Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Омбудсмен жанындағы Сараптамалық кеңес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады

Версия для печати Версия для печати

26.04.2017 

Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында Омбудсмен институтының қоғам және мемлекеттің серпінді және тұрақты даму арнасында одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Еліміздің Негізгі заңында Омбудсменнің мәртебесін орнықтыру тұрғысында адам құқықтарын қорғау және көтермелеумен айналысатын (Париж қағидалары) ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты принциптеріне толық сәйкес бағытында, Омбудсмен институтының елеулі жылжуына қатысушылар ерекше мән берді.
Сараптамалық кеңестің мүшелері Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі мен нормативтік-құқықтық базасын «ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң нормаларына сәйкес келтірудің негізгі аспектілерін талқылады.

Отырыстың қатысушылары ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінің жылдарында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қалпына келтіру және насихаттаудың тиімді тетігі ретінде мемлекеттің заңды құрылымында маңызды орынға иеленгенін атап өтті. Бұл ретте Омбудсмен қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базасын нығайту адам құқықтары саласындағы халықаралық процесінде толыққанды қатысуға мүмкіндік береді.

Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес мүшелері, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту жөнінде мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстар пакетін әзірледі.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика