Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Омбудсмен егде адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстарымен Үкіметке жүгінді

Версия для печати Версия для печати

02.10.2017 

Халықаралық қарттар күні қарсаңында ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров осы санаттағы біздің отандастарымыздың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстарымен ҚР Үкіметінің атына үндеу жолдады.

Қазіргі кезде аға буын өкілдерінің құқықтарын қорғау және алға жылжыту мәселелері жаһандық деңгейде жаңғыртылып отыр және мемлекет пен қоғам дамуының көрсеткіштеріне айналуда. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес құрылған ашық құрамды Жұмыс тобы тиісті халықаралық конвенцияны әзірлеуді қарастыруда.

Уәкілетті органдардың, ұлттық құқық қорғау институттарының, азаматтық қоғамның мемлекетаралық ынтымақтастығын нығайту мақсатында, осы салада ағымдағы жылдың 18-21 қыркүйегінде Сеул қаласында ІІ ASEM (Азия-еуропалық кеңес) конференциясы өткізіліп, онда қартаю мәселелері жөніндегі Жаһандық орталықтың құрылу мәселесі талқыланды.

Омбудсменнің үндеуінде аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсарту, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларына толыққанды қатысуына жағдай жасау бойынша Қазақстанның Үкіметімен қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығы аталып өтілді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын дамытуында зейнетақылар 20%-ға арттырылды. Әлеуметтік саясат саласында қабылданған шаралар, табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 2,5 есе азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Омбудсмен атына келіп түскен шағымдардың талдамасы және мониторинг жұмысының нәтижесі егде жастағы адамдар өздерінің құқықтарын денсаулық сақтауға, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге және еңбек, мәдени және мүліктік және басқа да құқықтарын қамтамасыз етуге кедергі келтіретін факторлар туралы куәландырады.

Ең алдымен, осы санаттағы азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде тәуелсіз құқықтық мәртебесін айқындайтын, жоғарыда көрсетілген құқықтарын реттейтін бірыңғай, жүйелендірілген құжаттың жоқтығына назар аударылады. Осындай құжаттың болуы, мысалы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде балалар, әйелдер, әскери қызметшілердің құқықтарына ұқсас, егде жастағы адамдардың денсаулығын қорғауға құқықтарын қамтамасыз ету үшін негіз бола алады.

Омбудсмен медицина қызметкерлерінің созылмалы аурулары бар егде жастағы науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетуде бас тарту жағдайына, сондай-ақ емханаларда гериатриялық бөлімшелердің және білікті мамандардың жетіспеушілігіне назар аударды.

Медициналық көмектің осы түрі ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қ қарттарға, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында қамтылмаған. Сапар қорытындысы бойынша мекеме тәрбиесіндегілерге күтім жасау бойынша кіші медициналық персоналдардың кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі және олардың жеткілікті ауыр жұмысына шектен тыс төмен ақы төлеу мөлшері атап өтілді.

Бұдан басқа, еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде егде адамдарға гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Көптеген қарт адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша дәрілік заттардың тізіміне енгізілмеген қажетті дәрі-дәрмектер өзекті болып табылады. Осыған байланысты, ұлттық құқық қорғау мекемесіне егде жастағы адамдардың ауруларын ескеру үшін осы тізімді қайта қарау ұсынылды.

Еліміздің бірқатар облыстарыда әлеуметтік дәріханалар жұмыс істейді. Онда әлеуметтік осал санаттағы азаматтар дәрі-дәрмектерді төмен бағамен сатып ала алады. Алайда, көптеген ауылдық елді мекендерінде осындай дәріханалармен қамтылмаған.

Сондай-ақ еліміздің өңірлерінде санаторлық-курорттық емдеудің әртүрлі тәртібіне назар аударылады. Атап айтқанда, кейбір облыстарда емделудің бұл түрі зейнеткерлік жастағы барлық адамдарға, қалғандары - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға ғана беріледі.

Осыған байланысты еліміздің өңірлерінде сол бір қызметтертерге сондай-ақ қалалық және ауылдық жерлерде аға ұрпақ өкілдерінің тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Осы топтағы азаматтарға медициналық, әлеуметтік, мәдени, көлік, қаржы қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде, әсіресе, ауылдық елді мекендерде егде адамдардың жағдайын мұқият зерделеу қажеттігі атап өтілді.

Көптеген егде жастағы адамдар үшін зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейінгі пайдалы іс-әрекеттердің жалғасы қоғамда интеграциялануды, олардың әлеуметтік мәртебесін, экономикалық тәуелсіздігін сақтауды және олардың жинақталған интеллектуалды әлеуетін және кәсіби тәжірибесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты хаттың авторы еңбек заңнамасында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу тетіктерінің жоқтығына, зейнеткерлік жасқа жеткен және жұмыс істегісі келетіндердің кәсіби бағдарлануына назар аударған. Сонымен бірге, БҰҰ Комитетінің Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Комитетінің № 6 Жалпы түсініктемелері жұмыспен қамту мен жұмыспен қамтудың жасына негізделген кез-келген кемсітушілікті болдырмауға бағытталған шараларды қарастырады.

Осыған байланысты Омбудсмен зейнеткерлік жастағы адамдарға, оның ішінде кәсіпкерлікке қол жеткізуді, тәлімгерлік тәжірибелерін өздерінің жұмыс тәжірибесі мен интеллектуалды әлеуетін пайдалану арқылы жұмысқа орналастыру тетіктерін әзірлеуді ұсынады.

Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың және цифровизациялардың дамуына байланысты, азаматтардың егде жастағы компьютерлік сауаттылықты үйрету, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қажет екендігі айтылады. Мысал ретінде егде жастағы адамдар үшін арнайы оқу курстарын ұйымдастыру бойынша Астана қ., Алматы қ., Шығыс Қазақстан облысындағы ҮЕҰ тәжірибесі келтірілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне келіп түсетін шағымдар, азаматтардың осы санаты басқаларға қарағанда жиі ақша қаражатына, олардың жылжымайтын мүлкіне қатысты түрлі алаяқтық әрекеттің құрбаны болатынын айғақтайды. Осыған байланысты, ресми статистикамен егде жастағы адамдарға қатысты құқық бұзушылықтарды талдау ұсынылды.

Белгілі бір алаңдаушылық азаматтардың өздерінің егде жастағы ата-аналарын қарттарға арналған интернат үйлерінде тастауына қатысты көрінеді. Көбінесе тұрмысы жақсы, қаржылық жағдайы тұрақты балалары бар егде адамдар қартайған шағында өз қамын өзі ойлауға немесе жоғарыда көрсетілген мекемелерде тұруға мәжбүр болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 145-бабына сәйкес кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

Баяндалған тұрғыда Омбудсменмен аға буын өкілдерінің өмірдегі отбасылық рөлін насихаттайтын, оларға құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша ақпараттық жұмысты, егде жастағы адамдарға қызмет көрсетуге волонтерлік қызметке мемлекеттік көмек көрсетуді күшейту қажеттігі аталып өтілді.

Егде жастағы адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзектілігі, өз кезегінде, барлық қазақстандықтардың, соның ішінде егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсетуді Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылатын институционалдық реформалармен сәйкес келеді.

 

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 

Баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика