. Аталмыш науқан тұрақты негізде өткізілетін болады.

      Омбудсменнің осы санаттағы азаматтардың инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігі бойынша мәселеге алаңдаушылығын ескере отырып, бейіндік министрлік құрылыстың барлық кезеңдерінде сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды күшейту бойынша ұсынымдарды құрылыс саласында уәкілетті органға жіберді.

     Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауабында мүгедектіктері бар адамдарды нәтижелі жұмыспен қамту, олардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, зағип және саңырау қоғамдық бірлестіктердің мамандандырылған кәсіпорындарының қызметін кеңейту үшін жағдай жасау туралы толық ақпарат қамтылған. Бұл жұмыс нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында, тегін кәсіби-техникалық білім беру; қысқа мерзімді дуалды оқыту курстарын ұйымдастыру; шағын кредиттеу құралдарын кеңейту; әлеуметтік және кәсiптiк бағдарлау, кәсiби қызметтi таңдауға, тиiстi бос орындарға қол жеткiзуге, қоғамдық жұмыстарға қатысуға, жастар практикасына, белгiленген квотаға сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы жүзеге асырылады.

     Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың пенитенциарлық мекемелерде, атап айтқанда, медициналық, әлеуметтік қамсыздандырумен, тиісті құжаттарды рәсімдеумен байланысты құқықтарының ахуалы егжей-тегжейлі қаралды. Бұл бағытта уәкілетті органдар қажетті шаралар қабылдануда.

      Тұтастай алғанда, берілген жауапта алынған ұсынымдардың нақты сараптамасы және оларды жүзеге асырудың шаралар тізбесін қамтиды, бұл құқық қорғау мәселелерін шешудегі ұлттық құқық қорғау мекемесі мен атқарушы органдардың сындарлы және тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығын айқындайды.

     Осы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету мақсатында Омбудсмен мекемесі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамның қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша диалог алаңын құру туралы келісімге келді.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

аппаратының баспасөз-қызметі

 

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика