Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Мемлекет басшысына 2016 жылғы өз қызметі туралы есепті ұсынды

03.03.2017 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров қолданыстағы заңнамаға сәйкес Президентке 2016 жылғы қызметі туралы есепті ұсынды.

Аталған құжат қаралған азаматтардың шағымдары мен өтініштерін, мониторингтік қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын талдау негізінде жасалған, Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтарын іске асыру жағдайына шолу болып табылады.

Бұл құжат ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелері, адам құқықтарын қамтамасыз ету саласында өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Мемлекет басшысының қарау қорытындысы бойынша қажетті іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының

баспасөз қызметі

 




 
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style-NT», 2006