Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

ҚР Омбудсмені Орталық Азиядағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының өкілімен ынтымақтастықтың перспективаларын талқыл

Версия для печати Версия для печати

26.10.2017 

Астанада ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіровтің Орталық Азиядағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының өкілі Рышард Комендамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында елдегі конституциялық өзгерістер аясында жүзеге асырылған және осы саладағы ұлттық құқық қорғау тетіктерін және заңнаманы нығайту үшін ауқымды перспективаларын ашатын ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Осыған байланысты, бірлескен жобаларды іске асыру үшін құқық қорғау саласының басымды бағыттары анықталды.

Р.Коменда Омбудсмен мәртебесінің конституциялық деңгейде нығаюына жоғары баға берді, бұл мемлекеттің оның құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен басымдылығын мойындауы туралы куәландырады, сондай-ақ ол адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін айтарлықтай күшейтеді.

Ағымдағы жылдың 15-17 қарашасында Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелері үшін Малайзия, Түркия және Франциядан келген халықаралық сарапшыларды тарту арқылы аймақтық консультациялар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл                    іс-шараның негізгі мақсаты адам құқықтары саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін көрсетілген мекемелердің өңірлік ынтымақтастық тұғырнамасын құру бойынша «жол картасын» әзірлеу болып табылады.

БҰҰ Жоғарғы комиссарының өкілі адам құқықтарының бұзылуын болдырмаудағы ұлттық алдын алу тетігінің қазақстандық үлгісі қызметінің тиімділігін атап өтті, сондай-ақ БҰҰ конвенция органдарының ұсынысын орындау аясында ҰАТ мандатын кеңейту үшін заң қабылдау маңыздылығын ерекше атап өтті.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

аппаратының баспасөз-қызметі

 

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика