Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің отырысы ө

Версия для печати Версия для печати

14.09.2017 

Астана қаласында ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің (ҰАТ) кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері ағымдағы кезеңге ҰАТ жұмысының талдамасын жүргізіп, сондай-ақ оның кейінгі бағыттарын анықтады.

Күн тәртібіне сәйкес отырыс қатысушылары 2016 жылғы алдын ала барулардың қорытындысы бойынша Шоғырландырылған баяндамасында көрініс тапқан ұсынымдарды қызметтік органдардың орындауы туралы ақпаратты қарастырды. ҰАТ мандатпен басқарылатын мекемелерінде орналасқан тұлғалардың құқықтарын сақтау бойынша баяндаманың тиісті бөліктеріне жүргізілген талдамасы көрсетілді.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері бірқатар мемлекеттік органдар ғана сотталғандардың ұстау жағдайларын, медициналық қызмет көрсетуін жақсартуға бағытталған ұсынымдарды лайықты түрде орындайтындығы туралы ойларын білдірді.

Бұл аспектіде ҰАТ және мемлекеттік органдардың орталық және жергілікті деңгейде мекеме әкімшіліктері арасындағы өзара ықпалдасуының тиімділігін одан әрі арттырудың, сондай-ақ ҰАТ Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын олармен орындалуы саласында жаңа ыңғайын іздестірудің маңыздылығы құпталды. Осыған байланысты, жекелеген ведомстволардың ұсынымдарды тиісті орындауы мәселелері жөнінде Үкімет басшылығына жүгіну туралы шешім қабылданды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері «Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала барулар бойынша шығындарын өтеу ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына тиісті өзгертулер енгізу арқылы ҰАТ қызметін қаржылық қамсыздандыруды одан әрі оңтайландыру мәселесін талқылап және мақұлдады.

Сондай-ақ, соңғы кездердегі мандатпен басқарылатын мекемелерге арнайы барулардың нәтижелері қарастырылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЕС-164/4 мекемесінде орын алған оқиғасын қарастыруға ерекше көңіл аударылды.

Адам құқықтары жөнідегі уәкілдің атына жоғарыда аталған мекемесінде жазасын өтеуші Вадим Курамшиннің мүддесіне қатысты Ж.Тоғанбаеваның СҚО бойынша ҰАТ қызметкерлері тобының алдын ала баруларды жүзеге асыру барысында заңсыз әрекеттері туралы бірнеше арызы келіп түсті.

Орын алған жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында аталмыш топпен жоғарыда көрсетілген мекемеге арнайы бару ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша сотталғандарға азаптау және қатыгез қарым-қатынас фактілері айқындалып, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына, сондай-ақ әрекет ету шараларын қабылдау үшін прокуратура органдарына жіберілді. Сонымен қатар, БАҚ-да және арызда В. Курамшинге қатысты орын алған азаптау жөніндегі, соның ішінде, оның берген түсініктемесі негізінде де мәлімдеме өз дәлелін тапқан жоқ.

Аталмыш оқиғаны Үйлестіру кеңесінің мүшелері қарастырып, СҚО бойынша ҰАТ өңірлік тобы азаптау фактілерін айқындау және қажетті жедел шаралар қабылдау бойынша жүйелі жұмыс атқарғаны туралы, ал аталмыш топқа қатысты әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жарияланымдарды ұйымдастыру ҰАТ жұмысын тұрақсыздандыру үшін бағытталғаны туралы қорытындыға келді.

Осыған орай ҰАТ жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында оның мәнділігін бұрмалаудың түрлі әрекеттерін тоқтату туралы ортақ пікір айтылды.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі тиісті шешімдер қалыптастырды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының Баспасөз қызметі 

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика