Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Алматы қ. соққыға жығылған баланың ісін өз бақылауына алды

Версия для печати Версия для печати

14.06.2017 

Алматы қаласында соққыға жығылған баланың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әйелдің бөтен балаға қатысты танытқан қатыгездік көрінісі бар бейнежазба бұқаралық ақпарат құралдарында 2017 жылғы 12 маусымда таралды.

Аталған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде оны бағалауда әркелкі пікірталас, оның ішінде балаларға қатысты қатыгез, ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттеріне жол бермеудің негізгі қағидаттарына қарама-қайшы пайымдамалары қалыптасты.

Мән-жайды анықтап және қажетті көмек көрсету үшін ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Ришат Рахимов оқиға орнына жолға шықты.

Омбудсменнің өкілі құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, олар баланы ұрып-соғу туралы фактісі бойынша шаралар қабылданып жатқанын, атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны туралы ақпараттандырды. Баланың алған дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Дене жарақаттарының бар-жоғын анықтайтын бастапқы медициналық куәландыру жанжал шыққан күні жедел жәрдем келген кезде жүргізілген.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша болған оқиғаға байланысты тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Омбудсменнің өкілі екі тараппен және де жанжал оқиғасының куәгерлерімен, сондай-ақ ата-анасының келісімімен зардап шеккен баламен әңгіме жүргізді.

Тиісті әңгімелесулер барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанжал қатысушыларына қажетті жанжақты құқықтық көмек көрсетті. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаға қажетті психологиялық қолдау көрсету үшін білікті маманды тартуға жәрдемдесті.

Баланың құқықтарын тиісті қорғауды қамтамасыз ету, ең бастысы, объективті тергеу жүргізу мақсатында ҚР Омбудсмені жағдайды бақылауға алды. Тиісті сұрату хат прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану үшін Бас прокуратураға жіберілді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі аппараты

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика