Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

ҚР Омбудсмені денсаулық сақтау жүйесінің интернаттық мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайы туралы мәселелері жөнінде Денсаулық сақтау министріне үндеу

Версия для печати Версия для печати

13.06.2017 

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына Астана, Алматы қалалары, Қостанай, Қызылорда және Атырау облыстарындағы балаларға арналған мамандандырылған медициналық мекемелерге бару қорытындылары бойынша үндеу салды.

Үндеуінде Омбудсмен балалардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, жоғарыда аталған қалалар мен облыстардағы денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жүргізіп жатқан айтарлықтай жұмысын атап өтті.

Сонымен қатар, мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша келіп түскен сәттен бастап өмір бойы осындай мекемелерде қалуға душар болатын тастанды және физикалық, ақыл-ой ауытқулары бар ауру балалардың тұрақты өсіп жатқан тенденциясы атап өтілді. Сондай-ақ, осындай балаларды асырап алу және отбасыларға орналастырудың баламалы нысандарын қолдану тәжірибесі (патронаттық тәрбиеге, қамқорлыққа және қорғаушылыққа беру) Қазақстан азаматтарынан байқалмайтынына назар аударылды.

Мамандардың пікірінше, жоғарыда аталған тәжірибені дамымағаны қазақстандық қоғамның оларды жанашыр және патронатты қабылдауға дайын болмауынан емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне қатысты еңсерілмейтін қаупі бар болуында. Паллиативті науқастардың белгілі бір пайызына қарамастан, осы мекемелердегі балалардың басым көпшілігі әлеуметтендіру процесіне толық қатыса алады.

Жоғарыда көрсетілген өз үндеуінде Омбудсмен шет елдердің оң тәжірибесін мысал ретінде көрсетеді, онда денсаулығында елеулі проблемасы бар балаларды асырап алу процесі кең тарағаны сонша, ел ішінен бөлек, шет елден де асырап алады. Мысалы, Испания азаматтары жылына Ресейден 40-қа жуық мүгедек балаларды асырап алады, Италия - 35, Германия - 20, Франция -10, АҚШ азаматтары РФ-да тиісті мораторий енгізгенге дейін - 100.

Көптеген елдерде дәстүрлі патронаттан өзге, соматикалық және психикалық ерекшелігі бар балалар үшін медициналық және психотерапиялық патронаттар дамыған. Жыл бойы мамандар асырап алған отбасылармен жұмыс жасап, оларға жанжақты кеңес пен медициналық қызметтер көрсетіп, мерзім аяқталғаннан кейін асырап алушыларға сау күйінде баланы жеткізу мәселесі шешіледі.

Әйтседе, асырап алған уақыттан кейін де, мемлекет асырап алған отбасыларға қолдау жасап, білікті мамандар тарапынан кеңес қызметін көрсетеді, сонымен қатар баланың қажеттілігі үшін баланы асырауға қаржы бөледі. Бұл тәсіл, асырап алушыларға, мемлекет пен қоғамның ықпалды көмек көрсетуі мен ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеуге әрдайым көмек қолын соза алатынын білдіреді.

Үндеуде қозғалған басқа да маңызды мәселе осы санаттағы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында оның кеңейтілуі мен алуан түрлілігін арттыру болып табылады. Бұл тұрғыда, Омбудсмен барулары кезінде Астана қаласындағы «Нұрлы жүрек» балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің оңды да лайықты тәжірибесін атап өтті. Осы нысандағы басты жағдай болып бұл мекемеде демеушілік, еріктілер сонымен қатар оқу орындарының студенттерін белсенді тарту арқылы балаларды қоғамға әлеуметтендіру және интеграциялауға басым көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда мекеменің базасында балаларға арналған түрлі білім беру және сауықтыру шаралары өтеді мысалы, сау балалармен бірлескен жазғы лагерлер, сонымен қатар мекемеден тыс жаяу экскурсиялық шараларды (бассейн, байланыс хайуанаттар бағы, спорттық іс-шараларды көру, қайықпен серуендеу және т.б) Омбудсмен ерекше атап өтті.

Омбудсменнің пікірі бойынша, қаралған жұмыстардың нәтижесі бұл процесс барынша кеңейтілген қатысушыларды керек етеді. Қалыптасқан жағдайды елеулі талдау мен кейіннен уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдардың, мүдделі үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдарының қатысуымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше бақылауға алу мен лайықты өмір сүру мақсатында қолдан келген шараларды әзірлеу қажеттілігі көзделеді.

Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауда тиісті мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде көшбасшы және бастамашысы рөлін өз мойнына алуға болатындығы атап өтілді.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл мониторинг жүргізу барысында Қазақстанда балалар үйінің қызметін реттейтін, нормативтік құқықтық құжаттың жоқтығы балалар үйінің қызметін айқындайтын құқықтык базаның жоқтығына ерекше назар аударды. Бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 "Балалар үйi қызметін ұйымдастырудың ережелерін" және "Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерін" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі №206 бұйрығы бойынша өз күшін жоғалтқан. Содан бері жаңа ереже қабылданбаған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы "Баланың құқықтары туралы" Заңында 30-бабы 2-тармағында, баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптары, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады деп белгілейді.

Обмудсмен, бірқатар әкімшілік қызметкерлері өз қызметін жүзеге асыру кезінде, жарамсыз нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып әрекет ететінін атап өтіп, осыған байланысты тиісті шараларды қабылдауға шақырды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика