Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Версия для печати Версия для печати

02.06.2017 

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс мүшелері азаптауды алдын алу мен қатыгез түрлері саласында ҰАТ жетістігі және мәселелеріне талдау жасады, сондай-ақ жұмыстың одан әрі перспективалық бағыттарын белгіледі.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, Кеңестің мүшелері БҰҰ азаптауға қарсы кіші комитетімен Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігінің қызметін оңтайландыруға бағытталған, оның ішінде заңнамалық тұрғыдан жетілдіру жұмысын талқылады.

Сонымен қатар, жабық мекемелерде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тиімділігін арттыру, халықаралық тәжірибе мен стандарттарды ескере отырып олардың сот төрелігіне қол жеткізу мәселесі, талқыланды.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жабық мекемелерде балалар құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҰАТ қызметі аясында арнайы баяндама дайындау туралы шешім қабылданды.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері соңғы уақытта орын алған мандатпен басқарылатын мекемелерге арнай баруларды талқылады.

Мысал ретінде Жамбыл және Солтүстік-Қазақстан облыстары ҚАЖД мекемелеріне арнайы алдын ала бару нәтижелері қаралды.

Түзеу мекеме қызметкерлері тарапынан қатыгез қарым-қатынас туралы сотталғандар шағымы бойынша Жамбыл облысы ҚАЖД-ның 158/2 мекемесіне ҰАТ мүшелерінің арнайы алдын ала бару барысында сотталғандардың дене жарақаттары айқындалды.

Осы бару нәтижелері бойынша материалдар Бас прокуратураға прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану үшін жіберілді.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының ЕС -164/1 ҚАЖД мекемесінде сотталғандардың мекеме қызметкерлері тарапынан психиологиялық қысым көрсетілетіні туралы шағымдары негізінде арнайы алдын ала бару жүргізілді.

ҰАТ тобының жүргізген мониторингтік іс-шаралары барысында, мекеме әкімшілігінде құқық бұзушылықтар анықталып және оларды жоюға тиісті ұсынымдар әзірленді.

Арнайы барулар бойынша материалдар ҚР Бас прокуратурасына қарау үшін жолданды.

Отырысты қортындылай келе, Үйлестіру кеңесінің төрағасы Асқар Шәкіров ҰАТ Үйлестіру кеңесінің рөлін нығайтудың маңыздылығын, ҰАТ және мемлекеттік органдар арасындағы орталық және жергілікті деңгейлерде сондай-ақ мекеме әкімшіліктерімен өзара іс-қимылды одан әрі арттыру тиімділігінің қажеттілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика