Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

ҚР-дағы Омбудсмен ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісімен Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады

Версия для печати Версия для печати

10.10.2017 

БАСПАСӨЗ АЙҒАҚ

 

ҚР-дағы Омбудсмен ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісімен Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады

 

2017 жылғы 10 қазан                                                                                                                               Астана қ.

 

Астанада ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы Якоб Дукпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстандағы балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және Омбудсмен мекемесінің осы бағыттағы қызметі мәселелері талқыланды.

Жекелеген назар құқық қорғау қызметінде аса маңызды орын алатын отбасыдан тыс тұрып жатқан балалардың құқықтары мәселелеріне бөлінді. Балаларды отбасыға орналастырудың баламалы нысандарымен алмастыру арқылы интернат үлгідегі балалар мекемелерін жабу үрдісін қолдай отыра, Омбудсмен алға қойған мақсатты біртіндеп және жүйелі іске асыру қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестіру рөлі жанындағы Азаптауды алдын алу бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің мандатын жоспардағыдай кеңейту шеңберінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын іске асырудың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Якоб Дук жаһандық сипатқа ие болып келетін интернет кеңістіктегі кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың өсіп келе жатқан деңгейіне алаңдатушылығын білдірді.

Аталмыш мәнмәтінде ақпараттық ортаның кері әсерінен балаларды қорғау мәселесі Омбудсменнің осы салада заңнамалық жетілдіру, ұялы интернет-байланыс операторларының «балаларға арналған интернет» функциясын енгізу туралы бірқатар ұсыныстарды көтере отырып, бұдан бұрын Қазақстан Үкіметіне жолдаған үндеу хатында қозғалғаны атап өтілді.

Халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ЮНИСЕФ-пен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты алдын алу, олардың құқықтарының отбасыда, оқу мекемелері мен қала ортасында сақталуы, бала еңбегі мен қанаушылықты жою, олардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету саласында бірлесіп іске асырылған бірқатар жобалардың жоғары маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара қарым-қатынастарды алдағы уақытта нығайту туралы ниеттерін білдірді.

              

                        ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

 

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика