Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Астанада Орталық Азия омбудсмендері адам құқықтарын ілгерілетудегі мекемелерінің рөлің талқылады

Версия для печати Версия для печати

20.04.2017 

2017 жылғы 19-20 сәуірде Астанада Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Азиялық-Тынық мұхиттық форумы (АТФ) БҰҰ Даму бағдарламасының өңірлік орталығының, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілдігі мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әріптестігімен Орталық Азия елдерінің омбудсмендері үшін адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері жөнінде практимум өткізді.

Семинардың жұмысына ҚР Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, Президенті Әкімшілігі мен басқа мемлекеттік органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Ауғаныстан, Қырғызстан, Монғолия, Түрікменстан, Өзбекстан өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты омбудсмендердің есеп беру; арыздарды қарау; мониторинг жүргізу; азаматтық қоғамдастықпен, халықаралық ұйымдармен және т.б. өзара әрекеттесу бойынша өз өкілеттіктерін өңірлік консультациялар нысанында іске асыру мәселелерін қарау болып табылады.

Өткен пікірталастар мен жұмыс тәжірибесімен алмасу шеңберінде семинарға қатысушылар қазақстандық Омбудсмен мекемесінің халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалардағы, атап айтқанда, ЮНИСЕФ-пен балалардың құқықтарын қорғау, азаптаулар мен қарым-қатынастың басқа да түрлерін алдын алу, бақылау астындағы объектілерге мониторингті ұйымдастыру саласындағы қызметінің тиімділігін атап өтті.

Жұмыстың қорытындысы бойынша омбудсмендер институттарын Париждік қағидаттар мен адам құқықтарын қорғаудың басқа тетіктеріне сәйкес келтіру жөнінде бірқатар практикалық ұсынымдар әзірленді.

Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өңірлік желілерінің ең ірісі болып келетін АТФ халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру, оқыту, тәжірибені тарату арқылы мүше мемлекеттерде аталмыш мекемелерді дамытуға ықпалдасады, сондай-ақ азиялық континентте адам құқықтары идеясын ілгерілетеді.

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Азиялық-Тынық мұхиттық форумға 2014 жылы мүше болып, қазіргі уақытта аталмыш ұйымның орталық азиялық өңірдегі жалғыз өкілі болып келеді.

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі

уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика