Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды

Версия для печати Версия для печати

13.06.2017 

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, 010000, Астана қаласы, Мәнгілік ел көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 740548, e-mail: ombudsman-kz@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды:

Сараптамалық жұмыс басқармасының сарапшысы (С-5 санаты, 1 бірлік, № 02-4)

Функционалдық міндеттері:

Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы республикалық заңнаманы талдау.

Қазақстан Республикасы Президентіне Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өз қызметі туралы жыл сайынғы ұсынатын есебінің жобасын, мамандандырылған есептерді, адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы бойынша баяндамаларды дайындауға қатысу.

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды, оларды қорғаудың түрлері мен әдістерін әзірлеу.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанынан Сараптау кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын бұзу мәселелері бойынша үндеулерінің, ресми хабарламаларының, ұсынымдарының, шағымдарының жобаларын дайындауды жүзеге асыру.

Адам құқықтарын қорғау саласында қызметтік, ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау.

Сараптау бөлімнің өз құзыреті шегінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ресми сайтында материалдарды жариялау үшін дайындау.

Азаматтардың лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымданған өтініштерін қарау.

Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (юриспруденция, халықаралық құқық, құқық қорғау органдары).

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика