Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Орталық Азиядағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының өкілі

Версия для печати Версия для печати

18.04.2017 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Орталық Азиядағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының өкілі Рышард Комендамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау аясында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады.

Омбудсмен ҚР Негізгі Заңына енгізілген, соның ішінде Омбудсменнің жаңа конституциялық мәртебесі мен оны сайлау тәртібіне қатысты өзгерістер туралы сұхбаттасты.

Ол сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін Конституцияда бекіту оны одан әрі институционалдық дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Аталмыш мәнмәтінде осы саладағы ұлттық құқық қорғау тетіктерін және заңнаманы нығайтудың маңыздылығы атап өтілді, осыған байланысты Р. Коменда АҚЖКБ –ның қажетті көмек беруге дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар тараптар осы жылдың мамыр айында Астанада Еуропалық Одақ, Еуропа Кеңесі, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасы және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен өтетін «ҰАТ: Қазақстанның тәжірибесі» атты бірінші халықаралық форумының ұйымдық мәселелерін талқылады.

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҰҰ негізгі құрылымдардың бірімен көпжылдық өзара қарым-қатынастың тиімділігін атап өтіп, Р. Коменданы осы жылғы 4 мамырда өтетін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2016 жылға арналған жыл сайынғы есебінің ресми тұсаукесеріне шақырды.

АҚЖКБ өкілі Қазақстанда өтіп жатқан түрлендірулерді жоғары бағалады және ұлттық құқық қорғау институтының қызметіне қажетті ықпалдасуды ұсынуға дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша құқық қорғау жобалары аясында өзара қарым-қатынасты нығайтуға ниет білдірілді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика