Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Мәскеу қ. еңбек мигранттары - Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар барысы туралы

Версия для печати Версия для печати

12.05.2017 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстанның омбудсмені Асқар Шәкіров өз ресейлік әріптесі Татьяна Москальковаға Мәскеу қаласындағы сауда мекемелер желісінің иелері – біздің бұрынғы отандастарымыз Қазақстан Республикасының азаматшасы, аталмыш объектілерінің бірінің жұмыскері Н. Ибрагимованы заңсыз бас бостандығынан айыру, қанау және оған қатысты қатыгез қарым-қатынас туралы арызы бойынша оқиғаға тиімді шараларды қарау және қабылдау көмек көрсету үндеу хатымен жүгінді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Ресей Федерациясының Омбудсменінен Мәскеу қаласында еңбек мигранттары – Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы жауап түсті.

Хатта хабарланғандай, шын мәнінде алдыңғы жылдары құлдық қанаушылықты пайдаланған бірқатар тұлғаларға қатысты уәкілетті органдар бірнеше рет қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімі қабылданған еді(соңғы шешімі 2017 жылғы 15 наурызда қабылданған).

Сонымен қатар, 2017 жылғы 16 наурызда Мәскеу қаласындағы Шығыс әкімшілік округінің Тергеу басқармасы аталған шешімнің күшін жойып, қосымша тексеру жүргізуге бастамашылық қылды.

Қылмыстық-процестік заңнаманың бұзылуы, тексеріс жүргізу ұзақтығы және қылмыстық сот iсiн жүргiзудің қонымды мерзімдері қағидаттарының бұзылуына байланысты Мәскеу қ. прокуратурасы Ресейдің Мәскеу қаласы бойынша ТК БТБ басшылығының атына федералдық заңнаманың бұзушылықтарын жою туралы тиісті талабын енгізді.

Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының азаматшасы Н. Ибрагимованың өтініші бойынша Гольяново ауданы аймағындағы сату нүктесінде оны заңсыз ұстау және қызмет көрсетуіне байланысты, Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі қазіргі уақытта Мәскеудің тергеу органдары процестік тексеріс жүргізіп жатқандығы туралы хабарлайды.

Аталмыш мәселе бойынша Қазақстанның Омбудсмені еліміздің құқық қорғау органдарымен оның бұдан бұрын бастама қылған өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда.

Осылайша, Мәскеу қ. сауда нүктелерінде Қазақстан азаматтарына қатысты күш қолдану фактілері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 2-бөлімі 126-бабы бойынша (заңсыз бас бостандығынан айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғастыруда.

ҚР Бас прокуратурасының ақпараты бойынша қажетті процессуалдық әрекеттерге қатысу үшін полиция қызметкерлері Мәскеуге іс-сапарының жоспары аясында РФ Бас прокуратурасының атына халықаралық тергеу тапсырмасы дайындалды.

Бас прокуратураның мәліметі бойынша Ресей тарапынан тапсырма орындалғаннан кейін қылмыстық істі Ресей Федерациясының құзыретті органдарына одан әрі тергеу үшін жолдау туралы мәселесі қарастырылады.

Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкерлері Мәскеу қаласы бойынша Ресейдің ІІМ ММ Шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына барды, барған сәтте Қазақстан азаматтары болмаған еді. Аралау барысында заңсыз бас бостандығынан айыру, пайдалану және қатыгездік жағдайлары бойынша мәліметтер алу мақсатында сол жерде орналасқан шетелдік азаматтармен сұхбат жүргізілді.

Бүгінгі күні ресейлік Омбудсмен Ресейдің ІІМ бөлімше басшыларымен жұмыс берушілер тарапынан Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегін қанау және еркін жүріп-тұруға берілетін құқығынынан айыру фактілері туралы ақпаратты алған кездегі өзара әрекеттесу туралы уағдаластыққа қол жеткізгені туралы мәлімдеді.

РФ-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз хатында азаматтардың құқықтарын қорғау ісіндегі ынтымақтастықта өз бұлжымастығын білдірді және Мәскеуде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы қадағалау органдарының бақылауында екенін сендірді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика