Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Омбудсмен А. Шәкіров және ДИАҚБ/ЕҚЫҰ дін және наным бостандығы жөніндегі делегация адамның діни сенім бостандығына берілетін құқықтарды талқылады

Версия для печати Версия для печати

28.02.2017 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының дін бостандығы жөніндегі бағдарламаның басшысы Кишан Маночамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар адамның діни сенім бостандығына берілетін құқықтар, діни ұйымдар қызметі, аталмыш саладағы халықаралық ынтымақтастық аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Омбудсмен халықаралық сарапшыларды Қазақстандағы діни саладағы заңнамалық және құқық қолдану практикасы, сондай-ақ азаматтардың ар-намыс бостандығына берілген құқықтарды қорғау тетіктері туралы жан-жақты ақпараттандырды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары дін және наным бостандығы мәселелері бойынша халықаралық стандарттарды ілгерілету тәжірибесімен бөлісті. Аталмыш мәнмәтінде Қазақстанда аталған стандарттарды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар адамның діни сенімге берілген құқықтарды іске асыру және талқыланған мәселелер бойынша консультациялар жүргізу саласында алдағы уақытта өзара іс-әрекеттесу қажеттігі туралы жалпы пікір білдірді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика