Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

ҚР Омбудсмені ҚР Бас Прокурорына кәмелетке толмаған балаларды асырауға алиментті өндіріп алу мәселелері жөнінде үндеу салды

Версия для печати Версия для печати

03.07.2017 

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров ҚР Бас Прокуроры Жақып Асановтың атына үндеу салып, кәмелетке толмаған балаларды асырауға алиментті өндіріп алу тетіктерін жетілдіру бойынша бірқатар өз ұсыныстарын берді.

Үндеуде ана мен баланы қорғаудың ұлттық жүйесін дамыту бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығы аталып өтті. Онда Бала тууды ынталандыру және ана үшін жағдайды жақсарту мақсатында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы көлемі 20 пайызға өсті.

Жоғарыда аталған шаралар шеңберінде «Алименттер. Төлемегендерге 30 адым қарсы» атты ауқымды жобасында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырылатын Бас прокуратураның маңызды рөлі аталып өтілді.

Сонымен қатар ұлттық құқықтық қорғау мекемесіне келіп түсетін өтініштер талдамасы, кәмелетке толмаған балаларды асырауға алиментті өндіріп алу бойынша сот актілерінің орындалмауының тұрақты үрдісі туралы, және қадағалау сипатындағы шұғыл шараларды қабылдау қажеттілігін куәландырады.

Бұл мәселе, сот орындаушылары атқарушы құжаттардың мерзімдерін сақтамауы және жоғалтып алуы, борышкерлерге егжей-тегжейлі заңнамалық мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдамауы және борышкерлердің алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық істер бойынша фактілерін қарау кезінде құқық қорғау органдарымен әуре-сарсаңға салушылығында негізделген. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін алимент төлемеу жағдайлары орын алып отыр.

Тәжірибе көрсеткендей көптеген жағдайларда өтініш берушілер мемлекеттік қызметшілердің немқұрайлылығынан, алименттік міндеттемелерін белгілеген сәттен бастап бүкіл кезең үшін берешек сомасын өндіріп алу мүмкіндігінен айырылады. Осылайша, сот бұйрығының телнұсқасы негізінде қалпына келтірілген атқарушылық өндірісі қозғалған сәттен бастап, «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы» ҚР Кодексінің 169 бабына сәйкес алиментті өндіріп алу үш жыл мерзім шегінде жүзеге асырылады.

Бұл қайшылықты жою үшін, Омбусмен жоғарыда көрсетілген Кодекс нормасына өзгерістер енгізуге атап айтқанда, борышкердің барлық кезеңге соттың алимент төлеу міндетін анықтаған күннен бастап атқарушылық құжаттың негізінде алимент өндіріп алу мерзімін орнатуды ұсынды.

Бұрын қанағаттандырылған сот актілері бойынша балалар мен әйелдердің материалдық мүдделерін толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында,

Сот орындаушыларының жауапкершілігін арттыру және тараптар арасында атқарушылық іс жүргізуде бір мәнді даулы жағдайларды болдырмау мақсатында, үндеуде келесі нақты шараларды қарау ұсынылады:

- Азаматтық іс жүргізу кодексінде қолданыстағы заңнамада көрсетілгендей өндіріп алушының өзінен емес, борышкердің тұрғылықты жері бойынша тікелей тиісті әділет органынан сот бұйрығының бағытын анықтау.

- «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңында алимент өндірістері бойынша атқарушылық құжатты өндіріп алушыға емес, ал сот актісін енгізген сотқа қайтару көзделсін

Омбудсмен, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алуға қатысты, соттарда істерді қарауда құқық қолдану практикасына назар аударады, Азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес қазіргі уақытта бұйрықтық өндіріс тәртібімен, жалпы юрисдикция соттарында қаралуда. Ұлттық құқықтық қорғау мекемесінің пікірі бойынша, алименттік істер кәмелет жасқа толмағанның құқығын қозғай отырып, өз спецификасымен ерекшеленеді және оларды қарау кезінде ерекше тәсілді талап етеді. Берілген мағынада ювенальды соттардың соттылығына осы мәселеге қатысты, барлық азаматтық істерді жатқызудың мүмкіндігін қарау ұсынылады.

Омбудсмен қозғаған басқа да маңызды мәселелердің бірі, борышкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жеткіліксіз жұмысы болып табылады.

Алимент төлемеушілерге қатысты қылмыстық істердің тоқтатылуының негізгі себептерінің бірі, борышкердің сот актісін орындауға нақты мүмкіндіктерінің болмауы және бұл факт, «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сәйкес, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығарады.

Омбудсмен, бір жағынан, алимент төлемегені үшін жауапкершілік қылмыстық заңнамада белгіленгеніне, екінші жағынан, жоғарыда аталған Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы борышкерді мұндай жауапкершіліктен босатуды көздейді.

Сол уақытта, құқықтық қолдану тәжірибесіне сүйене отырып, борышкердің алимент төлеуден әдейі жалтарғаны үшін оны қылмыстық жауапқа тарту түріндегі шектеу немесе бас бостандығынан айыру, алимент өндіріп алу үшін толық түрде мәселелерді шешпейтіндігі жөнінде Омбудсмен өз пікірін білдірді.

Осыған байланысты борышкердің еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, оның материалдық ынталандыру алименттік міндеттемелерін орындауда, борышкердің ақылы қоғамдық жұмыстарға жаза тарту түрлерінің бірі ретінде қарастыру ұсынылды.

Үндеуде ата-аналардың жауапкершілігін, құқықтық сана сезімі деңгейін арттыру мақсатында, қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, құқықтық білім беру, осы саладағы халықаралық стандарттардың маңыздылығы аталды; сот орындаушыларына оқыту іс-шараларын тұрақты негізде өткізу, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне; пайдалану алименттік дауларды түсіндіру жұмыстарын жүргізу саласындағы медиация институтының тәжірибесін кеңейту, осы саладағы кәсіби медиаторларды дайындау.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі аппараты

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика