Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Жаңалықтар

Омбудсмен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының өңірлік өкілімен кездесті

Версия для печати Версия для печати

31.01.2017 

Бүгін Астанада ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Орталық Азиядағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Өңірлік өкілі Рышард Комендамен кездесті.

Кездесу барысында ұлттық құқық қорғау мекемесінің институттық дамуы, осы саладағы заңнаманы жетілдіру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Омбудсмен адам құқықтары мен бостандықтарын ілгерітуде оңтайлы нәтижелер мен тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін БҰҰ басты құрылымдарының бірімен көпжылды тиімді өзара қарым-қатынастарын атап өтті. Бірлескен бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыру құқық қорғау қызметінің қазақстандық тәжірибесін, Қазақстанда да, одан тыс та оның жетістіктерін көрсету мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, Р. Коменда мырза Омбудсмен мекемесінің адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттік тетіктегі ролін бағалай отыра, қазақстандық ұлттық құқық қорғау институты қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы медиатор орнында нық бекінгені туралы айтты.

Тараптар ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы басым бағыттары мен перспективалары туралы, атап айтқанда Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Азиялық-Тынық мұхиттық форумы мен басқа да бірлескен жобалар шеңберіндегі ынтымақтастығы туралы ой-пікірлермен алмасты.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

 




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика