Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Қазақстанда билік өкілеттіліктерін қайта бөлу шеңберінде маңызды шешімнің бірі болып Омбудсмен мәртебесінің конституциялық деңгейде бекітіліп, оның ҚР Президентінің

Версия для печати Версия для печати

18.04.2017 

Бұл адам құқықтары және бостандықтарының ұлттық жүйесін айтарлықтай нығайтуға және Қазақстан Парламенті рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Осы және басқа да мәселелер туралы тілші Ерлан Игисинов Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровпен сұхбаттасты.

- Жақында елімізде конституциялық реформалар қабылданды. Осыған байланысты, айтыңызшы, еліміздің Негізгі заңында Омбудсменнің мәртебесі қай түрде анықталған? Бұл оның қызметін одан әрі жалғастыруда қалай әсер етеді?

- Омбудсмен туралы ережені еліміздің Негізгі заңында бекіту – бұл тек оның мәртебесін көтеру ғана емес, ең алдымен, мемлекеттегі және қоғамдағы адам құқығы мәселелерінің басымдылығына назар аудару. Ел басымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласында қойылған бәсекеге қабілеттілігін арттыру, прагматизм, бір-біріне толерантты қарым-қатынас және адами капиталды дамыту арқылы мықты және жауапты адамдардан тұратын біртұтас ұлтты құру міндеттері осы басымдылыққа сәйкес келеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа мәртебесі оның қызметін реттейтін заңнамалық базаны одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл Париж принциптеріне сәйкес ұлттық құқық қорғау институттары үшін қабылданған стандарттардың талаптарына жауап береді. Бұл мәселені мен өткен жылы күзде Премьер-министрдің алдында қозғадым, ол белгілі болғандай, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның басшысы болып табылады.

Жоғары аталған Париж принциптеріне сәйкестік Омбудсменге елеулі артықшылықтарды, атап айтқанда, Адам құқықтары жөніндегі кеңесті қоса алғанда, барлық құқық қорғау органдарында дауыс беру құқығы секілді құқық қорғау қызметінің халықаралық құралдарына қол жеткізуді ұсынады.

Конституциялық реформа орындалғаннан кейін мен Еуропа кеңесінің Страсбургтегі штаб-пәтеріне барып, осы ұйымның Хатшылығының, Еуропалық Кеңестің Венециялық комиссиясының және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотының басшыларымен кездесу барысында осы реформаның негізгі ережелері туралы хабарладым. Бұл ақпаратқа оңды пікірлер мен жоғары баға берілді.

Ерекше атап өткен жөн, Омбудсменді сайлау жөніндегі қайта бөлісу Елбасымыздың адам құқықтарын қамтамасыз ету кепілі ретінде рөлін әлсіретпейді, өйткені Сенат Омбудсменді соның ұсынуы бойынша сайлайтын болады.

- Асқар Оразалыұлы айтыңызшы, біздің азаматтарымыз көбінесе қандай мәселелермен арызданады? Біздің азаматтарымыздың арыздарында қандай үрдістер байқалады?

- Жалпы айтқанда, жыл сайын Омбудсменге азаматтардың 1500-ге жуық арыздар түседі, олар негізінде адам өмірінің бүкіл салаларын қозғайды. Осы тізімде көшбасшы үштікті бөлген жөн, олар құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне (30 %), сот шешімдерімен келіспеушілігіне (28 %) және жергілікті билік органдарының сапасыз мемлекеттік қызметтер көрсетуіне (16 %) қатысты шағымдар. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекет ауқымды жүйелі шараларды қабылдайды, олардың әзірлеуіне біздің мекеме белсенді қатысады: бес институттық реформа мен оларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам аясында «ашық үкімет» тетігін құру, қылмыстық сот төрелігін айтарлықтай ырықтандырған 5 кодексті қабылдаған құқықтық реформа өткізу, үш буынды сот жүйесіне көшу, азаптауға және қатыгездік көрсетудің басқа да түрлеріне қарсы ұлттық алдын алу тетігін құру (ҰАТ).

- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде Сіздің қандай құралдарыңыз бар? Біздің азаматтарымыздың құқығын бұзу нәтижесінде қолданылатын қандай да бір ықпал ету тетігін айта аласыз ба?

- Омбудсменнің жұмысындағы негізгі құрал болып құқық бұзушылық істерінің негізінде әзірленген мемлекеттік органдардың атына жасалған хаттар мен ұсыныстар болып табылады. Мысалы, Премьер-министрдің, Жоғарғы Соттың Төрағасының, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының аттарына жіберілген еді. Жалпы, 2016 жылы осы құралдар пенитенциарлық, медициналық-әлеуметтік, балалар, әскери және басқа да салаларды қамтитын, соның ішінде ҰАМ шеңберінде 700-ге аса объектілерге бару нәтижесінде қолданылды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 200-ден астам объектіге бару жүзеге асты. Әрбір болудан кейін қарау нәтижесінде белгілі бір ұсынымдар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

Осымен қатар тікелей бізге түскен арыздар тек біздің көзқараспен ғана баяндалса, бұл көрініс нақты болмас еді. Қарауымыздың объектісі ретінде әдетте өзіміз, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан алған және кең қоғамдық резонансты тудырған ақпарат орын алады. Мәселен, жуырда белен алған жағдай, азаматтардың уақытша тіркелуі бастапқыдан қолданысқа түспестен көптеген наразылық, келеңсіз жағдайларды тудырды.

Омбудсмен мекемесі сол кезде бірінші де жалғыз болып халық арасында шиеленісті басу үшін тұрақсыздық айыппұлдың қолданылуын уақытша тоқтату ұсынысымен Үкіметке үндеу жолдадым. Негізінде бұл шараларды қолдану негізді еді, себебі бұл ауқымды жасырын көші-қон және еңбек табысты жасыру фактілерін жоюды көздеді. Нәтижесінде, өздеріңізге белгілі болғандай, бұл мерзім екі айдан астам уақытқа, яғни 15 наурызға дейін созылды.

Басқа да мысал жалпы қоғамдық келісімінсіз оқу жылының ықтималды ұзартылуы және жазғы демалыстың қысқартылуы туралы аты шулы мәлімдеме Омбудсменнің Білім және ғылым министріне жолдаған ашық хатымен байланысты. Бұл бағыт Мемлекет басшысының қойылған талаптарына сай, жүйелі қадам, жан-жақты талдау және жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар мемлекеттік деңгейдегі шешімдеріне қайшы болып табылады.

Мұндай мысалдар аз емес. Соңғы уақытта Омбудсмен БАҚ-та Жер кодексіне түзетулер енгізумен байланысты рұқсат етілмеген митингтер, жұмыспен қамтылмаған азаматтарды қарулы күштерге шақыру бастамасы, көп балалы отбасыларды үйден шығару, балаларды жағымсыз ақпараттық ортадан қорғау және т.б. бойынша өз ұстанымдарын бұқараға жария етті.

- Сіздің ойыңызша, Омбудсмен мекемесінің қызметіндегі қандай жетістіктерді атап өтуге болады?

- Ең алдымен, Омбудсмен мекемесі мемлекеттік құқықтық жүйеде өзіне тиесілі орында, яғни Ұлттық құқық қорғау институты болып нақтыланды.

Менің көзқарасым бойынша мемлекет пен қоғам, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы медиатор қызметін табысты атқару да фактор болып табылады. Осы орайда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестіруші рөлі жанында жұмыс істейтін жоғарыда аталған ҰАТ айқын дәлел болып табылады. 3 жыл ішінде оның мүшелері барлық елдің жабық мекемелерінде еш кедергісіз мониторинг жүргізді (1688).

Сондай-ақ, халықаралық құқық қорғау ынтымақтастыққа баянды етене араласу мен онда барынша тиімді жұмыс жасауды да маңызды деп санау қажет. Біз Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің (омбудсмендердің) Халықаралық үйлестіру комитетіне мүше болдық және оның желісінің бірі – Азиялық-Тынық мұхиттық форум шеңберінде белсенді жұмыс істейміз. Бұл ретте айтып кететін бір жайт, келесі аптада Астанада АТФ басшылығымен Орталық Азия елдерінің, Ауғанстан және Монғолия омбудсмендерінің қатысуымен өзекті құқық қорғау мәселелері бойынша практимум өтеді.

Халықаралық әріптестермен бірге жасалып жатқан белсенді жұмыстың арқасында біздің ел жекелеген құқық қорғау мәселелерінде реципиент емес, донор болып келеді. Мәселен, отбасыда, мектепте және қалалық ортада балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жасалған жобаның нәтижелері басқа елдерге пайдалану үшін ұсынылған.

- Елімізден тыс жерде тұратын азаматтарымыздың құқықтарын қорғайсыздар ма?

- Әрине, елімізден тыс жерде жүрген қазақстандықтар да біздің тұрақты назарымыздың және қорғауымыздың объектісі болып табылады. Мен екі анағұрлым көрнекті мысал келтіре аламын. Біріншісі АҚШ азаматтары асырап алған отандастарымыздың қазасымен байланысты. Аталмыш қайғылы оқиға маңызды жүйелі проблемаларды анықтады, олар бізді мемлекеттік органдарға, атап айтқанда, Сыртқы істер министрілігі мен Білім және ғылым министрлігіне үндеу салуға мәжбүрлетті. АҚШ азаматтары асырап алған 6609 қазақстандық баланың арасынан 673 бала бойынша заңмен белгіленген асырап алушылар есептері түспегені, ал 237 бала бойынша тіпті мүлдем ақпарат жоқ екені, яғни олар консулдық есепке алынбағаны анықталды. Біздің мәліметіміз бойынша қазіргі таңда тиісті есеп пен бақылау жүргізілуде.

Басқа оғиға біздің бұрынғы отандастарымыздың – қазіргі Ресейдің азаматтарының Мәскеуде заңсыз ұсталып, қанауға түсіп және қатыгез қарым-қатынасқа тап болуына байланысты аты шулы арыздарға қатысты. Біздің мекемеміздің бастамасы бойынша өзара құқықтық көмек көрсету шеңберінде екі елдің құқық қорғау органдары аталған фактілерін зерттеуге кірісті. Сондай-ақ мен өз әріптесіме – Ресей омбудсменіне үндеу салдым, ол қазіргі уақытта істі логикалық соңына дейін жеткізу мақсатымен қажетті ықпалдасу амалдарын жүргізіп жатыр.

- Өз қызметіңізде Сіз басым бағыттарды белгілейсіз бе?

- Біз кез-келген әлеуметтік, саяси, нәсілдік, ұлттық және өзге де белгілеріне байланысты басым бағыттарды белгілемейміз. Омбудсменнің институтының белгіленуі бойынша саясаттантандырылмаған және мұндай үрдіске тартылудың келешегі жоқ.

Сонымен бірге, біздің қоғамның осал топтарының, ең бастысы балалардың, әйелдердің және мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету басым ретінде атауға болады, оларға біз ерекше назар аударамыз.

Қазақстанда балалардың құқықтары мәселелеріне ерекше мағына беріледі: Білім және ғылым министрілігінде жекелеген Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бар, жақында Президенттің шешімімен бала омбудсменінің лауазымы құрылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі жаңа институттың құрылған күнінен бастап мақсаттар мен міндеттері бір екенін ескере отырып, оған жанжақты қолдау көрсетіп, ең алдымен бұдан бұрын басталған жобалар шеңберінде оны бірлескен жұмысқа етене араластырады.

- Балалар үйлерін жаппай жабу тенденцияларына қатысты Омбудсмен ретінде және жеке азамат ретінде Сіздің пікіріңіз қандай?

- Сіз айтарлықтай сезімтал проблеманы қозғадыңыз, ол белгілі бір алаңдатушылықты тудыруда. Шынымен, қазіргі таңда балалар үйлерін жабу мен оларды балаларды отбасыға орналастырудың баламалы нысандарына алмастырудың (патронат мен қамқоршылыққа алу) тұрақты тенденциясы байқалуда.

Мәселен, 2015-2016 жылдары патронаттық тәрбиелеу мен қамқорлыққа 1841 бала берілді және 48 бала үйі жабылды.

Сонымен қатар, осы кезеңде аталған балалардың ішінен 399-ы қайта қайтарылды. Әрбір төртінші дерлік бала екінші реттік жетімдікке тап болды.

Болып жатқанның негізгі себептерінің бірі, біздің пікірімізше, патронаттық ата-аналарда көптеген елдердегідей міндетті түрде қабылданған қажетті дайындықтың болмауы болып табылады.

Өкінішке орай, қалыптасқан жағдайда біз патронаттық ата-ананың уәждемелерінің шынайы бағалай алмаймыз. Бұл әсіресе, өткен аптада Білім және ғылым министрлігі вице-министрінің 40 % жуық ата-ана мектепке дейінгі тәрбиелеу дағдысын иемденбегені, ал 50 % балалардың физиологиялық даму мәселелерін білмейтіні туралы сөздерінен кейін алаңдатып отыр.

Баланы патронаттық тәрбиелеуге алу тәртібі бізде тіптен қарапайым болып келеді, бұл арсыздау естілсе де, кейде бұл ХҚКО-та өзге құжатты алудан жеңіл болып келеді.

Айтып кететін жайт, патронаттық ата-ана ай сайын 35 мыңнан бастап одан да жоғары төлемақы, сондай-ақ 9-10 АЕК (22 мың теңге) мөлшерінде жәрдемақы алады.

- Кейбір адамдар жетім балаларды патронаттық тәрбиелеуге осы себеппен де алады деп айтуға бола ма?

- Мен тура осылай айтып жауапкершілікті өз басыма ала алмаймын, алайда жуырда Мәскеуде патронаттық тәрбиелеушілердің балаларды оларға тиісті төлемақыларын берілмеу себебімен жалпылай қайтаруы оқиғаларымен байланысты жанжал өріс алды. Аталмыш мәселе Жалпы ресейлік балалар омбудсменінің съезінің талқылауына да шығарылды.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты мен Премьер-министрге ашық хат жолдадым, онда қажетті базаны құрмай және бар шынайылықты есепке алмай балалар үйлерін деинституттауды тездету үрдісі қайтпас салдарларға әкелуі мүмкін деген пікірімді білдірдім. Өткен аптада мен Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы Балалар үйіне бардым, ол, менің пікірімізше, халықаралық өлшемдер бойынша да үлгілі болып келеді, оның үлгісі бойынша елдің қалған ұқсас мекемелері бой түзеу қажет. Қазіргі уақытта он жылдық қалыптасқан тәжірибесі, кадрлары, инфрақұрылымы бар мемлекеттік балалар бақылауы қалай болса да, қажетті талаптарға жауап бере алатын жоғарыда ескерілген баламалы нысандарға өтуге дейін жетім балалар үшін анағұрлым сенімді қорғанысы болып табылады.  

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика