Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2016 жылғы қызметі туралы ресми есебі ұсынылды.

Версия для печати Версия для печати

04.05.2017 

Бүгін Астана қ. Омбудсменнің 2016 жылғы қызметі туралы есебінің тұсаукесері өтті.

Омбудсмен мекемесі, Астана қ. ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі және БҰҰ Орталық Азия бойынша Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өңірлік өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президенті Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының және басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Асқар Шәкіров азаматтардың шағымдар мен өтініштерін, мониторинг қызметінің нәтижелерін талдау негізінде құрастырылған, Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын іске асыруында шолу ұсынды.

2016 жылы Омбудсменнің қарауына, азаматтардың құқығының бұзылғаны және қысым жасалған арызы бойынша 1304 жазбаша және ауызша өтініш келіп түсті.

Өндіріске қабылданған шағымдардың қарау нәтижелері бойынша әрбір бесінші жағдайда құқықтарын бұзу фактілерін анықтап және істі қалпына келтіргенге дейін жеткізілген. Сонымен қатар, арыздарды қарауда, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өз бетінше алынған және қоғамдық дүрбелеңін тудыратын ақпарат ден қою құралы болды.

Омбудсмен мекемесінің 2016 жылы мониторингтік қызметі сапарлары ең осал санаттағы азаматтар: балалар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарттар орналасқан мекемелеріне баруға айрықша назар аударылды.

2016 жылы Омбудсмен үйлестіруші рөлі және Ұлттық алдын алу тетігі шеңберінде қоса алғанда бүкіл Қазақстан бойынша 700 мекемелерінің мониторингі жүзеге асырылды.

Жүргізу қорытындысы бойынша жасалған ұсыныстар кіші мандатты мекемелерде тұрмыстық жағдайларын жақсартуға оң әсерін тигізді.

Іс-шараға қатысушылар еліміздің Негізгі Заңында Омбудсмен мәртебесі нығайту аясында ұлттық құқық қорғау мекемесін жетілдіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Сондай-ақ, Омбудсмен адам құқықтарын қорғау жүйесіне, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен құрылымды өзара іс-қимыл арқылы қосқан үлесі атап өтілді.

Тұсаукесер барысында құқық қорғау жөніндегі мәселелерге бірқатар бағыттар бойынша пікір алмасу болды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар 2016 жылы Қазақстанда адам құқықтарын іске асыру үшін қолданыстағы тетіктерін тұрақты дамуын қамтамасыз ете алды деп өз пікірлерін білдірді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика