Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

ҚР Омбудсмені мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу мәселесі бойынша Білім және ғылым министріне жүгінді

Версия для печати Версия для печати

28.08.2017 

2017 жылғы 28 тамыз Астана қ.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атына мектеп түлектері арасында мемлекеттік білім беру гранттарын үлестіруде қоғамдық резонансты тудыруына байланысты үндеу жолдады.

Үндеуде білім беру жүйесін жаңғырту аясында жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың маңызы аталды. Елбасының «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында азаматтардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін мемлекетпен қабылданатын шаралар ерекше аталып өтті.

Сонымен қатар, Омбудсмен осы мәселе бойынша БАҚ-та жиі кездесетін хабарламалар мен оның атына келіп түсетін азаматтардың шағымдарына қатысты алаңдаушылығын білдірді.

Өз шағымдарында талапкерлер мен олардың ата-аналары, өздерінің пікірінше, білім беру грантын беру және тарату туралы әділетсіздікті көрсетіп отыр. Осылайша, гранттар Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша аса төмен нәтиже көрсеткен, алайда «Алтын белгі» белгісі бар түлектерге берілген, сол уақытта жоғары балл алғандар мемлекеттік қаражат есебінен оқу мүмкіндігінен айрылған.

Алдыңғы жылдары осы белгі үміткерлері өздерінің басымдық құқықтарын ҰБТ жинаған баллдарының қорытындысы бойынша растаған. Алайда білім жүйесіндегі жүргізілген реформалар қорытынды мектеп аттестациялаудағы жаңа форматты нақтылады, осыған орай «Алтын белгі» белгісін тағайындау мектеп бітіру емтихандарының шешімдеріне сәйкес жүргізілді.

Аталған белгінің иегерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 446 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу ақысын төлеуге арналған білім беру грантын тағайындау Ережесіне сәйкес, конкурс барысында білім беру гранттарын алудың басым құқығына ие болды.

Осыған байланысты Омбудсменнің пікірі бойынша уәкілетті органның білім беру гранттарын бөлу мәселесі бойынша бірқатар түсіндірмелері белгілі бір екі мәнділікке әкеліп отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастапқы түсіндірмелерінде бұл жағдай, бұрынғы жылдардағыдай, гранттарды басым мамандықтары бойынша бөлуіне байланысты қалыптасқанын түсіндірді. Сонымен қатар, қажетті білім беру грантын алу үшін әрбір мамандыққа әртүрлі өту ұпай деңгейі орнатылған еді.

Жағымсыз қоғамдық реакцияны ескере отырып, Омбудсмен қорытынды мектеп аттестаттаудың жаңа форматын енгізу кезінде мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу және тағайындау тәртібінің жеткіліксіз құқықтық реттеу салдарына назар аударды.

Кейіннен уәкілетті орган гранттарды тағайындау «Алтын белгі» иегерлерінің артықшылығын есепке ала отырып жүргізілгенін растап, үміткерлердің тізімін қайта қарастыру ниетін жариялады.

Бұл жағдай, өз кезегінде, білім беру грантына үміткерлер тізімдерін уәкілетті органының қайта бөлуге және жаңартуға байланысты «Алтын белгі» белгісінің иегер түлектері тарапынан біркелкі сұрақтарды туындатты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына шағымданушылар өз хаттарында 14 тамыздағы жарияланған жаңа тізімнің тағайындалған жоғары балл алған «Алтын белгі» иегерлерінің өз таңдаған мамандықтары бойынша емес, жалпы негізде бөлініп тіркелгені жөнінде атап өтті.

БАҚ-да БҒМ басшылығы тағайындалған грант тізімін қайта қарау шаралары жүргізіліп жатқаны жөнінде және «Алтын белгі» иегерлерінен бөлек қайта қаржыландыру шаралары жоғарғы оқу орындары есебінен болатындығы жөнінде хабарлады.

Алайда бұл шара, Омбудсменнің пікірінше, заңдық тұрғыда берілген санаттағы түлектердің республикалық бюджет қаражаты есебінен кепілдік берілген білім беру грантын алу үшін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етпейді.

«Алтын белгі» белгісінің иегерлерінің денсаулық сақтау жүйесінің білім беру мекемелері арқылы алған гранттарын тоқтата тұруына (қайтарып алуына) байланысты фактілеріне ерекше назар аударылады.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталық басшысының түсіндермесі бойынша гранттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілгенін айтады, алайда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Астана және Алматы қалаларында орналасқан медициналық жоғарғы оқу орындарына бөлінген 220 грантының қолданыстағы күші тоқтатылған.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бұл әлеуметтік сезімтал мәселеде білім беру грантын бөлу жөнінде қандай да бір мемлекеттік органдар құзыреттілігіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар арасындағы әрекеттерінің үйлеспеуі, қоғамда жалпы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне теріс көзқарас тудырады деп санайды.

Бұл тұрғыда, кең қоғамдық резонансты тудырған проблемалық мәселелер халық арасында нормативтік-құқықтық базаны тиісті түрде талдау жүргізу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды.

Бұл ретте Омбудсмен жанжақты мән-жайларды ескере отырып, көтерілген мәселелердің дұрыс реттелуіне, білім беру гранттарын тағайындау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге шақырды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі аппараты

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика