Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бас бостандығынан айыру және шектеу орындарына мониторинг жүргізу саласындағы алдын алу институтының қызме

Версия для печати Версия для печати

17.05.2017 

2017 жылғы 16-17 мамырда Астанада "Азаптауды алдын алу, қазақстандық және халықаралық тәжірибе" атты ұлттық алдын алу тетігінің алғашқы форумы өтті.

Қазақстан Республикасындағы Омбудсмен кеңсесінің ұймдастырылуымен Еуропалық Одақтың, Еуропа Кеңесінің, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының, БҰҰ Даму бағдарламасы, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалары Офисінің, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдігінің және Орталық Азиядағы Penal Reform International (PRI) қолдауымен Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманың (OPCAT) күшіне енгеніне 10-жыл толуына орай ойластырылды.

Форум жұмысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың - Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның өкілдері, сондай-ақ Еуропа және Орталық Азия елдерінің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері мен ҰАТ басшылары, азаматтық қоғам, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу аясында бас бостандығынан айыру және шектеу орындарына мониторинг жүргізу саласындағы азаптауларды алдын алу институтының қызмет етуінің қазақстандық тәжірибесі ұсынылды, ҰАТ қызметін әрі қарай жетілдіру жолдары, соның ішінде оның заңнамалық реттеу мәселелері талқыланды.

Форумның негізгі аспектісі 2016 жылғы Алдын ала болу қорытындылары бойынша Қазақстанның ҰАТ шоғырландырылған баяндамасының тұсаукесері болды.

Құжатта ҰАТ өткен жылғы жұмысы және ҚР Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің жабық мекемелерде адам құқықтарының сақталуымен қалыптасқан ахуалды талдау көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров 2016 жылы ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері Қазақстанның барлық мандатпен басқарылатын мекемелерге 680 алдын ала бару жүзеге асырылды деп хабарлады.

Статистика көрсеткендей, алдын ала болудың саны өткен жылмен салыстырғанда 153-ке артты.

Тұсаукесер аясында азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін алдын алу саласында жұмысты жақсарту бойынша мемлекеттәк органдардың атына жолданған ҰАТ ұсынымдары және оларды орындаудың практикалық аспектілері талқыланды.

ҰАТ қызмет етуінің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам 2016 жылы бірқатар балалар мекемелерін мандатқа қосу арқылы ҰАТ өкілеттігін кеңейту туралы заң жобасының бастамашылығы болды.

Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

Азаптауларды алдын алу бойынша БҰҰ кіші комитетінің және шетел мемлекеттерінің ҰАТ арасындағы консультациялар форматында ұсынылған Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі ҰАТ қызмет етуінің тәжірибесі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның ҰАТ қызметіне жоғары сапасы мен жүйелік сипатын атап өтіп оң баға берді. Бұл ретте ерекше назар ҰАТ Үйлестіру кеңесінің рөлін нығайтудағы маңыздылығына, ҰАТ пен орталық және жергілікті органдардың деңгейіндегі мемлекеттік органдар, сондай-ақ мандатпен басқарылатын мекеме әкiмшiлiгiнiң арасындағы өзара әрекеттесуді одан әрі жетілдіру қажеттілігіне аударылды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі


 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика