Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Сеул қаласында ҚР Омбудсмені А. Шәкіров қарттардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша талқылады

Версия для печати Версия для печати

21.09.2017 

18-21 қыркүйек аралығында Сеул қаласында (Корея Республикасы) қартаю мәселелері бойынша ІІ ASEM (Азия-еуропалық кеңес) конференциясы өткізілді, оның барысында қарт адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды.

Конференция аясында 2017-2019 жылдарға арналған стратегиялық іс-қимыл жоспарының ережелері талқыланған (GANHRI) қартаю мәселелері бойынша, Ғаламдық альянстың ұлттық құқық қорғау мекемелері жұмыс тобының отырысы өтті. Осы құжаттың мақсаты егде жастағы адамдардың ұлттық және халықаралық деңгейлерде құқықтарын көтермелеу, тәжірибе алмасу және осы бағытта ең озық тәжірибені пайдаланудағы осы институттардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Сондай-ақ, қартаю мәселесі бойынша ASEM жанында Жаһандық орталығын құру жөнінде дөңгелек үстел өткізілді, оның нәтижелері сыртқы істер министрлері мен ASEM мүшелерінің кезекті кездесуінде қарауына ұсынылады.

Форум барысында ҚР Омбудсмені шетелдік әріптестерді "Қазақстан-2050" ұлт Жоспарын "100 нақты қадам", Қазақстанның соңғы жетістіктері тұрғысынан стратегиялық бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ қарттардың мемлекеттік әлеуметтік саясат саласындағы қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын негізгі бағыттарымен таныстырды.

Қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және талқыланған салада адам құқықтарының призмасы арқылы тиімді шаралар әзірлеу қажеттілігі туралы ортақ пікір білдірді.

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі аппараты

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика